• Басты
  • Жыл басынан бері көпбалалы аналар 73,5 млрд теңге көлемінде жәрдемақы алды
18 Мамыр, 2020 10:02

Жыл басынан бері көпбалалы аналар 73,5 млрд теңге көлемінде жәрдемақы алды

2020 жылғы қаңтар-сәуір айларында көпбалалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақымен жалпы сомасы 73,5 млрд теңгеге орта есеппен 384,9 мың отбасы қамтылды. Сәуір айында аталған жәрдемақы түрін жалпы сомасы 19 млрд теңгеге 396,5 мың отбасы алды, деп хаюбарлады Strategy2050.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
 Жыл басынан бері көпбалалы аналар 73,5 млрд теңге көлемінде жәрдемақы алды

Аталған мемлекеттік жәрдемақыға табысына қарамастан 4 және одан көп бірге тұратын кәмелетке толмаған немесе күндізгі бөлімде оқитын 23 жасқа дейінгі студент балалары бар көпбалалы отбасылар үміткер бола алады. Төлем мөлшері балалардың санына байланысты 42,5 мың теңгеден (4 бала) 74,4 мың теңгеге (7 және одан да көп бала) дейін сараланған.

Сонымен қатар, бүгінгі күні 8 және одан да көп балалары бар отбасылар үшін жекелеген мөлшерлерді белгілеу жолымен жаңа жәрдемақыны кеңейту қамтамасыз етілді. Ағымдағы жылдың 13 мамырында Мемлекет басшысы тиісті заңға қол қойды.

8 балаға берілетін жәрдемақы 88 896 теңге, 9 балаға – 100 008 теңге, 10 – 111 120 теңге, 11 – 122 232 теңге, 12 – 133 344 теңге, 13 – 144 456 теңге, 14 – 155 568 теңге, 15 – 166 680 теңге, 16 – 177 792 теңге көлемінде белгіленді.

Жәрдемақыны кеңейту 2 451 отбасына әсер етеді, онда қосымша 3 710 бала қамтылатын болады.

Жалпы, 2020 жылы көпбалалы отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы төлеуге республикалық бюджеттен 177 млрд теңге бөлінді.

Естеріңізге сала кетейік, көпбалалы отбасыларға берілетін жаңа мемлекеттік жәрдемақы Қазақстанда 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа тетіктерімен қарастырылған табысы аз және көпбалалы отбасыларды қолдаудың үш негізгі бағыты аясында енгізілді.

 

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды