• Басты
  • Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстанда тіркелген дипломатиялық миссиялар және халықаралық ұйымдар өкілдіктерінің басшыларымен кездеуде сөйлеген сөзі
3 Шілде, 2017 17:24

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстанда тіркелген дипломатиялық миссиялар және халықаралық ұйымдар өкілдіктерінің басшыларымен кездеуде сөйлеген сөзі

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстанда тіркелген дипломатиялық миссиялар және халықаралық ұйымдар өкілдіктерінің басшыларымен кездеуде сөйлеген сөзі

Құрметті Елшілер,

Дипломатиялық миссиялар мен

халықаралық ұйымдар өкілдіктерінің басшылары!

Қазақстандық дипломаттар!

Ханымдар мен мырзалар!

Бүгін Қазақстан Республикасында тіркелген дипломатиялық миссиялар мен халықаралық ұйымдардың басшыларымен жылдағы дәстүрлі кездесуімізді өткізудеміз.

Дегенмен, қазіргі шараның орны ерекше.

Ол еліміздің сыртқы саясатының мерейтойлы жылында өтуде. Осыдан дәл 25 жыл бұрын мен еліміздің дипломатиялық қызметін құру туралы Жарлыққа қол қойып, Қазақстанның сыртқы саясат жүйесін бекіткен болатынмын.

Қазіргі таңда, 2 шілде – Қазақстанның дипломатия қызметі күні деп аталатын ерекше мерекеге айналды. Мен бұл күнмен барша Қазақстан дипломаттарын шын жүректен құттықтап, атқарған жұмыстарына алғыс білдіремін.

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары біздің сырт әлеммен қатынасу тәжірибеміз жоқ дерлік болатын. Сол уақытта Қазақстанның өз дипломатиясы қалыптаса қоймаған. Дипломатиялық кадрлар да тапшы болды деп айтуға болады.

Бір жағынан, бұл мәселеге елдегі күрделі әлеуметтік-экономикалық жағдайға тұспа-тұс келді.

Сондықтан, қиын жағдайда жоқ жерден дипломатиялық жүйе құрып, өз елшілерімізді дүние жүзі елдеріне жіберуге мүмкіндік алдық.

Енді міне, ширек ғасырдан кейін отандық сыртқы саясат қалыптасты, ол елдің игілігіне жұмыс істеп жатыр деп айта аламыз.

Біріншіден, біз ұлттық тәуелсіздігіміз бен аумақтық тұтастығымызды қорғап қалдық.

Бұл жолда дипломаттарымыздың атқарған жұмысы аз емес. Қауіпсіздік кепілдіктерін алып, төңірегімізде «тату көршілік белдеуін» құрдық.

Екіншіден, қазіргі таңда Астана халықаралық антиядролық қозғалыстың көшбасшысы болып танылып отыр және стратегиялық тұрақтылық пен әділетті әлемді қамтамасыз етуге өзінің қомақты үлесін қосып келеді.

Үшіншіден, Қазақстан аймақтық экономикалық интеграция мен кооперацияның ауқымды жобаларының бастамашысы болып табылады. Бүкіл дүниежүзілік қауымдастық бұл істерді қолдап отыр.

Жалпы, тәуелсіз Қазақстан жүргізіліп келе жатқан көпвекторлы сыртқы саясат пен біздің халықаралық бастамаларымыз – әлемге танылып, кең қолдауға ие болды, еліміздің дәрежесі көтерілді.

Қазақстанның дүние жүзіндегі бейбітшілік пен тұрақтылыққа қосатын үлесі жылдан жылға артып келе жатыр, ол зор еңбектің арқасы, оның ішінде біздің дипломаттардың да жасаған жұмыстары жетерлік.
ҰСЫНЫЛАДЫ
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды