Мемлекет басшысы «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» заңына қол қойды
Мемлекет басшысы бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам – Ұлт жоспарын іске асыруға бағытталған, мемлекеттік аудитпен және қаржылық бақылаумен байланысты қатынастарды реттейтін, сондай-ақ мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының өкілеттіктері мен қызметін ұйымдастыруды айқындайтын «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы «Қазақстан Республикасының заңына қол қойды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
13 Қараша, 2015 12:39