Ақтауда кеме жасайтын зауыт жобасы таныстырылды
Ақтау қаласында Маңғыстау облысы әкімі Алик Айдарбековтың төрағалығымен «Құрлық ауылындағы кеме жасайтын және кеме жөндейтін зауыт» жобасының таныстырылымы өтті. Оған «ҚазМұнайГаз» АҚ, «ҚазМұнайГаздың салынып жатқан кәсіпкерліктерінің дирекциясы» ЖШС мен итальяндық «Эни С.п.А» компаниясы өкілдері қатысты, деп хабарлайды облыс әкімдігі.
22 Шілде, 2014 15:29