• Басты
  • «Жыр алыбы-175»: Жамбыл Жабаевтың мерейтойына орай ұйымдастырылатын шаралар

«Жыр алыбы-175»: Жамбыл Жабаевтың мерейтойына орай ұйымдастырылатын шаралар

25 Ақпан, 2021 21:26

Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқарма басшысының орынбасары Сара Мәдиева биылғы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойына орай өтетін шаралар туралы айтып берді, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.

Жыр алыбы- Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойын жоғары деңгейде атап өтілуі маңызды. Оның пікірінше, атаулы күндер азаматттардың ұлттық және тарихи өзіндік санасының дамуына елеулі ықпал етеді.

Сара Мәдиеваның мәліметінше, Жамбыл Жабаевқа арналған іс-шаралар шымылдығын Шохан Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Өлең сөздің даңғылы, Бар қазақтың Жамбылы» жыр додасымен ашылған. Кітапхананың қаламгер қорының қатысушылары ақын өлендерін онлайн форматта оқыса, аудандық орталық кітапханалар онлайн жүйеде қатысқан.

«Жыр алыбына арналған іс- шаралар легін Жамбыл облысының мемлекеттік архивында өткен «Шаһарға мәшһүр-жауһар жыр» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Шара барысында облыстық архивтің қорында сақталған газет беттерінде жарық көрген жыр алыбы Жамбылдың мерейтойларында шығарылған мақалалар, фотоальбомдар, жыршы атындағы музейдің қорынан әкелінген суреттер қойылды», - деді ол.

Оның айтуынша, күні кеше Кенен Әзербаев атындағы Жамбыл облыстық филормониясының ұйымдастыруымен Баласағұн орталық концерт залында «Жамбыл-дүлүл, Кенен- бұлбұл» атты концерт өткен. Концерттік бағдарлама қазақ ұлттық аспаптарымен оркестр өнер көрсеткен. Бағдарламада «Жамбыл туралы сарың», «Жамбыл мен Айкүмістің айтысы» және тағы басқа да шығармалары орындалған.

«Апталықтың ерекше іс шараларының бірі деп Жамбылтану орталығында өткен Жамбыл бабамыздың шөбересі Мұратхан Жамбыловпен кездесу және «Жыр дүлдүлі-Жамбыл» көрмесінің ашылуы салтанатын айтуға болады. Бұл жиынға Елен Әлімжанов, Қайрбек Асанов секілді еліміздің зиялы қауым және мәдениет саласының өкілдері қатысты», - деді ол.

Сондай-ақ, оның сөзінше, Жамбыл Жабаевқа арналған апталықты ертеңгі өтетін шара қорытындылайды. Яғни, 26 ақпан күні сағат 9:00 де «Жамбыл- менің жай атым, Халық- менің шын атым» атты Республикалық ақындар айтысы әділқазылар мен айтыскерлердің қатысуымен өткізіледі деп жоспарлануда.

«Сонымен қатар, Жамбыл бабамыздың ескерткішіне гүл қою рәсімі ұйымдастырылды. Жыл сайын дәстүрге айналған онлайн ақындар айтысы басталады. Айтысты ақын Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Парасат орденінің иегері Жүрсін Ерман жүргізеді», - деді ол.

Оның мәліметінше, айтыста Қазақстанның халық әртісі Асанәлі Әшімов, Мемлекет және қоғам қайраткері Алтынбек Қоразбаев, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ғалым Жайлыбай, Айтыскер ақын Бауыржан Халиолла, «Ақ жол» газетінің бас редакторы Оралхан Дәуіт қазылық етеді. Өзге өңірлер мен Жамбыл облысын қосқанда жалпы 20 ақын өнер көрсетеді, яғни 10 жұп қатысатын болады.

Сонымен бірге, ол «Жыр алыбы-175» деп аталатын 6 бөлімнен тұратын рубрика әлеуметтік желіде әзірленгенін атап өтті. Дайындалған видеороликтер апталық аясында басқарманың театр әлеуметтік желі парақшаларында тұрақты түрде жарияланады.Олар «Ленинградтық өренім», «Ақын мен батыр», «Халықтар достығы», «Баталы ел арымас» деп аталады. Бұл іс шаралар жалпы Жамбыл Жабаевтың биылғы мерейлі мерекесіне орай жыл аяғына дейін мәдениет саласының қызметкерлернің көмегімен жалғасатын болады.

Венера Жоламанқызы

Барлық жаңалықтар