Сенат депутаттары «Қазпошта» АҚ-ның жұмысымен танысты (ФОТО)
«Өңір» депутаттық тобының мүшелері көшпелі отырыс барысында «Қазпошта» АҚ-ның жұмысымен танысты. Ахуалдық орталықта болған кезде «Қазпошта» тұтынушыларымен жұмыстар, аймақтарды дамыту жөніндегі заңнаманың жағдайы, ауылдық жерлерде пошта қызметін көрсетудегі өзекті мәселелер мен келешегі туралы кәсіпорын басшылығымен әңгіме өрістеді, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.
3 Желтоқсан, 2015 17:03