• Басты
  • "Жусан" операциясы туралы деректі фильм жарыққа шықты

"Жусан" операциясы туралы деректі фильм жарыққа шықты

13 Шілде, 2021 16:54

ҰҚК баспасөз қызметі "Жусан" гуманитарлық арнайы операциясы туралы "Рақымды ұйым" деректі фильм дайындады, деп хабарлады Strategy2050.kz.

ҰҚК баспасөз қызметі дайындаған "Рақымды ұйымым" деректі фильмі "Жусан"гуманитарлық арнайы операциясы аясында жүргізілген ауқымды жұмыстар туралы баяндайды. ​Фильмде ұлттық қауіпсіздік органдарының жедел қызметкері алғаш рет қарулы қақтығыс аймағында болу жағдайларын, арнайы операцияның дайындық процесін ашады, қазақстандық азаматтарды Сириядан қайтару бойынша бірегей операцияны жүргізуге тартылған мемлекеттік органдардың күштері мен құралдары туралы әңгімелейді. ​Сондай-ақ отандастарымызды репатриациялау, әлеуметтендіру және оңалту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі А.Балаева, ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары, қазіргі ҚР Америка Құрама Штаттарындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Е. Н. Ашықбаев әңгімелейді.


Барлық жаңалықтар