• Басты
  • Жыл басынан бері 37 қазақстандық экспорттаушы «Бәйтерек» холдингінен қолдау алды
13 Сәуір, 2020 11:13

Жыл басынан бері 37 қазақстандық экспорттаушы «Бәйтерек» холдингінен қолдау алды

«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-ның еншілес ұйымы «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ ағымдағы жылдың басынан  37 қазақстандық экспорттаушыны қолдады, оның 10-ы ТЖ режимінің әрекет ету кезеңінде 1 млрд теңгеден астам сомаға сақтандыру қолдауына ие болды, 6-ы компания құралдарын алғаш рет пайдаланғандар. 
 Жыл басынан бері 37 қазақстандық экспорттаушы  «Бәйтерек» холдингінен қолдау алды

Қашықтықтан жұмыс істеуді ұйымдастыруға көшкеннен бастап KazakhExport барлық бизнес-процестерді сақтай отырып, клиенттермен өзара іс-қимылдың жеделдігін де арттыра түсті, себебі көптеген мәселелерді шешу онлайн алаңға өтті. 

2020 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша KazakhExport қабылдаған міндеттемелердің көлемі шамамен 19 млрд теңгені құрады, бұл 2019 жылдың ұқсас кезеңінен үш есе көп, экспорт алды қаржыландыру және сауданы қаржыландыру бойынша шартты салымдардың сомасы 10,9 млрд теңгеге жетті, қолдау көрсетілген келісімшарттардың сомасы 50,7 млрд теңгеден асты. 

Сонымен қатар, Қазақстанның әр түрлі салалары мен өңірлеріндегі 22 экспорттаушы бойынша 29 млрд теңге сомасындағы жобалар мақұлданды және сақтандыру шарттарын жасаудың сатысында тұр. 

Биылғы жылдың басынан бері KazakhExport қолдаған табысты кейстер туралы осы компания басшысы Руслан Ысқақов айтып өтті. Мәселен, оның айтуынша, кәбіл-өткізгіш өнімдер  өндіру бойынша ірі отандық «Қазэнергокабель» АҚ импортты алмастыру бойынша үкіметтік бағдарламаға белсене қатысып қана қоймай, сыртқы нарықтарды да игеруде. 

" Біз зауытпен Өзбекстан мен Ресейге қазақстандық өнімдерді жеткізуге арналған үш экспорттық келісімшарт бойынша сақтандыру шарттарын жасадық. KazakhExport-тың сақтандыру қолдауының арқасында отандық экспорттаушы, төлемін кейінге қалдыра отырып, шетелдік контрагенттерге өз өнімдерін тәуекелсіз жібере алады, бұл ретте  жіберу көлемін едәуір ұлғайта алады. Сақтандырылған экспорттық келісімшарттардың сомасы 21,5 млн долларды құрады", - деп түсіндірді Руслан Ысқақов. 

Сақтандырылған экспорттық келісімшарттар шеңберінде кәсіпорын айналымдағы қаражатты толықтыру үшін екінші деңгейдегі банкте кредит желісін ашты. KazakhExport осы желі бойынша қорландыру ұсынды, соның арқасында Қазэнергокабель қарызды   төмен сыйақыны ставкаларымен рәсімдеу мүмкіндігіне ие болды. Экспортқа дейінгі ұсынылған қаржыландырудың жалпы көлемі 340 млн теңгеден асты.

    Биылғы жылы бірінші рет  KazakhExport-тың қолдау құралдарын құбырлар мен фитингтерді өндіруге және сатуға мамандандырылған «Fidelis Global» ЖШС және пластикті экструзиялау және құймалы престеу жөніндегі ірі компания «Novus Polymer» ЖШС сияқты кәсіпорындар пайдаланды, оларды   қаржыландыратын банк үшін «Қарыздарды сақтандыру»құралы шеңберінде сақтандыру өтемі берілді.   

“KazakhExport-тың осы  қаржылыұ-сақтандыру құралының көмегімен компаниялар айналым қаражатын толықтыруға 400 млн теңге көлемінде қаржы алды, бұл өз кезегінде Өзбекстан мен Тәжікстанға қосымша шикізат сатып алуға және экспортталатын өнім көлемін ұлғайтуға мүмкіндік берді”, - деп хабарлады Руслан Ысқақов.

2020 жылдың басынан бері қолдау тапқан жобалардың ішінде азық-түлік өнімдерін өндірушілер де бар. KazakhExport-тың  құралдарын алғашқы болып 122 компаниядан тұратын және әртүрлі елдерде 76 өкілдігі бар, «CG Corp Global» ЖШС ірі халықаралық корпорациясына  кіретін «CG FOOD Central Asia» ЖШС-ы пайдаланды. Өткен жылдың желтоқсан айында корпорация өзінің өндірістік желісін кеңейту аясында Түркістан облысында тез дайындалатын кеспе зауытын ашты. 

 «CG FOOD Central Asia» ЖШС Ресей Федерациясындағы үш шетелдік сатып алушыға қатысты экспорттық кредиттер бойынша шарттарды сақтандыруға ие болды. Енді экспорттаушы өз өнімін шетел контрагенттеріне төлемді кейінге қалдыра отырып, тәуекелсіз жібере алады, бұл ретте жіберу көлемін едәуір ұлғайта алады. Сақтандырылған экспорттық келісімшарттардың сомасы 130 млн ресей рублін құрады. 

Зауыт 2020 жылдың басында қазақстандық тез дайындалатын  кеспені жеткізуді бастады және РФ мен Өзбекстанға экспорттау географиясын біртіндеп кеңейтуді жоспарлап отыр. 

“Қазіргі уақыттағы жағдай - отандық бизнес пен жалпы ел үшін үлкен сынақ. «Бәйтерек» холдингі мен «KazakhExport» еншілес ұйымының басты міндеті - экономиканың басым секторларындағы шикізаттық емес тауарлар, жұмыстар, қызметтер экспортының өсуін қолдау және қазақстандық кәсіпорындарды қаржылық-сақтандыру және қаржылық емес қолдау тәжірибесін қалыптастыру. Біз белсенді жұмыс атқарудамыз, біздің аймақтық менеджерлеріміз әрдайым өндірушілермен, жергілікті басқару органдарымен байланыста болып, клиенттерге KazakhExport құралдары бойынша дер кезінде шешімдер ұсынуда”, - деп түйіндеді Руслан Ысқақов. 

2017 жылдан бастап KazakhExport құралдарын Қазақстанның түрлі өңірлерінен машина жасау, металлургия, химия, тамақ және жеңіл өнеркәсіп, агроөнеркәсіптік кешен салаларындағы қызметті жүзеге асыратын 112 отандық экспорттаушы кәсіпорын пайдаланды. Осы үш жылдың ішінде сақтандыру қолдауының жалпы көлемі 245,9 млрд теңгені құрады,оның 97 млрд теңгесі өткен жылға тиесілі. Облыстар бойынша қолдау көрсетілген келісімшарттардың ең көп сомасы Алматыға (71 млрд.теңге), Қостанай (48,3 млрд. теңге), Павлодар (29 млрд. теңге) және Ақтөбе облыстарына (17,6 млрд. теңге) тиесілі.

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды