- Басты
- Жыл соңына дейін Tax free жүйесінің пилоттық нұсқасы іске қосылады
Жыл соңына дейін Tax free жүйесінің пилоттық нұсқасы іске қосылады
PATA Travel Forum Азия-Тынық мұхиты елдерінің туристік көрмесі аясында Қазақстанда Tax free жүйесінің пилоттық жобасы ресми түрде іске қосылатыны мәлім болды. Пилоттық жобаның жүзеге асырылуы туралы «Kazakh tourizm» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Еркебұлан Хасенов айтып берді, деп хабарлады Strategy2050.kz.

Алдымен «Kazakh turizm» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Е.Хасенов елдегі туризмді дамытудың жоспары туралы баяндады.
« Ішкі көшпелі туризмді дамыту мемлекеттік бағдарламасы туралы айтатын болсақ, Tax free жүйесі бағдарлама аясында жүзеге асырылмақ. Айтқанымдай, елімізде 7 жылдық жаңа бағдарлама әзірленіп, мақұлданды. 2025 жылға дейін жоспарланған бағдарламаның ерекшелігі мемлекет өзінің күш-жігерін жұмылдырады. Бізде ТОП-10 үздік жерлерден құралған туристік карта әзірленді. Мемлекет осы 7 жыл бойы үздік 10-дыққа қаржылық ресурстарды құяды. Ол инфрақұрылым мен инженерлік жүйелерді дамытуға бағытталады. Ондыққа инвестиция тарту да жүзеге асырылады. Сондай-ақ, ішкі көшпелі туризмді дамытуды ілгерілендіру үшін Taxi free жүйесін іске қосу жоспарланған», - деді Е.Хасенов.
Сонымен қатар, спикердің айтуынша, ТОП-10 жерлерінің ішінде алдыңғы екі орынды елордамыз – Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласы алады.
«Алматы қаласы үздік ондықтың ішінде көшбасшы болып отыр. Себебі, туристік ағын өте көп. Соңғы статистикаға жүгінсек, биылғы жылдың жарты жылдығы бойынша Алматы қаласының туристік көрсеткіші оңтайлы.6 айда өңірге 250 мың шетелдік турист келген. Шетелдік туристердің артуы 28 пайызды құрап отыр. Сонымен қатар, бізде адамдарды шоғырландыру орындары артып отыр. Қонақ үйлер пен хостелдердің саны 35 пайызға артты. Жатын орындардың саны да артып отыр. Мәселен, Алматы қаласында 20 мың орын бар. Алайда, бұл көрсеткіш айтарлықтай жоғары болуы да мүмкін еді. Сондықтан да, бірқатар іс-шараларды әзірлеп жатырмыз», - деді ол.
Төрағаның орынбасары айтып өткендей, сондай шаралардың бірі - Taxi free жүйесін енгізу.
«Бұл жүйе әлем бойынша шоппинг туризмді ілгерілендірудің басты шарасы болып табылады. Мемлекеттік бағдарламада Tax шарасын 2022 жылдан бастап енгізу жоспарланған. Алайда, бізде жаңа мемлекеттік бағдарламаның басты ұстанымы – мемлекеттік жеке меншік серіктестік. Сондықтан да, біз 2022 жылды күтпейтін болдық. Себебі, «Capital parners” компаниясы Taxi free жүйесін пилоттық жоба ретінде енгізу бастамасын ұсынды. Бұл бастаманы Мәдениет және спорт министрлігі мен «Kazakh tourizm» ҰК қолдады. Қазіргі таңда пилоттық жобаны жүзеге асырудың негізі қаланды. Қаржы министрлігінің бұйрығы да бар. Оны бірлесіп әзірледік, төртінші тоқсанда Taxi free жобасы Алматыда іске қосылады», - деді Е.Хасенов.
Жобаны сынау үшін Алматының ірі сауда орталығы таңдалды. Жүйе авторлары жүргізген сараптама нәтижесінде отандастарымыздың Дубай, Бейжің, тіпті Мәскеудегі сауда ортаықтары жайлы пікірі толықтай шындыққа жанаспайтыны анықталған.
Сонымен қатар, болжам бойынша, биыл күтетін басты туристер – Қытай азаматтары. Бүгінде туристердің саудасы жалпы үлестің 3 пайызын құраса, жыл соңында 5-10 пайызға,2020 жылы 20 пайызға өседі. Ал туристердің үлесі орташа қаржысы 250 долларды құрайтын 25 00 адамға артады.
Естеріңізге салсақ, PATA (Азия және Тынық мұхиты елдерінің туристік ассоциациясы) бейкоммерциялық мүшелік ассоциация, ол Азия-Тынық мұхит аймақтарына және осы аймақтардан шығатын саяхат пен туризмді жауапты дамытудың жылдамдатқышы. 1951 жылы құрылған. Ассоциация 800-ден астам мүше ұйымды, соның ішінде 95 үкіметтік, мемлекеттік және қалалық туристік ұйымды, 20 халықаралық әуекомпания мен әуежайды, 102 қонақ күту ұйымын және 70 білім мекемесін, сондай-ақ жүзден астам жас адамды, дүние жүзі бойынша кәсіби туристік қатысушыны келісілген ақпараттық-насихат қызметпен, терең зерттемелермен және инновациялық іс-шаралармен қамтамасыз етеді.
Айта кетейік, бүгін PATA Travel Mart көрмесінің соңғы күні. Форум 18-20 қыркүйек аралығында «Көрме» орталығында өтті.
Аягөз Құрмаш
-
Қазақстан әскерінде жаңа оқу жылы басталды
«Батыс» өңірлік қолбасшылығының әскери бөлімдерінде жаңа оқу жылының басталуына орай жеке құрамның салтанатты сапқа тұруы өтті. Жаңа кезең «Қуатты армия - Ел тірегі!» ұранымен басталды.
04 Желтоқсан 2019, 09:13
-
Үкімет Өңірлерді дамытудың 2025 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасының жобасын қарастырды
ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Өңірлерді дамытудың 2025 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасының жобасы қаралды.
03 Желтоқсан 2019, 11:38
-
Ұлттық Паралимпиада Комитеті 4 жылдық нәтижелерін қорытындылады
2019 жылғы 28 қарашада ҚР Ұлттық Паралимпиадалық Комитеті Конференциясының отырысында 4 жыл ішінде атқарылған жұмыстардың қорытындылары шығарылды. ҚР ҰПК Президенті Қайрат Боранбаев еліміздегі паралимпиадалық қозғалыс спорт федерацияларының қолдауымен дұрыс бағытта дамуда екенін атап өтті.
29 Қараша 2019, 11:37
-
Жастар жылы: Жастар тұрақты даму мақсаттарына атсалысады
Елордада «Студенттер мен жас оқытушылардың ТДМ-2030-ға үлесі» атты халықаралық форум өтті, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
28 Қараша 2019, 17:38
-
Еуропалық Одақ Орталық Азияны дамытуға арналған бағдарламаларды қаржыландырады
Нұр-Сұлтанда «Орталық Азиядағы өркендеу үшін кеңейтілген интеграция» тақырыбындағы аймақтық конференция барысында Еуропалық одақ жалпы сомасы 28 миллион еуро көлемінде қаржыландыратын Орталық Азиядағы сауда, заң үстемдігі, сондай-ақ инвестициялар мен өсуді қолдауға бағытталған үш жылдық бағдарламаларының ресми түрде іске қосты. Еуропалық Одақ ұйымдастырған екі күндік іс-шара Орталық Азияның бес мемлекеті арасындағы аймақтық интеграцияны және 2019 жылғы маусымда қабылданған Орталық Азия бойынша ЕО-ның жаңа стратегиясын ілгерілетуге бағытталған, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
28 Қараша 2019, 13:41
-
Келер жылдан бастап "Болашақ" бағдарламасының талаптары күшейтіледі
Келесі жылдан бастап "Болашақ" бағдарламасына өзгерістер енгізіліп, оның талаптары күшейтілетін болады. Бұл туралы "Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия отырысының қорытындысы" тақырыбында өткен баспасөз мәжілісінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі Рүстем Биғари мәлім етті, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
27 Қараша 2019, 17:30
-
Маңғыстау облысына жыл басынан бері 445 млрд теңге инвестиция тартылды
Маңғыстау облысына жыл басынан бері 445 млрд теңге инвестиция тартылды. Бұл туралы Маңғыстау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуына арналған баспасөз мәжілісінде облыс басшысы Серікбай Трұмов мәлім етті, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
27 Қараша 2019, 11:11
-
А.Мамин мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін 90%-ға дейін жеткізу міндетін қойды
ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында «электрондық үкіметті» дамыту және халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру мәселелері қаралды. Жиында А. Мамин интернет арқылы мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін 90%-ға дейін жеткізу міндетін қойды, деп хабарлады Strategy2050.kz.
26 Қараша 2019, 11:02
-
«Каспий конституциясын» іске асыру үрдісі
Былтырғы жылы 12 тамызда Ақтау қаласында Бесінші Каспий саммиті барысында 5 мемлекеттің басшылары (Қазақстан, Әзербайжан, Иран, Ресей және Түрікменстан) Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы Конвенцияға қол қойды. Теңіз жағалаудағы барлық мемлекеттер үшін стратегиялық маңызы бар құжат. Оны қабылдағаннан бері бір жылдан астам уақыт өтті.
25 Қараша 2019, 13:32
-
Egemen Qazaqstan 100 жылдық мерейтойын атап өтті
"Egemen Qazaqstan" республикалық газетінің 100 жылдығына орай салтанатты жиын өтті, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
21 Қараша 2019, 12:14
-
Атамқұлов 2020-2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасын таныстырды
2020-2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" тұрғын үй коммуналдық мемлекеттік бағдарламасы әзірленді. Аталған жобаны Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов үкімет отырысында таныстырып, осыған дейін жүзеге асырылған жұмыстарға тоқталып өтті, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
18 Қараша 2019, 11:11
-
ӘМСҚ 2020 жылға арналған бюджет жобаларын тыңдау жұмыстарын өткізді
Өткен аптада Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры 2020 жылға арналған бюджет жобаларын тыңдау жұмыстарын өткізді.
17 Қараша 2019, 12:27
-
25 жылда 300 млрд теңгенің несиесі берілді – Ж.Омаров
Биыл Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорының құрылғанына 25 жыл толып отыр. Осы уақыт аралығында Қор жалпы сомасы 300 млрд теңге болатын 143 мыңнан астам несие берген екен. Осы орайда Strategy2050.kz ақпарат агенттігіне "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" АҚ Басқарма төрағасы Жандар Омаров Қордағы бірқатар маңызды жаңалықтар туралы айтып берді.
14 Қараша 2019, 17:52
-
ШҚО-да АӘК алатын көпбалалы аналар бизнесті сәтті іске қосуда
Шығыс Қазақстан облысының атаулы әлеуметтік көмек алатын көпбалалы аналар мемлекеттің қолдауын пайдаланып, Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының қатысушысы бола отырып, өз отбасыларының материалдық жағдайларын жақсартып қана қоймай, сонымен қатар өз бизнестерін ашуға мүмкіндік алды.
13 Қараша 2019, 09:15
-
Qatar Airways Қазақстанға 2019 жылдың соңына дейін ұша бастайды
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі "ашық аспан" режимінде Қазақстанға жаңа әуе компанияларды тарту бойынша жұмыс жүргізуде.
08 Қараша 2019, 11:18
ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді
Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту
Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді
Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады
Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады
Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс
15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі
Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі
Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі
ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды