• Басты
  • Жыл сайын бес миллионға жуық азаматқа жұқпалы ауруларға қарсы екпе жасалады
16 Маусым, 2020 17:16

Жыл сайын бес миллионға жуық азаматқа жұқпалы ауруларға қарсы екпе жасалады

Қазақстанда жыл сайын бес миллионға жуық азаматқа жұқпалы ауруларға қарсы екпе жасалады. Бұл туралы елордадағы №2 қалалық емханасының директоры Ләззат Рыспекова міндетті екепеге қатысты өткен баспасөз мәжілісінде айтты, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі. 

Жыл сайын бес миллионға жуық азаматқа жұқпалы ауруларға қарсы екпе жасалады

Емхана директоры Қазақстанда 21жұқпалы ауруға қарсы екпе асалатынын атап өтті.

"Қазақстанда вакцинация бюджеттік бағдарламалардың бірі. Елімізде халықты вакцинациялау мемлекеттік бюджеттен тегін жүзеге асырылады. Қазақстандағы профилактикалық егулердің ұлттық күнтізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді және 21 жұқпалы ауруға қарсы профилактикалық вакцинация салынады.  Қазақстан Республикасында жыл сайын 5 миллионға жуық адам жұқпалы ауруларға қарсы егіледі, оның ішінде 1,3 миллионы бала", - деді ол. 

Сонымен қатар Ләззат Рыспекова жұқпалы ауруларға қарсы екпе егудің арқасында өлім-жітім саны да азайғанын атап өтті. Оның сөзінше, мәселен, қызамық, паротит, "В" вирустық гепатитімен ауыратындар саны бірнеше есеге азайған. 

"Мақсатты топтағы балаларды күнделікті иммундау жұмысы жалғасуда. ДДСҰ ұсынуымен жыл сайынғы Қазақстан Республикасындағы нысаналы инфекцияларға қарсы вакцинация 95-96% құрайды. Иммундаудың арқасында жұқпалы аурулар мен салдарынан болатын өлімді азайту үшін көп жұмыс істелді. Соңғы 20 жыл ішінде ауру деңгейінің төмендеуі байқалып отыр. Мәселен,  қызамық - 56 есеге, паротит - 119 есеге, халық арасында "В" вирустық гепатиті 34,7 есеге азайды. Ал осы инфекцияға қарсы вакцинацияланған балалар арасында 262 есеге төмендеді. Сонымен бірге көк жөтелдің, дифтерияның жекелеген жағдайлары да азаюы байқалып отыр", - деді дәрігер.

Бұдан бөлек емхана басшысы вакцина салдырудан бас тартатындар саны көп деген пікірді жоққа шығарды. Оның сөзінше,бұл көрсеткіш 2019 жылы 0,012 пайызды құраған. 

"Сонымен қатар айта кету керек, республикада өзекті мәселелердің бірі - вакцинациядан бас тарту. Дегенмен вакцинациядан бас тартқандардың үлесі аз, мәселен 2019 жылы 6003 адам бас тартқан, бұл  0,012%  құрайды. Сондай-ақ, медицина қызметкерлерінің иммундау туралы білімдерін арттыру жұмыстары жүргізілуде. 2019 жылы жүргізілген жұмыстардың арқасында профилактикалық егуден бас тартқандар арасында 3512 адам егілді. Қазіргі таңда вакцинация жұмыстары жоспарлы түрде жалғасуда", - деді Ләззат Рыспекова.

Барлық жаңалықтар