Жоба жайында
Strategy2050.kz ақпарат агенттігі 2013 жылы құрылды. Сараптамалық-шолу порталында «Қазақстан-2050» Стратегиясы» президенттік бағдарламасының жүзеге асырылуы бойынша күн сайын қазақ, орыс және ағылшын тілінде материалдар жарияланады. Сайтта «Қазақстан-2050» Стратегиясы» әлемнің 21 тіліне аударылып жүктелген және интерактивті нұсқасы да жұмыс істейді. Тілшілер Қазақстан мен Орталық Азияның әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси өмірі туралы шолу материалдарын әзірлейді. Үш нұсқаның мақалалары бір-бірін қайталамайды. Яғни, үш тілде бірегей материалдар жарыққа шығады.
Сондай-ақ, порталда өзекті тақырыптар бойынша сарапшылардың пікірі, сұхбаттар мен инфографикалар, сараптамалық материалдар жарық көреді.
Агенттік «Қазақстан-2050» Стратегиясы» бағдарламасын жүзеге асыруға қатысты мұрағатқа бай. Порталда стратегиялық бағдарламаның әр бөлімін нақтылап түсіндіретін терминологиялық анықтамалық пен елдің интерактивті хроникасы бар. Ал «Интерактивті карта» республиканың маңызды нысандарымен таныстырады. Сондай-ақ, сайтта ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбектері мен министрліктердің ресми сайттары және ел әкімдіктерінің тізімдемесі бар.
Strategy2050.kz АА-ң тақырыптық бағыты:
«Қазақстан-2050» Стратегиясы, ҚР Президентінің жыл сайынғы Жолдаулары, «100 нақты қадам», «Цифрлық Қазақстан», «Рухани жаңғыру» және т.б.
Strategy2050.kz АА бас редакторы:
Жандыбаев Кайрат
Strategy2050.kz АА-ң басты айдарлары:
Басқарма, Энергетика, Ғылымды қажет ететін экономика, Экология, Адами капитал, Урбанизация,Халықаралық интеграция.
Жетістіктер: Strategy2050.kz ақпарат агенттігі 2013 жылы AWARD.kz интернет премиясының дипломанты атанды. 2013 жылы «Билік органдары және өзін-өзі басқару» номинациясы бойынша екінші орынды иеленді. 2014 жылы AWARD.kz интернет премиясының дипломанты. 2014 жылы Strategy2050.kz АА «Билік органдары және өзін-өзі басқару» номинациясы бойынша бірінші орынға және «Үздік екітілді сайт» номинациясы бойынша екінші орынға ие болды.
Меншік иесі: «ҚазАқпарат» ХАА» акционерлік қоғамы.
Ақпараттық агенттік тіркелді: 06.12.2013 ж.
Тіркеу туралы куәлігі: № 14012-ИА
E-mail: kazstrategy2050@gmail.com
Байланыс телефоны: +7 (7172) 95-40-50
Мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, 020000, Нұр-Султан қ.,Ақмешіт 3, БЦ «Park Line».
ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді
Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту
Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді
Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады
Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады
Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс
15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі
Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі
Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі
ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды