• Басты
  • Жолшылар құрылыс маусымының басына қарай материалдардың 70% дайындауы керек
20 Қаңтар, 2020 16:22

Жолшылар құрылыс маусымының басына қарай материалдардың 70% дайындауы керек

Қазақстанда құрылыс маусымына дайындық жұмыстары жалғасып жатыр. Елімізде автомобиль жолдары саласында жобаларды іске асырып жатқан компаниялар осы жылдың сәуіріне дейін құрылыс қажеттіліктерінің жылдық қорының 70% дайындауға міндетті. 
Жолшылар құрылыс маусымының басына қарай материалдардың 70% дайындауы керек

Жалпылай алғанда, 2020 жылы автомобиль жолдарының 4 мың шақырымы құрылыс жұмыстарымен қамтылады деп жоспарлануда. Бұл мақсаттарға жолшыларға шақпақтастардың 27 млн тоннасы, темір-бетонды бұйымдардың 50,5 мың текше метрі, цементтің 644 мың тоннасы мен жанар-жағармай материалдарының 400 мың тоннасы қажет. 

Облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын, сондай-ақ, ел қалаларындағы көшелерді жөндеуді  қоса алғанда, мамандардың есептеуінше, жол жабындысын салуға арналған негізгі материал – битумның 984 мың тоннасы керек. Осылайша, республикалық жолдар желісіне битумның 524 мың тоннасы, жергілікті жолдарға – 460 мың тоннасы қажет. Құрылыс маусымына қазіргі таңда дайындық жұмыстары қарқынды түрде жүргізіліп жатыр. Жол компаниялары материалдарды дайындау жұмыстарын қатаң түрде кестеге сәйкес жүргізбек ниетте. 

Айта кетейік, құрылыс маусымының қызған шағында іске асырылатын жобаларға жол-құрылыс техникасының 10 мың бірілігін, 77 уатқыш қондырғыларды, 57 бетон және 87 асфальт-бетонды өндіретін зауытты жұмылдыру жоспарланған. Жалпылай алғанда, 2020 жылы автомобиль жолдары саласында шамамен 100 мың адам еңбек етпек. 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды