- Басты
- Жаңалықтар
- Тіл саясатын дамыту: 2020-2025 жылдары не өзгермек
Тіл саясатын дамыту: 2020-2025 жылдары не өзгермек

Бағдарламаның мақсаты - қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі толыққанды қызметін қамтамасыз ете отырып, латын графикалы әліпби негізінде қазақ тілін жаңғыртуға, тіл мәдениетін одан әрі арттыруға және тілдік капиталды дамытуға бағытталған үйлесімді тіл саясатын жүргізу.
Бағдарламаның міндеттері:
1. Латын графикалы әліпби негізінде қазақ тілін жаңғырту
1.1 Латын графикалы әліпби негізінде қазақ тілін ортологиялық кодтау.
1.2 Латын графикалы әліпби негізінде қазақ тілінің салалық терминдер жүйесін жетілдіру, біріздендіру және кодтау.
1.3 Ономастикалық кеңістікті латын графикалы әліпби негізінде реттеу және стандарттау.
1.4 "Қазақ тілінің ұлттық корпусы" жобасын іске асыру.
2. Мемлекеттік тілдің этносаралық қатынас тілі ретіндегі рөлін күшейту
2.1 Білім беру саласындағы қазақ тілінің функцияларын кеңейту және оны қолдану мәдениетін арттыру.
2.2 Мемлекеттік және мемлекеттік емес сектор ұйымдарында қазақ тілін меңгеру деңгейін арттыру.
2.3 Ақпараттандыру және коммуникация саласындағы қазақ тілінің қолданылуын жетілдіру.
2.4 Мәдениет, халыққа қызмет көрсету, БАҚ және бизнес саласында мемлекеттік тілдің қолданылуын реттеу, әлеуметтік беделін арттыру.
2.5 Халықаралық коммуникацияда қазақ тілінің қолданылуын кеңейту.
3. Қазақстан азаматтарының тілдік капиталын дамыту
3.1 Орыс тілінің коммуникативтік-тілдік кеңістікте қолданылуы.
3.2 Этностық топтардың тілдерін дамыту. 3.3 Қазақстандықтардың лингвистикалық капиталын арттыру.
Нысаналы индикаторлары:
1) латын графикалы әліпбиді пайдаланатын жазбаша коммуникацияға қатысушылар үлесі: 2022 жылы – 10 %, 2023 жылы – 20 %, 2024 жылы – 30%, 2025 жылы – 50 %;
2) мемлекеттік тілді меңгерген халықтың үлесі: 2020 жылы – 90,5 %, 2021 жылы – 91 %, 2022 жылы – 92 %, 2023 жылы – 93 %, 2024 жылы – 94 %, 2025 жылы – 95 %;
3) мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдарындағы қазақтілді контенттің үлесі: 2020 жылы – 74 %, 2021 жылы – 75 %, 2022 жылы – 76 %, 2023 жылы – 77 %, 2024 жылы – 78 %, 2025 жылы – 79 %;
4) үш тілді (қазақ, орыс және ағылшын) меңгерген халықтың үлесі: 2020 жылы – 26%, 2021 жылы – 27%, 2022 жылы – 28%, 2023 жылы – 29%, 2024 жылы – 30%, 2025 жылы – 31%.
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды
-
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері
-
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі
-
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс
-
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді
-
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады
-
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары
-
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты
-
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы
-
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы
-
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек
-
Pfizer: «Препараттың қауіпсіздігіне алаңдауға не күмәндануға негіз жоқ»
-
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция
-
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды
-
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру

