• Басты
  • Жыл басынан бері iKOMEK 1 миллион өтінішті атқарды
19 Мамыр, 2020 13:01

Жыл басынан бері iKOMEK 1 миллион өтінішті атқарды

Ағымдағы жыл басынан бері Нұр-Сұлтан қаласының iKOMEK109 бірыңғай байланыс орталығына 1 миллионнан астам өтініш келіп түсті. Бірінші қоңыраудан-ақ 844 мың өтініш атқарылды.


Жыл басынан бері iKOMEK 1 миллион өтінішті атқарды

Айтып өтетін жайт, бірінші жұмыс жасаған 2018 жылы миллионнан астам өтініш, 2019 жылы 1,6 млн өтініш қабылданып, 2020 жылдың 5 айға толмаған кезеңі ішінде бұл көрсеткіш миллионға жетті. «Бұл iKOMEK-тің адамдардың әкімдікке немесе коммуналдық ұйымдарға жүгінуіне мүмкіндік беретін ыңғайлы сервис екенін ғана білдірмейді, бұл сондай-ақ қала тұрғындарының белсенділігі артып келе жатқанын байқатады», - деді iKOMEK қалалық орталығының басшысы Жаннат Дүбірова.

Қалалық орталықта тұрғындардың елорданы дамытуға деген құлшынысының жоғары екенін атап өтті. Өткен жылы iKOMEK сервисін елорданың 575 мыңнан астам тұрғыны пайдаланды. Қала халқының санымен (1,078 млн) салыстырсақ, бұл – жоғары көрсеткіш. «Бұл тұрғындардың елорда дамуына бей-жай қарамайтынын білдіреді, және бұл аса қуантады», - деп сөз қосты Жаннат Дүбірова.

Бүгінде әрбір тұрғын өтінішті өзіне ыңғайлы тәсілмен: телеграм бот, әкімдік сайты немесе мобильді қосымша арқылы бере алады. Әрбір өтініш автоматты түрде тіркеліп, жауапты ұйымдардың атқаруына беріледі. iKOMEK қалалық орталығының мамандары өтініштің толықтай атқарылуын бақылап отырады.

Сонымен қатар, iKOMEK109 бірыңғай байланыс орталығы Қазақстан Республикасы бойынша енгізілген ТЖ режимі кезінде Нұр-Сұлтан қаласы бойынша коронавирустық инфекцияның таралуына қарсы іс-қимыл жөніндегі жедел штабтың Шұғыл желісі болып белгіленгенін еске саламыз. ТЖ режимі кезінде iKOMEK109 Коронавирус мәселелері бойынша 245 мыңнан астам өтінішті қабылдап, атқарды.

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды