• usd +1.97%
    433.78
  • eur +4.92%
    493.08
  • rub +0.13%
    5.83
  • gbp +6.70%
    591.03
  • cny +0.30%
    68.15

рд

Тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеудің экологиялық, экономикалық тиімділігі

Тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеудің экологиялық, экономикалық тиімділігі

Тұрмыстық қалдықтарды игеру – Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2013 жылы мәлімдеген "жасыл" экономикаға көшу концепциясындағы басты тармақтардың бірі. Осы мақсатта Қазақстан 2030 жылға дейін қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу үлесін 40 пайызға жеткізуді көздеп отыр. Мамандардың сөзінше еліміздегі тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеп, 60 миллиард теңге көлемінде пайда табуға болады. Алайда олардың көбі қазіргі таңда полигонға көміліп жатыр. Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі 3,5 мыңнан астам полигонның ешқайсы (Нұр-Сұлтан қаласынан басқасы) санитарлық-экологиялық нормаларға сай келмей отыр, деген мәлімет келтірген еді. Дегенмен еліміз бойынша тұрмыстық қалдықтарды сұрыптап, қайта өңдейтін жүзден астам кәсіпорын жұмыс істеп жатыр.

14 Тамыз, 2019 13:46