Қазақстан - Қысқы Азия ойындарын қабылдаған төртінші мемлекет. Бұған дейін төртжылдықтың ең ірі форумы Қытай, Жапония, Оңтүстік Кореядан алыстаған емес. Екіншіден, Ақ Азиада ойындары тұңғыш рет екі қалада өткізілді. Тағы бір ерекшелігі, Қазақстандағы ойындардан бастап, Азиаданың меншікті алау оты пайда болды.
Спорттың 11 түрін қамтыған Азиада ойындарының телекөрсетілімін 500 миллион көрермен тамашалады
VII Қысқы Азия ойындарының нәтижесі бойынша 32 алтын, 21 күміс және 17 қоламен - барлығы 70 медаль жинаған Қазақстан Азиада тарихының жаңа бетін жазды. Екінші орынға 13 алтын, 24 күміс және 17 қоламен Жапония табан тіресе, Корея спортшылары 13 алтын, 12 күміс және 13 қоламен үздіктер үштігін түйіндеді. Жалпы, Азиадаға қатысқан 24 елдің тек сегізі ғана медальға ілікті.