- Басты
- Жаңалықтар
- Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі
Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәжілісінде ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы Нұрболат Дербісов жылыту маусымында қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесі туралы баяндады. Оның мәліметінше, Биылғы жылдың басынан бері өрт кезінде 4 394 адам құтқарылған.Толығырақ Strategy2050.kz тілшісінің материалында.

ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы Нұрболат Дербісовтың мәліметінше, елімізде биылғы 10 айда 9 мыңнан астам өрт орын алып, одан жарақаттанғандар саны 358, ал қаза болғандар саны 297 адамды құраған.
«4396 адам құтқарылды. Өрттің тұрғын үй секторында 13,6 %-ға төмендегені байқалады. Өрт санының жалпы төмендеуі кезінде қаза тапқандар саны 16 %-ға, жарақат алғандар саны 45 %-ға артып отыр», - деді Нұрболат Дербісов.
Өрттің алдын алу шаралары
Оның сөзінше, жылыту маусымы алында өрттің алдын алу шаралары үнемі өткізіледі. 15 тамыз - 15 қазан аралығында республикалық өрт қауіпсіздігі акциясы өткен. Бұл жұмыстарға құтқарушылар мен полиция қызметкерлері жұмылдырылған.
«Биыл да бұл жұмыс жүзеге асырылып жатыр. 2019 жылдан бастап ТЖМ бастамасы бойынша халықтың әлжуаз топтарына баруды әкімдіктермен бірлесіп жүзеге асырылуда», - деді Нұрболат Дербісов.
Өрт қауіпсіздігі акциясының I-кезеңінде 15 тамыздан 15 қыркүйекке дейін әкімдіктердің өкілдерімен бірлесіп, халықтың әлеуметтік осал топтарының, көп балалы отбасылардан шыққан балалардың, жетім балалардың тұрғын үйлеріне бару, оның ішінде қажетті көмек көлемін анықтау үшін ұйымдастырылған. Өрт қауіпсіздігі акциясының II кезеңі 15 қыркүйектен 15 қазанға дейін ТЖ туындауына неғұрлым бейім, яғни автономды жылыту жүйелері бар тұрғын үйлерді алдын алу жұмыстарымен жалпы қамтуға бағытталған.
Тұрғын үйдегі өрт қауіпсіздігі
Оның мәліметінше, жыл сайын жылыту кезеңі тұрғын үй секторында өрт-профилактикалық іс-107 мыңнан астам тұрғын үй есепке алынған. Жалпы аралау барысында ТЖМ қызметкерлері 764 мыңнан астам тұрғын үйді қамтыған.
«Алайда 51 мың үйдің тұрғындары тексеру мен кеңес беруден бас тартты. әкімдік өкілдерімен бірлесіп 71 мың үйге бару жүзеге асырылып, 747 мың азаматқа нұсқау берілді», - деді ол.
Комитет төрағасының мәліметінше, тұрғын үйде 158 мың өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу анықталған. 118 мыңға жуық тұрғын үйде 158 мың өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу анықталған. Оның ішінде 40 мыңнан астамы сол жерде жойылған.
«Бұзушылықтардың 90%-ы электр техникалық желілер мен электр жабдықтарын және автономды жылыту жүйелерін пайдаланумен байланысты екенін атап өту қажет. Бұл пешті өртке қарсы бөлшектеудің сақталмауы, жағу алдындағы табақтың болмауы, электр желілері мен электр жабдығын пайдалануға байланысты бұзушылықтар», - деді Нұрболат Дербісов.
Сондай-ақ, ол Жылыту маусымы басталғалы улы газбен уланудан қаза тапқандардың саны азайғаны байқалып жатырғанын жеткізді. Оның дерегінше, бүгінгі күні улы газбен уланудан 1 адам қаза болып,11 адам жарақат алған.
«Жылыту маусымы басталғаннан бері улы газбен уланудан қаза тапқандардың 4 есеге жарақаттанғандардың 60%-ға төмендегені байқалады», - деді Нұрболат Дербісов.
Ол өз сөзінде, тұрғындарға пеш жабдықтарын жылыту маусымына дайындауға және өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау қажеттігін атап өтті. Сондай-ақ, күздің суық күндерінің басталуына байланысты ТЖМ тұрғындарға пеш жабдықтарын жылыту маусымына дайындауға және өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауға шақырады.
«Жылыту пештері мен жүйелерінің түтін мұржалары, мұржалары және басқа элементтері тікелей жылыту маусымы басталар алдында, сондай – ақ жылыту маусымы кезінде үш айда бір рет – жылыту пештері үшін, екі айда бір рет-үздіксіз жұмыс істейтін пештер мен ошақтар үшін күйеден тазартылуы тиіс», - деді Нұрболат Дербісов.

-
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек
-
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді
-
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады
-
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет
-
Pfizer: «Препараттың қауіпсіздігіне алаңдауға не күмәндануға негіз жоқ»
-
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер
-
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады
-
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды
-
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр
-
Көлеңкелі экономикамен күрес: Президент тапсырмалары қалай орындалып жатыр
-
Цифрландыру: Елімізде IT-индустриясы қалай дамып жатыр
-
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады
-
Дәстүрлі форматта оқу процесі қалай өтіп жатыр
-
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады
-
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары

