Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді
Бұған дейін мемлекет басшысы жыл соңына дейін ғылым саласында орын алған мәселелерді шешу үшін «Ғылым туралы» заңнамаға өзгерістер енгізуді тапсырған болатын. Атап айтсақ, ғалымдардың жалақысын базалық қаржыландыруға қосу, іргелі зерттеулермен айналысатын ғылыми институттарды тікелей қаржыландыру тетігін енгізу, ғылыми зерттеулерді қаржыландыру мерзімін бес жылға дейін ұзарту, Ұлттық ғылыми кеңестер шешімдері бойынша апелляция институтын құру. Осы орайда, бүгін Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Фейсбук парақшасында президент тапсырмасының қалай орындалып жатқаны жөнінде жазба жариялады, деп хабарлады Strategy2050.kz.
11 Қараша, 2021 10:55