БАӘ – Қазақстан: сенімді серіктестер
Наурыз мерекесінде ел демалысқа шығып, мерекелік шаралар ұйымдастырып жатқанда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев екі елге сапарлап қайтты. Бірі көршіміз – Өзбекстан, екіншісі – Біріккен Араб Әмірліктері. Өзбекстан Президентімен сол сапардан 3-4 күн бұрын ғана, Орталық Азия елдері басшыларының Астанадағы Консультативтік кездесуі аясында кездесті. Кейін, жеке және кеңейтілген құрамда кездесулер өтіп, екі ел арасында бірқатар келісімдерге қол қойылғаны мәлім. Ал Араб Әмірліктерімен Қазақстанның қарым-қатынасы тек дипломатиялық ресми кездесулерге ғана негізделген десек қателесеміз. Өйткені, БАӘ Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бері Қазақстанмен саяси, сауда-экономикалық жағынан тығыз байланыс орнатқан ел. Екі ел арасында ірі бірлескен жобалар да қолға алынған. Ал енді Елбасының осы сапары не берді? Егер Өзбекстанмен арадағы байланысымыз соңғы деректерге сүйенсек, 2 млрд АҚШ доллары көлемінде болса, БАӘ-мен әзірге 600 млн АҚШ долларынан сәл ғана асады екен. Ал бұл сапардың саяси һәм экономикалық берері не?
27 Наурыз, 2018 15:27