Елімізде автожолдардың жалпы ұзындығы - 96 мың шақырым. Оның ішінде 25 мың шақырымы — республикалық маңызы бар күре жолдар, ал 71 мың шақырымы — жергілікті жолдар. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметінше, 2021-2025 жылдар аралығында автожол саласында республикалық маңызы бар 12 мың шақырым автожол салынып, реконструкцияланады.
Ал, 2020 жылға дейін республикалық маңызы бар 13 мың шақырым автожол қайта жаңартылды. Биыл республикалық жолдардың 4,7 мың шақырымында жол-құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр. 3,6 мың шақырым автожол салынып, қайта жаңартылылуда.
Жыл қорытындысы бойынша, 2,2 мың шақырым автожолды пайдалануға беру, 1,2 мың шақырым жолды ашу жоспарланған. Қазіргі таңда 1,1 мың шақырым жолда орташа және күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
