• Басты
  • Ақпараттық Қазақстан 2020 бағдарламасы
4 Қыркүйек, 2019 21:08

Ақпараттық Қазақстан 2020 бағдарламасы

Ақпараттық Қазақстан  2020 бағдарламасы

«Ақпараттық Қазақстан – 2020» бағдарламасы ақпараттық қоғамға өтуге жағдай туғызуға бағытталған. Ол мемлекеттік басқаруды жетілдіру, ашық және «мобильді билікті» құру, ақпараттық инфрақұрылымның қолжетімділігін дамыту сынды тапсырмаларды шешу жолдарынан тұрады.

Нысаналы индикаторлар:

•    Қазақстан 2020 жылға дейін Дүниежүзілік Банктің «Doing Business» рейтингінде алғашқы 35 мемлекеттің тізіміне енуі қажет;
•    «Электрондық үкімет» индексінде ( БҰҰ-ның әдістемесі бойынша) 2020 жылға дейін алғашқы 25 мемлекеттің тізіміне енуі қажет;
•    Қазақстан Республикасының үй шаруашылықтарының ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының қолжетімділігі - 100%;
•    Интернет желісін қолданушылар саны 2020 жылы - 75 %;
•    Қазақстан халқын эфирлік цифрлық телерадиохабарларды таратумен қамту – 95%;
•    елдің ЖІӨ-гі АКТ үлесі  – 4%;
•    Денсаулық сақтаудың бірыңғай желісіне қосылған денсаулық сақтау ұйымдарының үлесі – 100%;
•    Бірыңғай ұлттық ғылыми-білім беру желісіне қосылған ғылыми-білім беру мекемелерінің үлесі – 100%;
•    Компьютерлік сауаттылық деңгейі - 80 %;
•    Қазақстанда тіркелген БАҚ-тың жалпы санындағы электрондық БАҚ-тың үлесі – 100%.
•    Электрондық түрде төленетін тауарлар мен қызметтердің жалпы айналымындағы қазақстандық интернет-дүкендердің айналым үлесі – 40%.
•    Электрондық түрде ұсынылатын мемлекеттік қызметтердің үлесі - 50%.

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды