- Басты
- Жоюға тапсырылған ескі көліктердің саны 120 мыңнан асты
Жоюға тапсырылған ескі көліктердің саны 120 мыңнан асты
Соңғы үш жылда жоюға тапсырылған ескі көліктердің саны 121 477-ге жетті. Тозығы жеткен көлігін өткізген қазақстандықтарға 11,5млрд теңге қаражат төленді, деп хабарлады ӨКМ Операторы баспасөз қызметі.

"Сертификат бағдарламасы бойынша 44 226 автокөлік қабылданды. Табысталған сертификаттың 38 528 отандық өндірушіден 20 646 су жаңа автокөлік сатып алуға пайдаланылды", делінген хабарламада.
Ескі көліктерді жоюға қабылдау бағдарламасы бойынша аймақтардан жиналған автокөліктер Қарағанды облысындағы зауытқа жеткізіледі. Істен шыққан көлік құралдары сол жерде қайта өңделеді. Қазіргі таңда зауыт іске қосылғаннан бері 102 мың көлікті қайта өңдеді.
Тозығы жеткен көлік құралдарын қабылдау бағдарламасының басты мақсаты отандық паркті жаңарту, автокөліктерден экологияға шығатын улы газдар көлемін азайту. Және де қазақстандық автоөндірісті ынталандырып, қайта өңдеу саласының инфроқұрылымын қалыптастыру басым бағыттардың бірі болып саналады.
-
Сайлау қорытындысы: Мәслихаттардағы мандаттар саны белгілі болды
-
Пандемия жағдайында сайлау мінсіз ұйымдастырылған – Франциялық бақылаушылар
-
Үгіт насихат жұмыстары: Партиялардың сайлауалды штабтары кездесуді жалғастыруда
-
Қазақстанда 858 мыңнан астам адам АӘК алды
-
Балабақшалардағы кезекті азайту: Алматыда балабақшаларда 20 мыңнан астам жаңа орындар ашылады
-
Балаларға арналған демалыс және бейімдеу орталықтарын ұйымдастыру бойынша жобалар акселерациядан өтті
-
Қазақстан және Канада: келешегі мол ынтымақтастық
-
COVID-19: АҚШ-та қайтыс болғандар саны шарықтау шегіне жетті, Германия Рождестводан соң локдаун енгізбек
-
Антикор мен «Әділдік жолы» бірлестігі ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды
-
Ақмола облысында бизнеске қолайлы орта қалыптасқан: Қаржыландырылған бизнес жобалар саны 3 есеге өсті
-
Қазақстан және ЕАЭО: ынтымақтастықтың Қазақстан үшін тиімді жақтары қандай
-
Биыл Алматыға келетін туристердің саны азайды
-
Сайлау: мемлекетті қалыптастырудың құралы ретінде
-
Саясаттанушы дамыған мемлекетті құлдырататын басты факторды атады
-
Атырау облысының әкімі өңірдегі төрт басты проблеманы атады

