Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған бағдарламасы

15 Ақпан, 2021 18:08

Бағдарламаның мақсаты - сапалы және қолжетімді денсаулық сақтауды қамтамасыз ету 

Міндеттері: 

Халықтың саламатты өмір салтын ұстануын қалыптастыру және қоғамдық денсаулық қызметін дамыту; 

медициналық көмектің сапасын арттыру; 

денсаулық сақтау жүйесін орнықты дамыту 

Нысаналы индикаторлары:                         

2025 жылы:

- азаматтардың күтілетін өмір сүру ұзақтығының 75 жасқа дейін өсуі; 

- жүрек-тамыр, онкологиялық, созылмалы респираторлық аурулар мен диабеттен 30-70 жас аралығында мезгілсіз қаза болу қаупінің деңгейін 15,43 %-ға дейін төмендету; 

- аналар өлімін 100 мың тірі туғанға шаққанда 14,5-ке дейін төмендету (құпия аудит деректері бойынша); 

- нәрестелер өлімін 1000 тірі туғандарға шаққанда 8,3-ке дейін төмендету (құпия аудит деректері бойынша).

Барлық жаңалықтар