- Басты
- Жаңалықтар
- Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді
2021 жылдың қаңтар - тамыз айларында республикалық бюджеттен базалық зейнетақы төлеуге 547 млрд теңге, ынтымақты зейнетақы төлемдеріне – 1 трлн 236, 7 млрд теңге бағытталды, деп хабарлады Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.

2021 жылдың тамыз айында республикалық бюджеттен зейнетақы төлемдеріне 221,8 млрд теңге, оның ішінде базалық зейнетақы төлеуге – 68,1 млрд теңге, ынтымақты зейнетақы төлеуге – 153,7 млрд теңге бөлінді.
2021 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша зейнеткерлер саны 2 млн 235 мың адамды құрайды.
Зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері (оның ішінде базалық зейнетақы) 2021 жылғы қыркүйектегі жағдай бойынша 99 857 теңгені құрады.
Еске салайық, 2018 жылғы 1 шілдеден бастап мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі, оның зейнетақы жүйесіндегі тәжірибесін ескере отырып, әр алушыға жеке тағайындалады.
Бұл ретте 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ынтымақты жүйеде жұмыс істеген уақыты, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналары төленген кезеңдер (бұдан әрі – МЗЖ) зейнетақы жүйесіндегі еңбек өтіліне қосылады.
Сонымен, егер зейнетақы жүйесіндегі жұмыс өтілі 10 жыл немесе одан аз болса, сондай-ақ егер мүлде жоқ болса, базалық зейнетақы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54%-ын құрайды, содан кейін 10 жылдан асқан әр жыл үшін оның мөлшері 2%-ға артады. Мысалы, егер сіз 20 жыл қатыссаңыз, базалық зейнетақы күнкөріс деңгейі құнының 74%-ды, 30 жыл – күнкөріс құнының 94%-ын құрайды. 33 және одан да көп жыл жұмыс өтілі болса, күнкөріс құнының 100% жоғары мөлшерінде белгіленеді.
Егер бір ай ішінде МЗЖ бірнеше рет Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына жасалса, жинақтаушы жүйеге қатысу мерзімі бір айды құрайды.
Осылайша, міндетті зейнетақы жарналары неғұрлым тұрақты және толық салынатын болса, зейнетақы жасына жеткенде базалық зейнетақы төлемдерінің мөлшері соғұрлым көп болады.
Өз кезегінде, жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің мөлшері 1998 жылғы 1 қаңтардағы жұмыс өтіліне (кем дегенде 6 ай қажет) және зейнеткерлікке дейінгі кезеңде алынған орташа айлық табысқа байланысты болады.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті
-
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері
-
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі
-
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру
-
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды
-
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы
-
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды
-
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай
-
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі
-
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі
-
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар
-
17 миллионнан аса адам санақ сауалдарына жауап берді
-
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді
-
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді
-
Тәуелсіздікке 30 жыл: Ұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі

