- Басты
- Жаңалықтар
- Жолдау-2021: Ластану деңгейі жоғары 10 қаладағы атмосфералық ауаны жақсарту шаралары
Жолдау-2021: Ластану деңгейі жоғары 10 қаладағы атмосфералық ауаны жақсарту шаралары
Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәжілісінде ҚР ЭГТРМ Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы Жолдасов Зұлфұхар президент халқына Жолдауында еліміздегі экологиялық проблемаларға, әсіресе ауа сапасына баса назар аударуды тапсырғанын атап өтті. Осы орайда, орта мерзімді перспективада неғұрлым ластанған 10 қаланы газдандыру және баламалы энергия көздеріне көшіру қажеттігін жеткізді. Толығырақ Strategy2050.kz тілшісінің материалында.

Аумақтардың негізгі экологиялық проблемалары
Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы Жолдасов Зұлфұхар Қазгидрометтің экологиялық мониторингінің нәтижелері 2020 жылдың қорытындысы бойынша 45 өнеркәсіптік қала мен мегаполистің 10 қаласы атап айтқанда, Нұр-сұлтан, Алматы, Қарағанды, Теміртау, Атырау, Ақтөбе, Балқаш, Өскемен, Жезқазған және Шымкент қалалары атмосфералық ауаның жоғары ластану деңгейіне жататынын айтты. Ол бұл қалаларда атмосфералық ауаның ластану себептерін үш санатқа бөлуге болатынын жеткізді. Мәселен, Алматы және Нұр-сұлтан қалаларында ластанудың негізгі пайызы жылу көздеріне, автокөлікке және жеке секторға тиесілі екенін айтты.
«Өскемен және Теміртау қалаларында эмиссиялардың ең көп көлемі өнеркәсіпке тиесілі. Ақтөбе және Атырау қалаларында ескірген кәріздік-тазарту құрылыстары жоғары ластанудың себебі болып табылады », - деді ол.
Жол карталары
Сондай-ақ, ол министрлік "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" концепциясы аясында экологиялық проблемалар мен оларды қоғаммен, әсіресе, барлық өңірлердегі экобелсенділермен шешу жолдарын қарастырғанын атап өтті. Талқылау нәтижелері бойынша жұртшылықпен, әкімдіктермен және табиғат пайдаланушылармен бірлесіп 17 Жол картасы әзірленген.
«Оларда барлығы 485 іс-шара қарастырылған. 2021 жылы 95 іс-шара өткізу жоспарланған. Ағымдағы жылдың 1 тоқсанында 70 іс-шара жоспарланған, оның 42 іс-шарасы орындалды және 28 іс-шарасы орындалмады», - деді Жолдасов Зұлфұхар.
Оның айтуынша, 2025 жылға қарай жол карталарын іске асыру 10 қалада атмосфераның ластану индексін жоғары деңгейден орташа деңгейге дейін төмендетуге мүмкіндік береді. Сәйкесінше, бұл атмосфералық ауаның жай-күйін жақсартуға ықпал етеді.
«Бұдан басқа, 7 КТҚ және 24 жаңа полигон салынады, 12 КТҚ қайта жаңғыртылады және жаңғыртылады, сондай-ақ тарихи ластанған жерлерді қалпына келтіру және жою жүргізіледі», - деді ол.
Жасыл Қазақстан
Ол өз сөзінде қоршаған ортаға эмиссияларды төмендету "Жасыл Қазақстан" ұлттық жобасында да көзделгенін атап өтті. Оның дерегінше, жоғарыда аталған қалалардағы 16 ірі өнеркәсіптік объект эмиссияларды 20%-дан 30% - ға дейін төмендету бойынша міндеттемелерді өзіне алған. Сондай-ақ, оларға қол жеткізу үшін кәсіпорындар ең озық қолжетімді технологияларды енгізіп, тиісінше жаңа экологиялық кодекс шеңберінде кешенді экологиялық рұқсаттар алатынын жеткізді.
Нұр-сұлтан қаласы бойынша
Сонымен қатар, ол Нұр-сұлтан қаласы бойынша 2020 жылы атмосфералық ауаға шығарындылардың жалпы көлемі 113 мың тоннаны құрағанын жеткізді.
«Оның ішінде қазандықтары бар кәсіпорындардың үлесіне (60 бірлік) 33,5% (64 мың тонна), автокөлікке – 32,5% (26 мың тонна), жеке секторға - 29% шығарындылар келеді», - деді Жолдасов Зұлфұхар.
Оның айтуынша, шоғырланудың негізгі артуы жылу беру кезеңіне келеді. Бүгінгі таңда қала бойынша жол картасында 13 іс-шара қарастырылға және оның 6-ы орындалды.
«Табиғи газға көшіріліп, ЖЭО-1 мен ЖЭО-2-де 4 қазандық іске қосылды. 2021 жылы қалған 12 қазандық ауыстырылады», - деді Жолдасов Зұлфұхар.
Сондай-ақ, ол ластанудың тағы бір ірі көзі көмірмен жеке секторды пешпен жылыту екенін атап өтті. Осы тұста, қаланы газдандыру жұмыстары жүргізілуде.
«Елордада 30 мың жеке үй бар, 5 мың тұрғын үй газбен жылытуға қол жетімді, ал 450-і ғана қосылған. Толық газдандыру 2023 жылдың соңына дейін аяқталады. Алдын ала деректер бойынша шығарындылар 23 мың тоннадан 6 мың тоннаға дейін төмендейді деп күтілуде», - деді ол.
Оның айтуынша, сондай-ақ, Железнодорожный, Промышленный, Оңтүстік-Шығыс тұрғын үй алаптарын газдандыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Қазіргі уақытта газ құбырының 99,1 км төселген. Ал осы жылдың қыркүйек айының соңына дейін оңтүстік-шығыста газ құбырлары іске қосылады екен.
Ақтөбе қаласы бойынша
Комитет төрағасының мәліметінге Ақтөбе қаласында 2020 жылы ластауыш заттар шығарындыларының көлемі 62,13 мың тоннаны құраған.Оның ішінде өнеркәсіп кәсіпорындарының үлесіне 26,4 мың тоннаға жеткен. Оның мәлімдеуінше, күкіртсутегімен ластанудың негізгі көзі қаланың кәріз құрылыстары болып табылады. Осы орайда, атмосфералық ауаның ластану проблемасын шешу үшін жол картасы бекітілген.
«Оған 33 іс-шара кірді. Іс-шараларды іске асыру эмиссияны 20-30% - ға қысқартуға мүмкіндік береді», - деді Жолдасов Зұлфұхар.
Оның мәліметінше, Қазхром ТҰК 1 және 2 электр сүзгілерін жаңғыртуда. Бұл ластаушы заттардың шығарындыларын 30% - ға төмендетуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, ферроқорытпа зауытында цехтарды жаңғырту және қайта құру бойынша жобаны іске асыру басталған. Нәтижесінде 2022 жылдың соңына қарай шығарындылар 30% - ға төмендейд деп күтілуде.
«КТҚ-ны жаңғырту және реконструкциялау жөнінде жоба әзірленуде. Қазірдің өзінде Ақтөбе қаласының тапсырысы бойынша кәріз-тазарту құрылыстарында күкіртсутегінің шығарылуын болдырмайтын және басатын арнайы катализатор қолданылады», - деді комитет төрағасы.
Атырау қаласы бойынша
Оның дереігнше, Атырау қаласында өнеркәсіп объектілерінен шығарындылар көлемі 35,1 мың тоннаны құраған. Оның ішінде Атырау мұнай өңдеу зауытының үлесіне ғана 33,5% тиесілі
«Жыл бойы ауаның күкіртсутегімен жоғары ластану жағдайлары үнемі тіркеледі, оның көзі "Тухлая балка" булану өрісі болып табылады. Қаланың экологиялық жағдайын жақсарту үшін жол картасы бекітілді, оған 40 іс-шара кірді», - деді комитет төрағасы.
Оның мәліметінше, жалпы ауданы 1336 га "Тухлая балка" булану алаңын қалпына келтіру жоспарлануда. Оның жалпы құны 1 269,6 млн.теңгені құрайды екен. Сондай-ақ, биыл Атырау қаласының сол жағалауында тазарту құрылыстарының жаңа кешені пайдалануға берілетінін атап өтті.
«2023 жылы ескі КТҚ-ны қайта жаңарту аяқталады, ал 2024 жылы "шаршы" буландырғыш тоғанын тазарту аяқталады», - деді ол.
Комитет төрағасы Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н. В. компаниясымен 2022 жылға дейін "Астрахань-Маңғышлақ" суағарынан суды тұтынуды 70% - ға дейін қысқартуға мүмкіндік беретін және қайта су пайдалануды ұлғайтатын жаңа тазарту құрылыстарының құрылысы аяқталатынын атап өтті.
Павлодар қаласы бойынша
Оның дереігінше, Павлодар қаласында жыл сайын шығарындылар көлемі 191 мың тоннадан асады және ұлғаю үрдісіне ие. Оның 76% – дан астамы отын-энергетика кешені кәсіпорындарына, 20% - ы металлургияға және 4% - ы жеке секторға тиесілі екен. Сондай-ақ, ол атмосфераны ластауға Екібастұз МАЭС-1, Екібастұз МАЭС-2 станциясы, Ақсу ферроқорытпа зауыты және Павлодар мұнай-химия зауыты үлкен үлес қосатынын тілге тиек етті.
«Атмосфералық ауаға антропогендік жүктемені азайту үшін облыстың Жол картасында 35 іс-шара көзделген. Мәселен, Павлодар алюминий зауыты, Еуроазиялық энергетикалық корпорация, Ақсу феросплав зауыты, Қазақстан электролиз зауыты кәсіпорындарының ОҚТ енгізу бағдарламасын іске асыруы шығарындыларды 67 мың тоннаға немесе 50%-ға қысқартатын болады», - деді ол.
Оның сөзінше, қатты заттар 46 мың тоннаға және газ тәрізді заттар 21 мың тоннаға азаяды. Ол жоғарыда аталған іс-шаралар Мемлекет басшысының тапсырмасын орындауға және қалалардағы экологиялық жағдайды тұрақтандыруға, атмосфералық ауаның сапасын жақсартуға мүмкіндік беретінін атап өтті
«Болашақта еліміздің әрбір азаматы Қазақстанның экологиясымен болатын өзгерістерді жақсы қабылдайды деп сенемін», - деп түйіндеді Жолдасов Зұлфұхар .

-
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі
-
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары
-
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары
-
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы
-
Эпидемиолог:Ревакцинацияға азаматтардың қызығушылығы жоғары
-
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар
-
ДСМ: Соңғы екі аптада елдегі сырқаттану деңгейі 11%-ға төмендеді
-
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар
-
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру
-
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары
-
Өндірістік жарақаттанудың алдын алу шаралары
-
Елімізде кедейлік деңгейі 9 есеге жуық төмендеді
-
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады
-
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары
-
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді

