2020 жылға дейін өңірлерді дамыту бағдарламасы аясында 4200-ден астам отбасы баспаналы болды - «Бәйтерек»
2015 жылдың қарашасындағы жағдай бойынша Астана, Алматы, Шымкент, Ақтөбе, Тараз, Қарағанды, Қостанай, Семей, Талдықорған, Павлодар, Көкшетау және Ақтау қалаларында барлығы 4229 пәтер пайдаланылуға берілді. Тұрғын үйлер 2020 жылға дейін өңірлерді дамыту бағдарламасы аясында халық игілігіне берілді, жалпы аталмыш бағдарламада жалға берілетін баспаналарға басымдық берілген, делінген «Бәйтерек» ұлттық басқару холдингі» АҚ-ның «Strategy2050.kz» АА үшін хабарламасында.
20 Қараша, 2015 09:31