- Басты
- Жаңалықтар
- Жолдау-2021: Ғылым саласындағы негізгі өзгерістер
Жолдау-2021: Ғылым саласындағы негізгі өзгерістер
Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде мамандардың қатысуымен өткен баспасөз мәжілісінде мемлекет басшысының жолдауы аясында ғылымды дамыту жөніндегі міндеттері талқыға түсті. Жиынға қатысқан сарапшылар жолдау аясында қазақстандық ғылым саласына енгізілген өзгерістерге тоқталып, оның дамуы үшін қолға алынған шаралар туралы айтты. Толығырақ Strategy2050.kz тілшісінің материалында.

Ғалымдар жалақысы
Баспасөз мәжілісіне қатысқан ҚР Білім және Ғылым министрлігі ғылым комитеттің төрағасы Жанна Құрманғалиева ғалымдардың жалақысына қатысты проблема шешімін тапқанын тілге тиек етті. Жолдауда мемлекет басшысы ғалымдардың жалақысын ретке келтіру жөнінде тапсырма бергенін, енді оның міндетті түрде жүзеге асатынына сенім білдірді.
«ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жолдауы ғылыми қауымдастықтың назарын аударып, кең қолдауға ие болып отыр. Мемлекет басшысы ғылыми қауымдастықтың жылдар бойы көтеріп жүрген мәселелерді көтерді. Мәселен, ғалымдар жалақысының тұрақсыздығы, бүгінде ғалымдар институт директоры болмаса, тек конкурс арқылы алуға мүмкіндігі бар. Ал, конкурстар былтырға дейін үш жылда бір рет өткізілетін», - деді ол.Сондықтан, оның сөзінше, ғылыми қызметкер болса да конкурсты жеңбесе, үш жылға дейін ғылымнан да, институттан да қол үзіп келген.
«Оның себебі - қазіргі заңға сәйкес базалық қаржыландыру көлеміне тек әкімшілік және техникалық қызметкерлердің жалақысы және ғимаратты ұстау шығындары ғана кіреді. Осы жағдайды өзгерту үшін Президент базалық қаражат есебіне жетекші ғалымдардың жалақысын енгізуді тапсырды», - деді комитет төрайымы.Сонымен бірге, оның айтуынша, ғалымдардың жолдауға үлкен назарын аударып отырған мәселе - мемлекет басшысының ғалымдардың еңбегіне лайықты жалақы төлеу мәселесін шешу керек деген тапсырмасы.
«2020 жылға тоқталсақ, ғалымдардың орташа жалақысы 152 мың теңгені құрады. Бұл жалпы экономика бойынша орташа жалақының тек 72%-ын ғана құрайды. Сондықтан Мемлекет басшысының осы тапсырмасы бойынша біз заңға тиісті өзгерістер енгізу үшін Қаржы министрлігі секілді басқа да жауапты министрліктермен бірлесіп жұмыс жүргізуді бастадық», - деді Жанна Құрманғалиева.Іргелі ғылыммен айналысатын институттарды қаржыландыру мәселесі
Сонымен қатар, ол іргелі ғылыммен айналысатын институттарды қаржыландыру мәселесіне де тоқталып өтті.
«Бұл бірінші кезекте гуманитарлық-әлеуметтік зерттеулерге қатысты. Бұл да өзекті мәселе. Былтыр өткен Ұлттық қоғамдық кеңестің жиынында іргелі ғылыммен айналысатын институттарды қаржыландыруды қолға алуға тапсырма берген болатын. Бірақ, негізгі заңнамаға өзгерістер енгізілмей, бұл мәселе шешілмейді. Сондықтан осы жолдауда мемлекет басшысы заңға тиісті өзгерістер енгізу туралы тапсырмалар берді», - деді сарапшы.Гранттық қаржыландыру
Бұдан бөлек, ғылым саласын гранттық қаржыландыру туралы айта келе, оның жолдау аясында шешімін табуы – саланы дамытуға үшін қолға алынған маңызды шараның бірі екенін тілге тиек етті.
«Қазіргі таңда гранттың ең ұзақ мерзімі 36 айды құрайды. Бұл белгілі бір салада нақты нәтижеге қол жеткізу үшін жеткіліксіз. 3 жылда мүмкін емес. Бұл мәселе жолдауда өз шешімін тауып отыр. Бұл ғылыми қауымдастықты алаңдатып жүрген бірден-бір мәселе еді», - деді Жанна Құрманғалиева.
Ғалымдар саны артады
Бұдан басқа, комитет төрайымы елдегі ғалымдар санын 1,5 есеге арттырып, 34 мыңға дейін жеткізу көзделгенін тілге тиек етті. Оның мәліметінше, Ұлттық жоба аясында 2025 жылы осы мақсатқа қол жеткізілмек.
«2020-2021 жылдары ғылымды қаржыландыру көлемi 2 есеге ұлғайды. Биыл қаржыландырудың жалпы көлемi 83 млрд теңгеден асады. Соның арқасында былтыр ғылым комитетi 5 грант және 2 бағдарламалық конкурс жариялады. Қазiргi таңда Қазақстан бойынша 1164 жоба қаржыландырылып жатыр», - дедi ол.
Оның сөзiнше, елбасы тапсырмасы бойынша екi мәрте жас ғалымдарға араналған конкурстар өткiзiлдi. Олардың аясында 315 ғылыми жоба iске асырылып, 40 жасқа дейiнгi 2000-нан астам жас ғалым қызмет етiп жатыр.
Сонымен бірге, ол жас ғалымдарға көрсетілетін мемлекеттік қолдаудың артқанын еске салды.
«Бүгінгі таңда іске асырылып отырған 315 жобаны қаржыландырудың жалпы көлемі үш жылға 17,8 млрд теңгені құрайды. Бұл конкурстар жыл сайын өткізіледі. Жас ғалымдар болашағына ғылыми әлеуетіне сенетін болса, кемінде 500 ғалым жыл сайын ғылыми әлемнің ең мықты ғылыми институттарында ғылыми тағылымдамадан өте алады. Конкурс 28 қазанға дейін өтеді. «Болашақ» бағдарламасы арқылы кез келген ғалым, жас шектеуі жоқ, шетелде тағылымдамадан өте алады», - деді Жанна Құрманғалиева.
Сонымен қоса, жиында ҚР Ұлттық Ғылым Академисының академигі, профессор Кәрімбек Құрманалиев те іргелі зерттеулер жүргізетін институттарға тікелей қаржыландыру мәселесіне қатысты пікірін білдірді.
«Президент атап өткен іргелі зерттеулер жүргізетін институттарға тікелей қаржыландыру мәселесі Ұлттық кеңесте көтерілген еді. Енді мемлекет басшысы жолдауда оны заңды түрде енгізуді тапсырып отыр. Бұл ұлттық ғылым академиясының академиктерін, ғылыми жұртшылықты жігерлендіріп, ертеңгі күнге деген сенімін арттырып, экономикаға ғылымның үлесін қосу жолындағы жұмысы еселене түсетініне қуанышты. Тікелей қаржыландыруды ұсыну ғылымға деген қызығушылықты арттырып, ғылым адамына деген, олардың құлшынысын арттыруға бағытталған қадам деп білеміз», - деді ол.
Жас ғалым кеңесі
Бұдан бөлек, Жас ғалымдар кеңісінің төрағасы Еламан Айболдинов көктемде құрылған Жас ғалымдар кеңесінің жұмысымен таныстырып өтті.
«Жас ғалымдар кеңесі сәуір айында министрліктің бұйрығымен құрылған болатын. Кеңеске ғылымның әртүрлі саласының 24 жас ғалымы енеді. Кеңес министрліктің қос комитетімен бірлесіп жұмыс атқарып жатыр. Оның бірі ретінде Ғылым комитетін атап өтсек болады. Ғылым комитетінде заңнамалық өзгерістер, конкурсқа дайындалу, конкурсқа арналған құжаттарды жасау және әзірлеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Талаптарды орындау барысында жас ғалымдардың да ұсынысы ескеріліп жатыр», - деді кеңес төрағасы.

-
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі
-
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер
-
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді
-
«Startup Bolashaq» бизнес-жобалар байқауы: Жобаға қандай өзгерістер енгізілді
-
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері
-
Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар
-
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы
-
Зейнетақы жүйесіне қандай өзгерістер енгізілмек
-
Азаматтарды әлеуметтік қорғау: Заң жобасына енгізілген өзгерістер мен оның мүмкіндіктері
-
ЕАЭО дамуының негізгі бағыттары
-
Қазақстандағы миграцияның негізгі тенденциялары
-
Салық заңнамасын жетілдіру: Саладағы өзгерістер
-
Зияткерлік олимпиадалар мен конкурстар өткізу процесіне енгізілген өзгерістер
-
Қоршаған ортаны қорғау: Заңдағы өзгерістер, «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасының іске асырылуы
-
Білім саласындағы 5 әлеуметтік жоба: Бағыты, ерекшелігі және мүмкіндіктері

