Қандай ауыл мектептері мен ауруханалары сапалы интернетке қосылады
Ауыл мектептері мен ауруханалары жоғары жылдамдықты интернетке біртіндеп қосылып жатыр. Жаңа оқу жылында еліміздегі 250-ден астам ауыл мектебі мен 200-ге жуық аурухана жоғары жылдамдықты интернетке қосылады. Мұндай мәліметті ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі берді. 2022 жылға дейін Қазақстанда цифрландыру саласын дамытуға арналған «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы ауыл-аймақты кең жолақты интернетпен қамтамасыз ету, Қазақстанның транзиттік әлеуетін арттыру, көлік және логистика, денсаулық сақтау, білім беру, ауыл шаруашылығы және электронды сауда салаларына цифрлы технологияны ендіру, мемлекеттік органдар жұмысының сапасын арттыру және IT-мамандарды даярлау бағыттарын қамтиды.
26 Тамыз, 2019 17:22