• Басты
  • Жыл басынан бері Қазақстанда 229 жаңа кәсіпорын ашылды

Жыл басынан бері Қазақстанда 229 жаңа кәсіпорын ашылды

17 Шілде, 2020 12:22

Қазақстанда жыл басынан бері 67 дәріхана ашылыпты. Ал жалпы 229 кәсіпорын іске қосылған. Оның көбі карантин мен төтенше жағдай кезінде ашылған. Мұндай ақпаратты ҚР Ұлттық экономика министрлігі кәсіпкерлікті дамыту департаментінің директоры Шыңғыс Ахметов ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты. Брифингте көтерілген карантин кезіндегі бизнес жайлы жаңа деректерді Strategy2050.kz ақпарат агенттігі тілшісінің дайындаған материалынан білуге болады.

 Пандемия бизнес бастағысы келен кәсіпкерлер үшін жаңа мүмкіндіктер туғызғаны жасырын емес.

2020 жыл тек Қазақстан үшін емес, дүние жүзі үшін оңайға соқпаған жыл болып жатыр. Экономика, медицина, білім беру, әлеуметтік салаларда өзгерістер орын алып жатыр. Осы жылы Қазақстанда қызмет көрсету және сауда саласында өткен жылмен салыстырғанда 11%-дан аса өсім байқалған.

Биылғы жартыжылдықта медицина саласында қызмет көрсететін 229 кәсіпорын ашылды. Кәсіпорындарда пандемия кезінде қажетті өнімдер медициналық бетперде, антисептиктер шығарылады. Сонымен қатар зертханалық және дезинфекциялық қызметтер көрсету бойынша жұмыс орындары ашылды. Құны 4,6 млрд. теңге болатын осындай 18 жобаны «Даму» Қоры қолдады.

Министрлік өкілінің айтуынша, өз ісін алғаш рет ашуды жоспарлап отырғандар үшін мүмкіндіктер бар. Мемлекеттен гранттар қарастырылған. 1,2 млрд. теңгенің үлесін «Атамекен» ҰКП арқылы өтініш беріп, кәсіп бастауға болады.

Бұл – «Бизнестің жол картасы-2020» аясындағы негізгі бағдарлама. «Даму» қорының кепілсіз 6% және 80% кепілдемемен беретін несиелері нақты шағын кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған. Несие сомасы инвестициялау немесе айналым қаражатын толықтыру сияқты мақсатты бағытталуына қарай 5-20 млн теңгені құрайды. Басқа бағдарламалардан ерекшелігі – субсидиялау мен кепілдендірудің жеңілдетілген жүйесінің болуы. Яғни, қаржыландыруды мақұлдау банк пен Қордан кешенді түрде жүзеге асырылады. Айдың соңына қарай бағдарламаны қабылдау бойынша мәселелер реттеледі және кәсіпкерлерді қаржыландыру басталады, - деп түсіндірді Шыңғыс Ахметов.

Экономисттің брифингте берген есебіне сүйенсек, елімізде тек төтенше жағдай режимі кезінде жеке кәсіпкерлік ашуға 37 мыңға жық өтінім келіп түскен, оның ішінде заңды тұлғалардан - 6 300, жеке кәсіпкерлерден - шамамен 30 мың өтінім берілді. Ал, жалпы 2020 жылдың алғашқы 6 айында кәсіпорын ашу үшін шамамен 90 мың кәсіпкерлік субъектісінен өтінім түсіпті. Бұл статистика комитеті ұсынған ақпарат. Оның ішінде шамамен 16 мыңы - заңды тұлғалардан, 74 мыңы - жеке кәсіпкерлерден түскен.

Ахметовтың айтуынша, шағын және орта бизнесті қолдауға бағытталған тиімді шаралардың арқасында, еліміздің бизнес саласында даму байқалады.

Шағын және орта бизнес басты назарда. Осы жылдың қаңтарымен салыстырғанда 1 маусымдағы жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлер санына келер болсақ, қазіргі динамика сақталып отыр. Тіпті бизнес саны бойынша 0,2 пайызға өсім бар. Сондықтан кей өңірлерде теріс тренд байқалғанымен, бүкіл еліміз бойынша бизнес санына қатысты оң көрсеткіш байқалады», - деді экономист.
Барлық жаңалықтар