• Басты
  • Жолдаудағы саяси реформалар пакеті: Ауыл әкімдерін сайлау, партиялардың өту шегін төмендету, «барлығына қарсы» бағаны

Жолдаудағы саяси реформалар пакеті: Ауыл әкімдерін сайлау, партиялардың өту шегін төмендету, «барлығына қарсы» бағаны

5 Мамыр, 2021 16:03

Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісі жалпы отырыс барысында «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңға «Кейбір заңнамалық актілерге сайлау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ілеспе заң жобасындағы түзетулерді мақұлдады. Аталмыш құжаттағы түзетулер мен өзгерістер сайлау процесіне азаматтардың конституциялық құқығын жүзеге асыруға қалай әсер ететіні жөнінде Strategy2050.kz тілшісінің материалында.

Ауыл әкiмдерiн тiкелей сайлау

Жиынға қатысқан ҚР Ұлттық экономика министрi Әсет Ерғалиев ел президентi Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауындағы тапсырмасын орындау мақсатында аудандық маңызы бар қала, ауыл, ауылдық округтер кенттерi әкiмдерiнiң тiкелей сайлауын енгiзу мәселелерi бойынша заң жобалары әзiрленгенiн атап өттi. Оның айтуынша, негiзгi заң жобасы арқылы «Сайлау туралы» Конституциялық заңға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiледi.

«Бұл реформа 2345 әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiкке қатысты. Бұл ретте 836 әкiм биыл екiншi жартыжылдықта тiкелей дауыс беру арқылы сайланады. Ал, сайланған әкiм жүргiзiп жатқан жұмысы туралы халыққа есеп бередi. Мемлекеттiк қызмет туралы заңнамадағы бiлiктiлiк талабына сәйкес келетiн 25 жастан кiшi емес ҚР азаматы әкiм болып сайлана алады. Сайлауға саяси партиялар ұсынған кандидаттар мен дауыс беруге құқығы бар сайлаушылардың жалпы санының кемiнде 1%-ының қолын жинаған өзiн-өзi ұсынушылар қатыса алады», - дедi Әсет Ерғалиев.

Министрдiң сөзiнше, ұсынылған кандидаттар болмаған не бiр ғана адам ұсынылған жағдайда, аудан (облыстық маңызы бар қала) әкiмi тиiсiнше екi не бiр кандидатты ұсынуға құқылы.

«Барлық кандидаттар үшiн ең төменгi 1 жалақы мөлшерiнде сайлау жарнасын енгiзу көзделген. Сайлау 40 күн бұрын жарияланады, ал сайлаудың өзi қазiргi әкiмнiң өкiлеттiк мерзiмi аяқталуға 10 күн қалғанда өткiзiледi. Сайлаудың қорытындысы сайлау өткiзiлгеннен кейiнгi үш күн iшiнде шығарылады», - дедi министр.

Ауыл әкiмiнiң өкiлеттiгi қандай жағдайда тоқтайды

Сондай-ақ, министр заң жобасына сәйкес ауыл әкiмiнiң өкiлеттiгi сайлау комиссиясы оны тiркеген сәттен басталатынын атап өтiп, қандай жағдайларда тоқтатылатынын жөнiнде айтып бердi.

«Үмiткердi саяси партия ұсынған жағдайда тиiстi партияның мүшелiгiң жоғалтқан кезде, мәслихат депутаттары әкiмге қатысты сенiмсiздiк бiлдiруi, соның iшiнде жергiлiктi қоғамдастық жиналысының бастамасы бойынша, сонымен бiрге, мемлекеттiк қызмет туралы заңға сәйкес басқа да негiздерге байланысты тоқтатылады», - дедi Әсет Ерғалиев.

Сонымен қатар, оның сөзiне сенсек, «Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызметi туралы» заңға енгiзiлген түзетулермен ротация және аттестаттау жүргiзудiң күшiн жою, тәртiптiк терiс қылықтар үшiн лауызымын төмендету көзделiп отыр. Сондай-ақ, ауыл әкiмi үшiн тәртiптiк жазалардың шаралары өзгерiссiз қалады.

Сонымен қоса, «Саяси партиялар туралы» Заңға ауыл әкiмдiгiне кандидаттар ұсыну бойынша саяси партиялардың жарғысын, құқықтары мен мiндеттерiн толық орындау бөлiгiнде өзгерiстер енгiзу ұсынылады.

Партиялардың өту шегiн төмендету және «Барлығына қарсы» бағаны

Бұдан бөлек, аталған заң жобасы арқылы Парламент Мәжiлiсiне сайлау кезiнде саяси партиялардың өту шегiн 7%-тен 5%-ке дейiн төмендету қарастырылып отыр. Барлық деңгейдегi сайлау бюллетеньдерiне «Барлығына қарсы» деген баған қосылады.

Ұлттық экономика министрi Әсет Ерғалиевтiң мәлiметiнше, бюджет заңнамасының нормаларын ескере отырып, 2021-2022 жылдары қаржыландыру республикалық бюджеттен нысаналы трансферттер, ал кейiннен 2023 жылдан бастап, жергiлiктi бюджеттер есебiнен жүзеге асырылмақ.

Ал, ҚР Мәжiлiс төрағасы Нұрлан Нығматулин саяси партиялардың Парламент Мәжiлiсiне кiру шегiн 7-ден 5% -ға дейiн төмендету, сондай-ақ барлық деңгейдегi сайлауда берiлген бюллетеньдерге «Барлығына қарсы» бағанын енгiзу ел президентiнiң тапсырмасы екенiн айта келе, бұл қазақстандықтардың өз конституциялық құқықтарын iске асыруда белсiндiлiгiн арттыратынын атап өттi.

«Мұның бәрi, әрине, азаматтардың өздерiнiң конституциялық құқықтарын жүзеге асырудағы белсендiлiгiн, сонымен қоса ауыл әкiмдерiнiң тұрғындардың проблемаларын шешуде де белсендiлiгiн арттырады. Сонымен қатар, бұл түзетулер саяси партиялардың сайлау процесiнде рөлiн кеңейтедi және саяси бәсекелестiктiң дамуына ықпал етедi. Осылайша, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бастаған саяси жаңғырту бағдарламасын заңнамалық қамтамасыз етуде тағы бiр маңызды қадам жасалды, - дедi ол.

Әсет Ерғалиевтiң пiкiрiнше, «Кейбiр заңнамалық актiлерге сайлау мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» iлеспе заң жобасы арқылы «Жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы», «Саяси партиялар туралы» және «Мемлекеттiк қызмет туралы» заңдарға түзетулер енгiзiледi. Оның пiкiрiнше, бұл реформалар азаматтардың өз конституциялық құқығын толыққанды жүзеге асыру белсендiлiгiн көтеруге, ауыл әкiмiнiң халықтың қажетi мен проблемасына ден қою жеделдiгiн арттыруға, сондай-ақ «Халық үнiне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын толық көлемде iске асыруға мүмкiндiк бермек.

Сарапшылар не дейдi

Мәжiлiс депутаты Ерлан Саиров та өзiнiң Фэйсбук парақшасында ел Президентi Қасым-Жомарт Тоқаевтың екiншi саяси реформаларының пакетiн iске асыру шеңберiнде Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Мәжiлiсi бiрiншi оқылымда «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заң жобасын қабылдағанын атап өтiп, жұмыс тобына сарапшылар қауымдастығының, саяси партиялардың, ҚР Президентi жанындағы Қоғамдық сенiм ұлттық кеңесiнiң өкiлдерi қатысқанын тiлге тиек еткен.

Ол өз жазбасында жұмыс тобының 12 отырысы өткенiн айта келе, жаңадан енгiзiлген өзгерiстерге тоқталып өткен.

«Биыл аудандық деңгейдегi ауыл, кент, қала әкiмдерiнiң тiкелей сайлауы өтедi. Сонымен бiрге, Мәжiлiске партияның кiруi үшiн пайыздық шегi 7-ден 5 пайызға дейiн азайды. Дауыс беру бюллетенiне «бәрiне қарсы» деген баған енгiзiледi», - дедi ол.

Алдағы 4 жыл iшiнде 2345 әкiмдi сайлау жоспарланған, оның iшiнде 836 әкiм биыл сайлауға түседi. Сонымен қоса, Ерлан Саиров «Нұр Отан» партиясы фракциясының депутаттары, жұмыс тобының мүшелерi азаматтардың құқықтарын кеңейтуге және осы процеске қоғамның қатысу спектрiн арттыруға қатысты бiрқатар маңызды түзетулер енгiзгенiн тiлге тиек еттi.

Бұл, оның сөзiнше, демократияға бағытталған прогрессивтi қадам, жергiлiктi деңгейде демократия мен қоғамдық бақылау принципi жүзеге асырылады.

Осы нормаларды қабылдау саяси бәсекелестiктiң дамуына және елдегi плюрализм деңгейiнiң жоғарылауына ықпал етедi.

Барлық жаңалықтар