• Басты
  • Жылыту маусымына дайындық қалай
10 Қыркүйек, 2020 18:14

Жылыту маусымына дайындық қалай

ҚР Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте жылыту маусымына дайындық барысы туралы ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин баяндады, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.


Жылыту маусымына дайындық қалай

ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары елдегі өрт қауіпсіздігі туралы да айтты. Спикердің баяндамасы мен журналист сұрақтарына жауаптары рет-ретімен.

Осы жылы шілде-тамыз айларында Төтенше жағдай комитетінің қызметкерлері 400-ден астам жылумен жабдықтау нысанын тексерген. Тексеру нәтижесінде тек 73-і ғана жаңа жылыту маусымына толық дайын екені анықталды. Қалған нысанардың жылыту маусымына дайындығы толық емес. 344 объектіде өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзудың 1564 жағдайы анықталды. Ильиннің айтуынша, тәртіп бұзушыларға кемшіліктерді жоюға уақыт берілді, кемшіліктер жойылмаса іс сотқа кетеді.

Төтенше жағдай орын алған кезде тұрғындар электр қуаты мен жылусыз қалуы мүмкін, осылайша халықтың өмірі мен денсаулығына қауіп төнеді. Әлеуметтік проблемалар туындайды. Осы кәсіпорындарда 3 мыңнан астам қызметкерге арнап оқу-жаттығулар мен тренингтер өткіздік, , - деді Ильин.
ТЖК дерегінше, елімізде 2 мыңға жуық газ ағып кету құрылғысы орнатылды. Бұл жұмыс осы жылдың 1 маусымында басталған. Яғни табиғи және улы газдың ағып кетуін анықтайтын 2 мыңға жуық құрылғы сатып алынып, орнатылған. Құрылғыларды сатып алуға жергілікті бюджеттен қаржы бөлінген және демеушілер көмектескен.

Өткен жылы осындай 96 мыңға жуық сенсор орнатылды. Өткен жылы осы маусымында 58 адам тұратын тұрғын үйлерде 15 датчик іске қосылды. Осы құрылғыларды орнатқанымыздың арұасында адамдардың өміріне қауіп төнген жоқ. Биыл бұрын орнатылған құрылғылардың жұмыс істеуін тексеріп жатырмыз. Өкінішке орай, тұрғындар тарапынан ұқыпсыздық байқалады. Құрылғыларда уақыт өте келе жарамсыз болып қалатын қуат элементтері орнатылған. Біздің қызметкерлеріміз батареяны өз есебінен сатып алуға және ауыстыруға мәжбүр. Алайда, мүліктің жарамдылығы, сондай-ақ туған-туыстары мен жақындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жауапкершілік ең алдымен азаматтарға жүктеледі, - деді спикер.
Сондай-ақ бас құтқарушы 200 мыңнан астам адамға пешпен жылыту кезінде қауіпсіздік техникасын сақтау бойынша нұсқаулық берілгенін айтты.

Еліміз бойынша 15 тамызда елімізде өрт қауіпсіздігі айлығы басталды. Осы кезеңде ТЖ қызметкерлері түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.Юрий Ильиннің дерегінше, 10 мыңға жуық адамды қамтыған 556 жиын өткізілді. 

Жұмыс орындарында 811 нұсқама беру жұмыстар ұйымдастырылды. Бұл шараға 9000 адам тартылған. Халықтың әлеуметтік осал топтарына, әсіресе жалғызбасты тұрғындарға және мүгедектерге баса назар аударылады. Осындай 120 мыңнан астам тұрғын үй есепте тұр. Әкімдік өкілдерімен бірге 45 мыңнан астам тұрғын үй тексерілді. 200 мыңнан астам азаматқа нұсқаулық берілді, - деп есеп берді шенеунік.
Фото: ашық дереккөз

Барлық жаңалықтар