- Басты
- Агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған міндеттері
Агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған міндеттері

Мақсаты - Мемлекет басшысының 2018 жылғы 10 қаңтардағы "Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру үшін АӨК-дегі еңбек өнімділігін және өңделген ауыл шаруашылығы өнімін 5 жыл ішінде 2017 жылмен салыстырғанда кемінде 2,5 есе ұлғайту.
Еңбек өнімділігін ауыл шаруашылығында жұмыс істейтін 1 адамға 2015 жылғы 1,2 млн. теңгеден 2021 жылға қарай 3,7 млн. теңгеге дейін, сондай-ақ өңделген өнім экспортын 2015 жылғы 945,1 млн. АҚШ долларынан 2021 жылы 2 400 млн. АҚШ долларына дейін ұлғайту жолымен АӨК саласының бәсекеге қабілеттілігін арттыру.
Міндеттері:
1) Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
2) АӨК субъектілері үшін қаржыландырудың қолжетімділігін арттыру және АӨК субъектілеріне салық салудың оңтайлы режимдерін қамтамасыз ету;
3) Жер ресурстарын пайдалану тиімділігін арттыру;
4) Су ресурстарын пайдалану тиімділігін арттыру;
5) Өткізу нарықтарының қолжетімділігін және экспортты дамытуды қамтамасыз ету;
6) Аграрлық ғылымды, технологиялар трансфертін және АӨК субъектілері құзыретінің деңгейін дамытуды қамтамасыз ету;
7) АӨК-дегі өндірісті техникалық жарақтау және қарқындату деңгейін арттыру;
8) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру және АӨК-ге цифрлық технологияларды енгізуді қамтамасыз ету;
9) Ауылдық жерлерде тұратын халықтың өмір сүру жағдайына қанағаттануы деңгейін арттыру.
Нысаналы индикаторлары:
2021 жылы мынадай көрсеткіштерге қол жеткізу:
1) 2015 жылғы деңгеймен салыстырғанда ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігі индексі (2017 жылы – 112 %, 2018 жылы – 118 %, 2019 жылы – 196 %, 2020 жылы – 228 %, 2021 жылы – 267 %);
2) 2015 жылғы деңгеймен салыстырғанда жалпы ауыл шаруашылығы өнімінің (көрсетілетін қызметтерінің) нақты көлем индексі (2017 жылы – 108 %, 2018 жылы – 113 %, 2019 жылы – 154,2 %, 2020 жылы – 170,5 %, 2021 жылы – 190,2 %);
3) 2015 жылғы деңгеймен салыстырғанда ауыл шаруашылығындағы негізгі капиталға салынған инвестициялардың нақты көлем индексі (2017 жылы – 159 %, 2018 жылы – 185 %, 2019 жылы – 304 %, 2020 жылы – 395,3 %, 2021 жылы – 516 %);
4) 2015 жылғы деңгеймен салыстырғанда тамақ өнімдері өндірісіндегі негізгі капиталға салынған инвестициялардың нақты көлем индексі (2017 жылы – 102 %, 2018 жылы – 122 %, 2019 жылы – 185,2 %, 2020 жылы – 204,5 %, 2021 жылы – 221,9 %);
5) азық-түлік тауарлары импортының көлемі (2017 жылы – 2 466 млн. АҚШ доллары, 2018 жылы – 2 377 млн. АҚШ доллары, 2019 жылы – 2 288 млн. АҚШ доллары, 2020 жылы – 2 196 млн. АҚШ доллары, 2021 жылы – 2 105 млн. АҚШ доллары);
6) өнеркәсіпте қайталама және айналымды сумен жабдықтау жүйелеріндегі су көлемі: қайталама (2017 жылы – 0,7 км3, 2018 жылы – 0,71 км3, 2019 жылы – 0,73 км3, 2020 жылы – 0,75 км3, 2021 жылы – 0,77 км3); айналымды (2017 жылы – 7,33 км3, 2018 жылы – 7,38 км3, 2019 жылы – 7,46 км3, 2020 жылы – 7,54 км3, 2021 жылы – 7,62 км3);
7) өңделген ауыл шаруашылығы өнімдері экспортының көлемі (2017 жылы – 1 081,0 млн. АҚШ доллары, 2018 жылы – 1 150,0 млн. АҚШ доллары, 2019 жылы – 1 270,0 млн. АҚШ доллары, 2020 жылы – 1 650,0 млн. АҚШ доллары, 2021 жылы – 2 400,0 млн. АҚШ доллары);
8) суаруға арналған су шығысы (2017 жылы – 8 608 текше м/га, 2018 жылы – 8 223 текше м/га, 2019 жылы – 7 873 текше м/га, 2020 жылы – 7 548 текше м/га, 2021 жылы – 7 348 текше м/га).
-
ҚР 2021-2025 жылдарға арналған сауданы дамытудың мемлекеттік бағдарламасы қалай жүзеге асады
-
Қазақстандағы эпидахуал: ауру жұқтырғандар көрсеткіші, вакцинациялау науқаны, бизнеске арналған мобильді қосымша
-
Діни басқарма спорт кешенін салып, пайдалануға берді
-
Президент соңғы жылдардың тенденцияларына арналған басымдықтарды көрсетті - сарапшы
-
Сайлау комиссиясының мүшелеріне арналған сабақтар қорытындыланды
-
Қазақстанда балық шаруашылығын дамытудың 2030 жылға дейінгі жоспары жасалды
-
Қазақстанның әскери ғылымы: іс жүзінде қолдануға арналған бағыт
-
Медициналық бұйымдарды стерильдеуге арналған радиациялық технология қауіпті ме?
-
Балаларға арналған демалыс және бейімдеу орталықтарын ұйымдастыру бойынша жобалар акселерациядан өтті
-
Қазақстанда Мұнай-газ машинасын жасауды дамытудың халықаралық орталығы құрылады
-
Экология проблемаларын шешуге арналған үздік идея авторлары марапатталды
-
Қазақстанда балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт секциялары ашылады
-
2021-2025 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы, республикалық бюджет бөлінісі
-
2020 жылға арналған республикалық бюджетті нақтылау туралы заң жобасы ұсынылды
-
Жас аналарға арналған отандық «SuperMoms club» жобасы әлемдік нарыққа шықпақ

