• Басты
  • Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың

Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың

4 Қыркүйек, 2019 21:13

Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың


Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы – Қазақстанда өмір сүретін барлық этностардың тілдерін сақтап, ұлттық бірлікті нығайтуда мемлекеттік тілдің маңызды фактор екендігін қамтамасыз ететін үйлесімді тіл саясатын енгізуді қарастырады.


Нысаналы индикаторлар:

  • мемлекеттiк тiлдi меңгерген ересек тұрғындардың үлесi («Қазтест» бағдарламасы бойынша қазақ тiлiн бiлу деңгейiн бағалау жүйесi бойынша емтихан тапсырудың нәтижесi бойынша Қазақстан Республикасы азаматтары 2014 жылға қарай - 20%, 2017 жылға қарай - 80%, 2020 жылға қарай - 95%);
  • мемлекеттiк тiлдi В1 деңгейiнде меңгерген мектеп түлектерiнiң үлесi (2017 жылға қарай - 70%, 2020 жылға қарай - 100%);
  • мемлекеттiк бұқаралық ақпарат құралдарындағы қазақ тiлiндегi контенттiң үлесi (2014 жылға қарай - 53%, 2017 жылға қарай - 60%, 2020 жылға қарай - 70%);
  • тұрғындардың ономастикалық комиссиялардың жұмысындағы шешiм қабылдау процесiн талқылау кезiнде қоғамдық қолжетiмдiлiк пен ашықтық  қағидаттарының сақталуына қанағаттанушылық дәрежесi (2014 жылға қарай - 60%, 2017 жылға қарай - 75%, 2020 жылға қарай - 90%);
  • қазақ тiлiнiң реттелген терминологиялық қорының үлесi (2014 жылға қарай - 20%, 2017 жылға қарай - 60%, 2020 жылға қарай - 100%);
  • республикадағы орыс тiлiн меңгерген ересек тұрғындардың үлесi (2020 жылға қарай - 90%);
  • ұлттық-мәдени бiрлестiктер жанындағы ана тiлдерiн оқытатын курстармен қамтылған этностардың үлесi (2014 жылға қарай - 60%, 2017 жылға қарай - 80%, 2020 жылға қарай - 90%);
  • республикадағы ағылшын тiлiн меңгерген тұрғындардың үлесi (2014 жылға қарай - 10%, 2017 жылға қарай - 15%, 2020 жылға қарай - 20%);
  • үш тiлдi (мемлекеттiк, орыс және ағылшын) меңгерген тұрғындардың үлесi (2014 жылға қарай - 10%, 2017 жылға қарай - 12%, 2020 жылға қарай - 15%).
Барлық жаңалықтар