2 млн 250 мыңнан астам азамат карантин кезінде табысын жоғалтқаны үшін біржолғы төлем алды
10 тамыз сағат 09.00-дегі жағдай бойынша ағымдағы жылғы шілдеде шектеу шараларын енгізуге байланысты табысынан айырылған жағдайда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі – МӘСҚ) біржолғы төлем тағайындауға азаматтардан 2 млн 508 мың бірегей өтініш қабылданды, төлем мөлшері ең төменгі жалақыға – 42 500 теңгеге тең. Төлемді 2 млн 257,3 мың қазақстандық алды, оның ішінде 2 млн 241,6 мың адам тамыз айында карантиннің ұзартылуына байланысты 0,5 ЕТЖ – 21 250 мың теңге мөлшерінде қосымша ақы алды. Осы бағыттағы жұмыс жалғасуда, деп хабарлады Еңбекмин баспасөз қызметі.
10 Тамыз, 2020 14:29