• Басты
  • Жылыту маусымына дайындық қалай жүргізілуде
23 Қыркүйек, 2019 14:46

Жылыту маусымына дайындық қалай жүргізілуде


Жалпы алғанда, Қазақстанның Бірыңғай электр энергетикалық жүйесі Ресей Федерациясы мен Орталық Азия елдерінің энергия жүйелерімен қатар штаттық режимде жұмыс істеуде. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында мәлім болды, деп хабарлады Strategy2050.kz.
Жылыту маусымына дайындық қалай жүргізілуде | Strategy2050.kz

Ағымдағы жылдың 19 қыркүйегіндегі жағдайға сәйкес Республика бойынша электр энергиясын тұтыну 73,1 млрд кВтс құрады, бұл өткен жылдың деңгейінен 1,7%-ға артық.

Энергетика министрінің бірінші орынбасарының айтуынша, энергия кәсіпорындарын күзгі-қысқы кезеңге дайындау бекітілген жөндеу кестелеріне сәйкес жүргізілуде.  

«Бүгінде 11-ден 5 энергоблокта жөндеу жүргізілді, бұл жылдық көлемнің 45%-ын құрайды, 63-тен 40 қазандықта, бұл жылдық көлемнің 63%-ын құрайды және 46-дан 23 турбинада жөндеу жұмыстары жүргізілді, бұл жылдық көлемнің 50%-ын құрайды. Жөндеудің әртүрлі кезеңінде 4 энергия блогында, 28 қазанда және 18 турбинада жұмыстар жүргізілуде», — деді М. Досмұхамбетов. 

Электр желілері бойынша 21 мың км электр беру желілері мен 1152 шағын станцияға жөндеу жүргізілді, бұл жылдық жоспардың тиісінше 84% және 92%-ын құрайды.

Алдағы жылыту маусымына дайындық үшін орталықтандырылған жылумен қамту аймағында 459 қазандықтың 428 қазандығына жөндеу жүргізілді, бұл жылдық жоспардың 93% құрайды.

Сонымен қатар, М. Досмұхамбетов отынмен қамтамасыз ету жағдайы туралы айтып берді. Ағымдағы жылғы 19 қыркүйектегі жағдай бойынша энергия көздері қоймаларында көмір қоры 4 млн тонна көмірді құрайды, бұл өткен жылғы деңгейден 15%-ға артық және 101,9 мың тонна мазут, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 23%-ға артық.

Энергетика министрлігі қосылған құн салығы есебімен 100 мың теңге бағасымен 277 мың тонна көлемінде «әлеуметтік» мазутты жеткізу бойынша кестені бекітіп, өңірлерге жолдады.

«Министрлік орталық және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп алдағы жылыту маусымының тұрақты өтуіне дайындау бойынша тұрақты жұмыс жүргізуде. Өңірлер әкімдіктері энергия көздерінде жоспарланған барлық жөндеу жұмыстарын белгіленген мерзімде аяқтауды бақылауға алуды және энергия кәсіпорындарының бар берешектерін толық көлемде өтеуді қамтамасыз етуі қажет», — деп түйіндеді М. Досмұхамбетов.

Өз кезегінде ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Роман Скляр әкімдіктер инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымның нысандарын жөндеу жұмыстарын аяқтап жатқанын атап өтті.

Тұрғын үй-коммуналдық қажеттіліктерге және тұрғындарға қажет көмір мен мазут қорын дайындау жоспарға сәйкес жүргізіліп жатыр. Р. Скляр кейбір білім беру, денсаулық сақтау мекемелерінің, сондай-ақ тұрғын үй нысандарының кестеден артта қалуына байланысты мәселелерді шешу қажеттігін атап өтті. Бұл мәселелер ҚР Үкіметінің тұрақты бақылауына алынған.

Ал ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов өңірлердің жылыту маусымына дайындығы туралы баяндады. 

«Жергілікті атқарушы органдар 10 623 дербес қазандықты жөндеуді жоспарлаған, оның ішінде 10 606 қазандық немесе 99,8% дайындалды. Жөндеу жұмыстары Маңғыстау облысында – 94,2 %, Қызылорда облысында – 99,2 %, Шымкент қаласында - 99,3 % жалғасуда. Қалған өңірлерде дербес қазандықтардың толық дайындығы қамтамасыз етілген. Жылу желілерін дайындауға қатысты, жоспарланған 4 990 км жылу желілерінен ағымдағы кезеңде 4 943 км жылу желілері немесе 99,1% жөнделді. Жылу желілерін жөндеу бойынша төменгі дайындық Нұр-Сұлтан қаласында – 73,6%, Маңғыстау облысында – 91,7%, Атырау облысында – 96,8%», — деді Бейбіт Атамқұлов. 

Сумен жабдықтау желілерін дайындауға қатысты, 15 116 км сумен жабдықтау желілерін жөндеу жоспарланған, іс жүзінде 14 917 км немесе 98,7% жөнделді. Сумен жабдықтау желілерін жөндеу бойынша  Нұр-Сұлтан қаласында – 71,6 % , Ақтөбе облысында – 83,8 %, Түркістан облысында – 89,9 %, Шымкент қаласында – 90,5 % әзірлік төмен. 

Білім беру нысандарын дайындау бойынша ағымдағы кезеңге 10 967 білім беру объектісі дайындалды немесе жоспардағыдан 99,6 % орындалды. Барлық білім беру объектілерін 1 қыркүйекке дейін дайындау жоспарланған болатын. Алайда, дайын емес объектілер үш өңірде қалды: Нұр-Сұлтан қаласында дайындық – 97,7 %, Батыс Қазақстан облысында – 99,5 %, Атырау облысында – 99,5 %. 

Денсаулық сақтау объектілерін дайындауға қатысты, 5 936 объектіні дайындау жоспарланған, соның ішінде 5 921 объекті немесе 99,7 % дайындалды. Қалған өңірлерге қарағанда дайындығы төмен Атырау облысында – 95,2 %, Ақтөбе облысында – 98,9 %, Батыс Қазақстан облысында – 99 % байқалады. 46 809 тұрғын үй жөндеуге жоспарланған, іс жүзінде 45 908 тұрғын үй немесе 98,1 % дайындалды. Тұрғын үйлерді жылыту маусымына дайындау бойынша Батыс Қазақстан облысында (84,5%), Түркістан облысында (94,9 %), Шымкент қаласында (90,7%) жұмыс қарқыны төмен.

2017 жылдан бастап Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі көп пәтерлі тұрғын үйлерде, білім беру, әлеуметтік сала объектілерінде белгіленген құрылыс нормалары және ережелерін (ҚНжЕ) бұза отырып орналастырылған дербес қазандықтарды шығаруға мониторинг жүргізеді. Жалпы құрылыс нормалары және ережелері бұзушылықпен орнатылған 769 дербес қазандық анықталды, оның ішінде 39-ы - көппәтерлі тұрғын үйлерде, 730-ы - білім беру, әлеуметтік мәдени тұрмыс объектілерінде. Оларды шығару жергілікті бюджет немесе басқа да қаржыландыру көздері есебінен жүзеге асырылады.

2019 жылғы 19 қыркүйектегі жағдай бойынша 419 бірлік ДЖЖ немесе жоспардан 54,5%-ы шығарылды. Шығарудың төмен қарқыны Қостанай облысы – 13 %, Ақмола облысы – 36 % және Қарағанды облысында – 51%.

«Көмір өндіруші компаниялармен 75,1 млн тонна көмір өндірілді, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 97,2 %-ды құрайды. Еліміздің ішкі нарығына осы кезеңде 51,5 млн тонна көмір жөнелтілді. Энергия өндіруші кәсіпорындарға 39,6 млн тонна көмір жөнелтілді, бұл 2018 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 1,4%-ға аз. Өнеркәсіптік кәсіпорындарға 4,8 млн тонна көмір жөнелтілді, бұл 2018 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 15,2%-ға аз. Коммуналдық тұрмыстық қажеттілікке және халыққа 7,1 млн тонна көмір жөнелтілді, бұл 2018 жылдың кезеңімен салыстырғанда 92,8%-ды құрайды. Көмір экспорты 19,8 млн тоннаны құрайды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 100,4% құрайды», — деді ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі. 

Коммуналдық қызметтер үшін тұтынушылардың берешегі 11,4 млрд теңгені құрайды. Ең көп дебиторлық берешек Алматы қаласында– 2,6 млрд теңге, Нұр-Сұлтан қаласы – 1,7 млрд теңге, Маңғыстау облысында – 1,5 млрд теңге, Шымкент қаласында - 1,3 млрд теңге көлемінде сақталып отыр. Сондай-ақ 2018 жылмен салыстырғанда Алматы қаласында берешектің 533 млн теңгеге өсуі байқалады. Бұл ретте 2018 жылмен салыстырғанда қарыздардың төмендеуі Шымкент қаласында 1,1 млрд теңгеге және Нұр-Сұлтан қаласында 568 млн теңгеге жетті. 

Дебиторлық берешек бойынша ең төмен көрсеткіштер Алматы облысында  байқалады — 5 млн теңге. 

Өңірлерде 10 606 дербес қазандық немесе 99,8%, 45 908 тұрғын үй (98,1%) дайындалды. 4 943,4 км жылу желілері (99,1 %), 14 917,1 км (98,7%) сумен жабдықтау желілері жөнделді.

Көмір өндіруші компаниялар 75,1 млн тонна көмір өндірді, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 97,2%-ды құрайды (77,2 млн тонна).

Коммуналдық қызметтер үшін тұтынушылардың берешегі 11,4 млрд теңгені құрайды. Ең көп дебиторлық берешек Алматы қ. – 2,6 млрд теңге, Нұр-Сұлтан қ. – 1,7 млрд теңге, Шымкент қ. – 1,3 млрд теңге және Маңғыстау облысында – 1,5 млрд теңге сақталып отыр.

2527 балабақша (95%), 6656 мектеп (99%) жылыту кезеңіне дайындық туралы актілерді алды. Республикалық маңызы бар 31 денсаулық сақтау нысаны бойынша жылыту маусымына орташа дайындық 99%, жергілікті маңызы бар 5640 нысан бойынша 97% құрайды.

«Жалпы, жылыту маусымына дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр. Дегенмен, кестеден қалып қою, коммуналдық қажеттіліктер мен тұрғындар үшін отын дайындау деңгейінің төмен болуы  фактілері орын алып отыр. Осыған байланысты әкімдерге жоспарланған жөндеу жұмыстарын белгіленген мерзімде аяқтауды қамтамасыз етіп, қажетті көлемдегі отынды алдын ала жеткізуді тапсырамын», — деді А. Мамин.

Үкімет басшысы өңірлердің әкімдеріне екі апта ішінде белгіленген тәртіпте көмірді даярлау және өткізу пункттерінің инфрақұрылымының қазіргі жағдайын, жеткізілім кестесін, сатылатын көмірдің бағасын және сапасын тексеруді, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне «Қазақстан Темір жолы» ҰК» АҚ-мен бірлесіп, көмір жеткізуге арналған вагондардың қажетті көлемін қамтамасыз етуді тапсырды.

«Өңірлерде кәсіпорындардың жеткізілген газ бен көмір үшін және тұрғындардың коммуналдық қызметтері үшін дебиторлық берешегін жабу жұмысын күшейту қажет», — деді Премьер-Министр.

А. Мамин ҚР Энергетика, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрліктеріне өңірлер әкімдіктерінің алдағы жылыту маусымына барлық объектілерді дайындау жұмысын аяқтауын бақылауда ұстауды қамтамасыз етуді тапсырды.

Аягөз Құрмаш 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды