- Басты
- Ұлттық экспорттық стратегия
Ұлттық экспорттық стратегия

Мақсаты - шикізаттық емес экспорт көлемін 2022 жылға қарай 1,5 есе ұлғайту үшін жағдай жасау, сондай-ақ тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді өткізу және экспорттау нарықтарын әртараптандыру.
Нысаналы индикаторлар:
1) Қазақстан Республикасының шикізат емес тауарлары мен көрсетілетін қызметтер экспортының көлемі 2022 жылға қарай 31,8 млрд.АҚШ долларына дейін жетеді.
2) Экспорт көлемі $10 млн асатын шикізат емес тауар позицияларының мүдделігі басым елдерге экспортының өсімі өткен жылға қарағанда, 2022 жылы 8,0%-ға дейін жетеді.
3) Экспорт көлемі $10 млн асатын шикізат емес тауар позицияларының мүдделігі жоғары елдерге экспортының өсімі өткен жылға қарағанда, 2022 жылы 7,7 %-ға дейін жетеді.
Міндеттер:
1) Экспорттаушыларды қолдаудың институционалдық негіздерін күшейту.
2) Экспорттаушылар үшін қаржылай және қаржылай емес қолдау шараларын көрсету.
3) Экспорттың дамуына кедергі келтіретін тосқауылдарды жою.
4) Көрсетілетін қызметтер экспортын дамыту жағдайларын жақсарту.
2018–2022 жылдарға арналған "Қазақстан Республикасының ұлттық экспорттық стратегиясы" бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) "Қазақстан-2050" стратегиясына сәйкес шикізат емес экспорттың 2025 жылға қарай екі есе және 2040 жылға қарай үш есе өсуі үшін жағдай жасауды қамтамасыз ету бойынша бірыңғай және біртұтас саясат қалыптастыруға бағытталған.
Бағдарлама перспективалы экспорттық себетті және басым сату нарықтарын айқындайды, қазақстандық экспортты ілгерілету бойынша нақты шаралар кешенін және оның іске асырылу тиімділігін бақылау үшін өлшенетін нысаналы индикаторлар жүйесін қамтиды.
Бағдарлама экспорттаушылардың қызметіне байланысты жедел, сол сияқты ұзақ мерзімді мәселелерді де шешу жылдамдығы мен тиімділігін арттыратын қажетті институционалдық құрылымды қалыптастыруға бағытталған.
-
Жердің шетелдіктерге сатылмауы мен жалға да берілмеуі – халық күтіп отырған ең басты мәселе. Сарапшылар пікірі
-
Ауыт Мұқибек: Жер дауына қойылған нүкте – қазақ тарихына алтын әріппен жазылған шешім
-
Расул Жұмалы: Ұлттық сенім кеңесі 1,5 жылда реформа жасайтын күшке айналды
-
Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі: Мемлекет басшысы көтерген өзекті мәселелер мен жаңа ұсыныстар
-
2021 жыл - «Балалардың кітап оқуын қолдау» жылы: атқарылатын жұмыстар
-
«Ел үміті» жалпыұлттық бастамасы аясында жүзеге асып жатқан жобалар
-
Адам құқықтары – жаһандық және ұлттық басымдық
-
Әлемдегі эпиджағдай: Румыниядағы өрттен 10 адам қайтыс болды, ал Австрия екінші рет ұлттық локдаун енгізді
-
Теңгенің құнсыздануы күтіле ме
-
Қазақстандық кәсіпкерлер Президент қолдауына ие - А. Мырзахметов
-
Пандемия кезінде ҚазҰМУ 150 мыңға жуық медициналық қызмет көрсетті – ректор
-
«Жұмсақ күш» саясаты: ұлттық қауіпсіздік пен мүмкіндіктер
-
Тоқаев: Ұлттық сенім кеңесі бір жылда маңыздылығын көрсете алды
-
Биыл теңгенің құны 450-ден көтерілмеуі тиіс - сарапшы
-
Отбасы күні: Ақпарат министрі мен қоғам белсенділері ұлттық тәрбие туралы сөйлесті

