• Басты
  • Жыл басынан бері 675,3 млн. тонна жүк тасымалданды - ИИДМ
24 Сәуір, 2020 15:48

Жыл басынан бері 675,3 млн. тонна жүк тасымалданды - ИИДМ

Жыл басынан бері автомобиль көлігі саласында республика ішінде 5,3 млн. жолаушы, 675,3 млн. тонна жүк тасымалданды. Ал халықаралық қатынаста 2,3 млн. тонна жүк тасымалданса, оның ішінде: экспорт – 640 мың тонна, импорт - 1,7 млн. тонна болды. Сонымен қатар, 380 мың тонна транзиттік жүк тасымалданды, деп хабарлады Strategy2050.kz ИИДМ-ға сілтеме жасай отырып.
Жыл басынан бері  675,3 млн. тонна жүк тасымалданды - ИИДМ

Қазіргі уақытта автомобиль тасымалдары саласында 3,5 мыңдай кәсіпорын жүк тасымалдаумен айналысады. 1 мыңдай кәсіпорын тұрақты автобус тасымалдарын жүзеге асырады. Олардың 17,5 мыңнан астам автокөлігі бар. 

Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі әлемде COVID-2019 коронавирустық инфекциясының таралуына және елімізде төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты келесі шаралар қабылдады:

- Қытай, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан және Моңғолиямен 117 тұрақты автобус бағыты тоқтатылды;

- халықаралық тұрақты емес және транзиттік жолаушылар тасымалына тыйым салынады;

- карантин енгізілген өңірлерге/өңірлерден жолаушыларды облысаралық және қалааралық тасымалдау тоқтатылды;

- карантин енгізілген аймақтарда автовокзалдар мен автостанциялардың жұмысы тоқтатылды;

- облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары әкімдіктеріне төтенше жағдай режимі кезеңінде өңірлерде автокөлікпен жолаушылар тасымалдауды шектеу бойынша ұсынымдар жолданды;

- шет мемлекеттердің құзыретті көлік органдарына халықаралық қатынаста жүктерді тасымалдау кезінде санитарлық іс-шараларды сақтау қажеттігі туралы ұсынымдар жіберілді;

- Қытаймен, Ресеймен, Қырғызстанмен және Өзбекстанмен мемлекеттік шекара арқылы 20 жеке автомобиль өткізу пункті уақытша жабылды.

Ал халықаралық және республикаішілік қатынаста жүк автокөлік құралдарымен жүк тасымалдауға шектеулер енгізілмегенін айта кету керек. 

Қазіргі уақытта бағдарлардың қысқаруына немесе тоқтатылуына байланысты қазақстандық автобус тасымалдаушыларының ахуалына сараптамалық бағалау жүргізіліп, саланы қолдауға қатысты ұсынылатын шаралар қарастырылып жатыр. 


ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды