- Басты
- Жаңалықтар
- Жолдау-2021: Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасының бағыттары, жүзеге асуы
Жолдау-2021: Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасының бағыттары, жүзеге асуы
Бүгін үкімет отырысында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың биыл 1 қыркүйектегі Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасымен Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев таныстырды. Оның мәліметінше, жоба жолдауда көтерілген мәселелерге негізделіп, 7 бағыт бойынша жүзеге аспақ. Толығырақ Strategy2050.kz тілшісінің материалында.

Әсет Ерғалиев қарауға Мемлекет басшысының 2021 жылғы 1 қыркүйектегі «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасы енгізілгенін атап өтті. Оның мәліметінше, жалпыұлттық жоспардың жобасы 102 іс-шараны қамтиды.
«Бұл жолдау халқымыздың әл-ауқатын арттыру үшін 5 бастаманы және 7 бағытты іске асыруды көздейді», - деді министр.
Бірінші бағыт – экономиканы дамыту
Ведомство басшысының айтуынша, бірінші бағыт бойынша 27 іс-шараны іске асыру көзделген. Олардың қатарында кәсіпкерлікті дамыту үшін «Қарапайым заттар экономикасы» және «Бизнестің жол картасы» бағдарламалары да бар. Келер жылы, яғни 2022 жылы іске асыру жалғасады. Жалпы алғанда, оның дерегінше, қаржыландыру көлемі кемінде 1 трлн теңгені құрайды.
Сонымен қоса, мемлекет қаржысының тиімділігін арттыру мақсатында Мемлекет қаржысын басқару тұжырымдамасы әзірленетінін атап өтті. Тұжырымда бюджет саясатын, мемлекеттік борышты басқару, сондай-ақ Ұлттық қордың қаражатын қалыптастыру және пайдалану мәселелерін қамтылмақ.
«Өндірушіден тұтынушыға дейін» тізбегі бойынша бағаларды бірыңғай бақылау үшін негізгі мемлекеттік орган айқындалатын болады. «Жеке қосалқы шаруашылықтар туралы» Заң әзірленетін болады. Ауыл шаруашылығында субсидиялау тетіктерін ұзақ мерзімге бекіту көзделіп отыр», - деді министр.
Сонымен қоса, ол цифрландыру жөніндегі ұлттық жобаның аясында кемінде 100 мың жоғары білікті ІТ-маманын даярлау, цифрлық саладағы қызметтер мен тауарлардың экспортын
2025 жылға қарай кемінде 500 миллион долларға дейін жеткізу жоспарланғанын тілге тиек етті. Бұдан бөлек, оның сөзінше, инвесторларға кешенді сервистік қолдау көрсету мақсатында Ұлттық геологиялық қызмет құрылады.
«Шектеу қойылған кепілдіктегі активтерді экономикалық айналымға қайтару туралы заң жобасы әзірленетін болады. Отандық өнеркәсіп үшін шикізат тауарлар бағасының қолжетімділігін және көлемінің жеткіліктілігін қамтамасыз ету бойынша шаралар әзірленеді», - деді Әсет Ерғалиев.
Екінші бағыт - денсаулық сақтау саласы
Ал, екінші бағыт бойынша 8 іс-шараны іске асыру жоспарланған. Бұл көбіне денсаулық сақтау саласымен тығыз байланысты.
«Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы тіркеген вакциналарды сатып алу жеделдетіледі. Медициналық бұйымдарға зертханалық және техникалық сынақтар жүргізу орталығын құру көзделіп отыр. «Дені сау ұлт» ұлттық жобасы шеңберінде кемінде 12 санитариялық-эпидемиологиялық сараптама зертханасын жоғары технологиялық жабдықпен қамтамасыз етіледі», - деді министр.
Сонымен қоса, ол отандық тауар өндірушілермен оффтейк-келісімшарттардың көлемі мен номенклатурасы кеңейтілетінін де айтып өтті.
Үшінші бағыт – білім беру саласы
Министрліктің мәліметінше, үшінші бағыт бойынша 12 іс-шара іске асырылмақ. Бұл білім беру саласына қатысты жоспарларды жүзеге асырады.
«Типтік оқу жоспарларын алып тастау бойынша «Білім беру туралы» Заңға өзгерістер енгізіледі. Мұғалімдерді 3 жылда бір рет қайта даярлықтан өткізуді ұйымдастыру жоспарлануда. Сонымен қоса, қашықтан білім беруге қажетті ақпараттық жүйенің сапасын жақсарту, сонымен бірге «Цифрлы ұстаз» жобасы іске асырылады», - деді ол.
Сонымен қоса, дарынды балаларға және олардың ұстаздарына жан-жақты қолдау көрсетілетінін, сонымен бірге, халықаралық пән олимпиадаларының жүлдегерлеріне гранттар беру, бір реттік ақшалай сыйақы да төлеу көзделген.
«Мектептердегі орын тапшылығы проблемаларын шешу үшін 2025 жылға дейін кемінде 1000 мектеп салу жоспарлануда. «Жас талап» жобасы аясында сұранысқа ие мамандықтар бойынша тегін техникалық және кәсіптік біліммен толық қамтамасыз ету көзделіп отыр», - деді министр.
Төрітінші бағыт – агломерацияны дамыту
Министрліктің мәліметінше, төртінші бағыт бойынша 22 іс-шараны іске асыру көзделген. Осы бағытта, «Агломерацияны дамыту туралы» Заң әзірленбек. Жалпыұлттық басымдықтарға сәйкес Өңірлердің даму жоспарларын өзектендіру көзделеді.
«Стратегиялық инвесторларымен бірлесіп, елімізде кем дегенде 2400 мегаваттық жаңартылатын қуат көзі іске қосылады. Еліміздің ластанған 10 қаласын орта мерзімді кезеңде газға немесе баламалы қуат көздеріне көшіру жоспарлануда. Өңірлерді дамытудың ұлттық жобасы аясында 5 жыл ішінде барлық қалалар мен ауылдар таза ауыз сумен қамтамасыз етіледі. Су ресурстарын ұқыпты пайдалану мақсатында 120 арна реконструкцияланады және 9 жаңа су қоймасы салынады», - деді Әсет Ерғалиев.
Оның айтуынша, бюджет үдерістерін жеңілдету, бюрократияны барынша азайту және цифрлық тәсілдерді қолдануды кеңейту бойынша заңнамаға түзетулер енгізілмек. Сонымен бірге, абаттандыру және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығының бюджетіндегі «халық қатысатын» үлесін арттыру көзделген.
Бесінші бағыт – көші-қон саясаты
Министрдің сөзінше, бесінші бағыт бойынша 6 іс-шара көзделген. Оның шеңберінле, «Кәсіби біліктіліктер туралы» Заң және жұмыспен қамтудың жаңа үлгілерін реттеу тетіктері әзірленетін болады. Көші-қон саясатының жаңа тұжырымдамасы әзірленеді.
«Елміздің оңтүстігінен солтүстігіне көшіп жатқан азаматтарға жәрдемақы бөлудің қолданыстағы тәсілдерін қайта қарау көзделеді», - деді министр.
Алтыншы бағыт – Сыбайлас жемқорлықпен күрес, гендерлік саясат
«Алтыншы бағыт – бойынша 13 іс-шараны іске асыру көзделіп отыр. Ауылдық жерлердегі азаматтық бастамаларды қолдаудың тиімді тәсілдері әзірленеді. Депутат мандатын бөлу кезінде квотаны міндетті түрде ескеру бойынша талап заң жүзінде бекітілетін болады. Сонымен қатар, квота бөлінетін азаматтар санатының тізімін кеңейту жоспарлануда», - деді Әсет Ерғалиев.
Оның мәліметінше, сыбайлас жемқорлықпен тиімді күресті жалғастыру мақсатында орта мерзімді кезеңге арналған тиісті стратегиялық құжат бекітіледі. Бұдан бөлек, отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасына өзгерістер енгізілетін болады. Сондай-ақ, алаяқтыққа және қаржы пирамидаларына қарсы кешенді шаралар әзірлеу жоспарланған.
Жетінші бағыт - «Ұлттық Рухани Жаңғыру» ұлттық жобасы
«Жетінші бағыт – бойынша 5 іс-шара іске асыру көзделеді. Жаңа мәдениеттің дарынды өкілдерін дәріптеуге бағытталған нақты шараларды әзірлеу жоспарлануда. Креативті индустрияны қолдау қорын құру мүмкіндігі қарастырылатын болады. «Ұлттық Рухани Жаңғыру» ұлттық жобасы аясында отаншылдық, білімге құштарлық және еңбекқорлық сияқты қасиеттерді дәріптеу бойынша шаралар әзірлеу көзделіп отыр», - деді ол.
Сонымен қоса, министр халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған мемлекет басшысының 5 бастамасын іске асыру мақсатында келесі іс-шараларды жүзеге асыру көзделетінін атап өтті.
- Біріншіден, 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгі жалақы 60 мың теңгеге дейін көтеріледі.
- Екіншіден, бизнесті жұмысшыларының еңбекақысын көбейтуге ынталандыру бойынша шаралар әзірленеді.
- Үшіншіден, микро және шағын кәсіпкерлік үшін еңбекақы төлеу қорынан бірыңғай төлем енгізу жоспарлануда.
«Бұл жиынтық бизнеске салмақты 34 пайыздан 25 пайызға төмендетуге мумкіндік береді», - деді министр.
- Төртіншіден, 2022 жылдан 2025 жылға дейін жекелеген санаттағы азаматтық қызметкерлердің жалақысын жыл сайын орта есеппен 20 пайызға ұлғайту көзделеді.
- Бесіншіден, зейнетақы жинағының жеткілікті мөлшерінің шегінен асатын бөлігін тұрғын-үй сатып алу үшін «Отбасы банктегі» есепшотына аударуға рұқсат беру мүмкіндігі беріледі.
«Ұлттық экономика министрлігі орталық және жергіліктік атқарушы органдармен бірлесіп Жалпыұлттық жоспардың уақтылы және сапалы орындалуын қамтамасыз ету, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүйелі жүргізу, сонымен бірге іс-шараларды жузеге асырудың тұрақты мониторингін жасау бойынша тиісті жұмыстар жүргізетін болады», - деді министр.
Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасы бірауыздан қолдау тауып, қабылданды.

-
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады
-
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы
-
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады
-
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады
-
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр
-
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда
-
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады
-
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген
-
Индустрияландыру картасы шеңберінде қандай жобалар жүзеге асып жатыр
-
«Нұрлы жол» бағдарламасының жүзеге асуы
-
Қазақстанда жалпыұлттық халық санағы басталды
-
«Әрекет» жобасының ерекшеліктері мен мүмкіндіктері
-
ЕАЭО дамуының негізгі бағыттары
-
Қоршаған ортаны қорғау: Заңдағы өзгерістер, «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасының іске асырылуы
-
«Ашық» жобасының iске асырылуы

