• Басты
  • Жаңалықтар
  • ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы

ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы

16 Қараша, 2021 15:01

Еліміздің жоғары білім беру саласын дамыту бойынша ауқымды жүйелі жұмыс жүргізіліп жатыр. Заңнамалық деңгейде университеттерге академиялық және басқарушылық дербестік берілді. Осы орайда, университеттерді қаржыландыру, берілген гранттар мен лицензиялар, оқытушылардың жалақысы және сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу туралы шолу жасауды жөн көрдік. Толығырақ Strategy2050.kz тiлшiсiнiң матеpиалында.

Білім беру сапасын арттыру бағыттары

Еліміздің жоғары білім беру саласының сапасын арттыру бірнеше бағытты қамтиды. Атап айтар болсақ, оңтайлы басқару жүйесі, акдемиялық саясат, білім бағдарламаларының сапасы, қолжетімді қаржыландыру, кәсіби оқытушылар құрамы мен академиялық адалдық принциптерін сақтау және сапаны қамтамасыз етудің тиімді жүйесі. Министрдің мәліметінше, еліміздің 122 университінің жартысы жеке мешік ұйымдар. Қазіргі таңда бакалавриат, магистратура мен докторантура деңгейлерінде 600 мыңнан астам студенттер білім алуда. Еліміздің 14 жоғары оқу орыны Дүниежүзілік ең үздік университеттер рейтингіне енді.

«Соңғы жылдары гранттар саны 2 есеге жуық өсті. Енді 2025 жылға қарай кезең кезеңмен грант саны 75 мыңға дейін жетеді», - дедi министp.

Министр өз сөзінде Мемлекет басшысының тапсырмасының аясында студенттердің стипендиясы да екі есеге жуық өсіп, 2025 жылға қарай олардың стипендиясы тағы 2 есеге, ал магистранттар мен докторанттардың стипендиясы 1,5 есеге артатынын мәлімдеді.

Қаржыландыру жүйесі

Қазақстанның барлық университеттері жан басына қаржыландыру жүйесіне көшті. Мемлекеттік пен жеке меншік университеттер оларды қанша талапкер таңдаса дәл сол мөлшерде ғана мемлекеттен грант яғни қаражат алады. Сәйкесінше, мемлекеттік жоғары оқу орындар, жөндеу жұмыстарын жүргізуге, жалақы төлеуге, материалдық базасын жаңартуға бюджеттен тікелей қаржы алмайды.

«Тек студенттердің таңдауына сәйкес гранттармен қаржыландырылады. Сапаны қамтамасыз ету үшін басқару жүйесінің тиімді болуы маңызды. Ең ірі 28 мемлекеттік жоғары оқу орындары коммерциялық емес акционерлік қоғам ретінде қайта құрылып, корпортивті басқару жүйесіне көшті», - дедi министp.

Министрдің айтуынша, сәйкесінше былтырдан бастап басты шешімдерді директорлар кеңесі қабылдайды, ал ректор сол қабылданған шешімдерді іске асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, ректорларды тағайындаудың жаңа жүйесі енгізіліп, осы конкурстық жүйе арқылы екі жылда ректорлар корпусының 50%-нан астамы жаңартылған. Конкурстық тәртіптің арқасында университеттер басшылығына халықаралық тәжірибесі мен мол ғылыми әлеуеті бар әлемнің үздік жоғары оқу орындарының түлектері және «Болашақ» бағдарламасының стипендиаттары тағайындалған.Бұдан бөлек, провост институты құрылып, оқу орындарының қадр резерві де жасақталған.

Оқытушылардың жалақысы

«Басқару жүйесінің трансформациясы университеттерде инновациялық менеджементтің дамуына, спасын көтеріп, тиімділігінің артуына әсер етеді. Білім сапасы бірінші кезекте оқытушылардың кәсіби біліктілігіне тікелей байланысты.Сондықтан әріптестеріміз үшін қолайлы жағдай жасау басты назарда», - дедi министp.

Министр мемлекет басшысының тікелей қолдауының арқасында биылғы қыркүйек айынан бастап оқытушылардың жалақысы 2 есеге жуық көтерілгенін атап өтті. Нақты айтқанда, оқытушыға бір ставкаға минималды түрдет– 200 мың теңге, ғылым кандидатына – 260 мың теңге, ғылым докторына - 350 мың теңгеден 400 мың теңгеге дейін жалақы төлеу бойынша шешім қабылданған.

«Үлкен оқу жүктемесі мен қағазбасылық педагогтерді сабаққа толыққанды дайындалуға қиындық туғызғаны белгілі. Сондықтан біз педагогикалық жүктемені 800-1000 сағаттан 680 сағатқа дейін азайтып, есептілік нысандарын да 35%-ға қысқарттық. Бұл шара да әріптестерімізге сапалы білім беру мен ғылыммен айналысуы үшін мүмкіндік берері сөзсіз», - дедi министp.

Сапасыз білім беретін университеттерді жабу

Білім сапасын қамтамасыз ету үшін мемлекеттік бақылау күшейтілген. Осы орайда, министрлік сапасыз білім беретін университеттерде тексеріс жүргізіп, нәтижесінде анықталған кемшіліктер бойынша 500-ден астам сот процесстеріне қатысып, 15 университетті толығымен жапқан.

«Тағы 4 университетті жабу бойынша соттың шешімі қабылданып, енді апелляция жүруде. 61 университеттің 400 сапасыз білім берген бағыттары бойынша лицензиялары қайтып алынды. Студенттері басқа оқу орындарына ауыстырылды», - дедi ол.

Минитрдің мәлімдеуінше, мұғалімдерді осы уақытқа дейін 86 университет дайындаса, қазіргі таңда тек 50 оқу орыны ғана дайындайды. Сондай-ақ, ол бұл жұмыстар жалғасатынын жеткізді.

«Тексеріс процедурасы да жетілдірілді, оған студенттерді тестілеу мен жұмыс берушілерден сауалнама жүргізу сияқты сапалы көрсеткіштер енгізілді», - дедi министp.

Министрлік аккредитеттеу агенттіктердің жауапкершілігін көтеру үшін өзгеріс енгізген. Ендігі уақытта біріңғай сапалы талаптарды қою сияқты тетіктер қабылданып, жоғары сапаны қамтамасыз етпейтін агенттітерді тізімнен шығару, яғни жабу болып табылады. Нәтижесінде, 6 университеттердің институционалдық аккредиттеуі қайтарылып, 20 білім беру бағдарламасы аккредиттеуден өтпеген.

Ішкі сапаны қамтамасыз ету тәсілдері

Министрдің айтуынша, Қазақстанда Еуропалық (ESG) сапаны қамтамасыз ету жөніндегі стандарттар еңгізілуде. Өткен жылы жоғары білімнің ұлттық біліктілік шеңбері Еуропалық біліктілік шеңберімен өзін-өзі сертификаттау рәсімінен сәтті өткен. Жұмыс нәтижесінде, Қазақстанның жоғары оқу орындары дипломдарын Еуропада танылуын қамтамасыз ету мүмкіндігі пайда болған. Сондай-ақ, ол академиялық саясат бағытына тоқталып өтті. Білім беру бағдарламаларының сапасын арттыру мақсатында университеттерге академиялық және атқарушы дербестік берілген.Осыған орай, олар Министрлік бекіткен үлгілік оқу жоспарларының орнына, білім беру бағдарламаларын дайындағанда жұмыс берушілердің кәсіптік стандарттарын негізге алатынын жеткізді.

«Тиісінше жоғары оқу орындары білім беру бағдарламаларын өз бетінше әзірлеуге көшіп, 9371 бағдарлама әзірленді. Төртінші индустриялық революцияға байланысты әлемдік еңбек нарықтың негізгі проблемаларының бірі «дағдылардың тез ескіруі» болып табылады», - дедi ол.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша өмір бойы оқу тұжырымдамасы әзірленген. Бұл жұмыстың арқасында университеттер формалды емес және информалды білім алудың нәтижелерін танып, қабылдайтын болады.

Академиялық адалдық саясатын қалыптастыру

Министр академиялық адалдық талаптарын сақтау міндеті еңгізілгенін атап өтті. Нәтижесінде, енді академиялық адалдық қағидаттарын бұзған студенттерді оқудан шығаруға болады және де барлық дипломдық жұмыстар мен жазбаша жұмыстарды жөнсіз көшіріп алуды болғызбау үшін міндетті түрде тексеру нормасы бекітілген.

«Тағы бір маңызды сұрақ оқуға түсу процедурасының ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз ету. Осы мақсатта біз биыл ҰБТ-ның жаңа жүйесін енгіздік. 2021 жылы елімізде алғаш рет ҰБТ «1 компьютер – 1 камера – 1 тестіленуші» принципі бойынша электрондық форматта өткізілді», - дедi министр.

Бұдан бөлек, тесттерде фактологиялық білімді тексеруден ойлау қабілетін, сауаттылығын анықтау үшін тест тапсырмалары жаңартылған. Магистратураға түсу және докторантураға емтихан тапсыру үшін тестілеудің компьютерлік форматы енгізілген.

«Пандемия кезінде қашықтан оқыту қажеттілігі пайда болды. Сондықтан жоғары оқу орындарында цифрлық экожүйе қалыптастыру, LMS платформалар, виртуалды зертханалар, прокторинг жүйелері кеңінен енгізілуде», - дедi министр.

Бәсекелестікті арттыру

Оның мәліметінше, сапаны қамтамасыз ету үшін білім, медицина, авиациялық, құрылыс, өнер, әскери іс сияқты бағыттар үшін қашықтан сабақтардың тек 20% беру рұқсат ету туралы шектеу қойылған. Сапаны көтерудің тағы бір тетігі бәсекелестікті арттыру. Сондай-ақ, отандық университеттердің шетелдік үздік университеттермен тәжірибе алмасу және бәсекеге қабілетті болуы үшін біз Қазақстанда шетелдің алдынғы қатарлы университеттерінің филиалдарын ашу бойынша жұмыстар өз жұмысын бастаған.

«Биыл De Montfort Leicester университетінің филиалы ашылды. University of Arizona және Arizona State University филиалдарын ашу жұмыстары жүргізілуде.Тағы кем дегенде 5 филиал ашу бойынша жүмыс жүргізіледі», - дедi министр.

Министрлік отандық жоғары оқу жүйесін дамыту үшін жаңа жобалар да дайындаған. Жоғары оқу орындарының бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында өңірлердегі 20 жоғары оқу орнының базасында академиялық артықшылық орталықтары құрылатын болады. Жоба шеңберінде бұл университеттердің материалды техникалық базасы, ғылыми зертханалары нығайтылып, жаңа білім бағдарламалары енгізіледі. Сондай-ақ, зерттеу экожүйесін қалыптастыру үшін үш жоғары оқу орындарын зерттеу университтеріне айналдыру жоспарлануда.

«Оған қоса Назарбаев Университетінің тәжірибесі негізінде 2 озық жоғары оқу орнын құру бойынша белсенді жұмыс басталды. Болашақта жоғары оқу орындарының арасында бәсекелестікке ынталандыруды арттыру үшін университеттер төрт лига бойынша бөлінетін болады», - дедi министр.
Министрдің айтуынша, сәйкесінше Лигаларға байланысты жоғары оқу орындарына академиялық, басқарушылық еркіндіктің әртүрлі деңгейлері анықталады. Сондай-ақ ең мықты университеттер мемлекеттік бақылаудан босатылып, керсінше 3 лигаға және 4 лигаға енбеген университеттер мемлекеттік бақылауда тексеріс үстінде болады.Жоғары білім беру сапасын арттыру бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде. «Білімді ұлт» ұлттық жобасында университеттерді одан әрі дамытудың негізгі бағыттары айқындалды.

Айта кетейік, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша мемлекеттік бағдарламалардан ұлттық жобалар форматына көшу жүзеге асырылды. «Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасында жедел шешімдерді талап ететін және халықтың қажеттілігін қамтамасыз етуге бағытталған мәселелер бойынша мемлекеттік бағдарламамен сабақтастық сақталған. Ұлттық жобаға сәйкес елімізде толық жинақталған ауыл мектептерінде жан басына қаржыландыру біртіндеп енгізілетін болады, педагогтердің еңбекақысын арттыру мәселесі қаралады.Сондай-ақ, ұлттық жобада балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту, қалалық және ауылдық мектептер арасындағы оқыту сапасындағы алшақтықты азайту, оқушы орындарының тапшылығы проблемаларын шешу үшін мектептер салу, қауіпсіз және жайлы білім беру ортасын құру сияқты мәселелер өз жалғасын тапты.

Барлық жаңалықтар