• Басты
  • Жолдаудағы бастамалар Қазақстан дамуына жол ашады – шетелдік сарапшы
24 Қыркүйек, 2019 13:00

Жолдаудағы бастамалар Қазақстан дамуына жол ашады – шетелдік сарапшы

Швейцария-Ресей-ТМД Бірлескен сауда палатасының басқару директоры  Дорит Саллис Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан Республикасы халқына Жолдауы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Strategy2050.kz.

 

Жолдаудағы бастамалар Қазақстан дамуына жол ашады – шетелдік сарапшы | Strategy2050.kz
«Президент Тоқаев өзінің халыққа Жолдауында ұсынған ішкі реформалар Қазақстанның экономикалық, әлеуметтік және саяси салаларында айтарлықтай өзгерістерге жол ашады. Инфрақұрылымның, энергетика мен ауыл шаруашылығының негізгі секторларындағы реформалардан бастап, білім беру, денсаулық сақтау және тұрғын үйді жақсартуға дейін, өңірлерді дамыту мен ШОБ қолдауынан бастап көппартиялы жүйені нығайтуға дейін, барлық осы реформалар Қазақстан азаматтарының ұзақ мерзімді гүлденуі мен әл-ауқатын қамтамасыз ететін қоғамдағы өсуін және алға жылжуын көрсетеді», - деді Д-р Дорит Саллис.

Сондай-ақ, сарапшы Президент айқындаған сыртқы саяси басымдықтар да маңызды екенін айтты.

«Бұл Қазақстанға әлемдік экономикалық ірі мемлекеттердің арасында алатын орнын қамтамасыз етеді. Экономиканың әртараптандырылған салаларындағы оңтайлы реттеу құрылымдары арқылы елге тікелей шетелдік инвестицияларды тарту саясаты, сондай-ақ «Астана» Халықаралық қаржы орталығы ұсынатын жан-жақты қаржы ресурстарының болуы шетелдік компаниялардың Қазақстанға өте перспективалы инвестициялық аймақ ретінде сенімін арттыруға ықпал етеді», - деді ол.

Сондай-ақ, ол Жолдауда енгізілген ішкі және сыртқы саяси реформалардың үйлесуі Қазақстанның қазіргі және таяу жылдардағы өсуі мен өркендеуіне негіз қалайтынын айтты.

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды