• Главная
  • Жолдау-2020: Шетелдік сарапшылар не дейді
16 сентября, 2020 13:04

Жолдау-2020: Шетелдік сарапшылар не дейді

Биыл 1 қыркүйек күні мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдау жасады. Ол өз жолдауында елдің экономикалық жағдайын көтеру, мемлекеттік қызметкерлердің санын қысқарту, зейнетақы жинағының бір бөлігін пайдалануға беру, білім мен ғылым саласын дамытуға бірқатар тапсырма беріп, қазіргі дағдарыстан шығу жолдарын ұсынған болатын. Жолдауда айтылған бірқатар тапсырма орындалып жатыр. Осы орайда ел президентінің жолдауы туралы шетелдік сарапшылардың пікірін білген едік. Олардың көпшілігі пандемия кезінде халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту үшін қабылданған шараларға назар аударып, жоғары баға берді. Толығырақ Strategy2050.kz тілшісі дайындаған материалдан оқи аласыздар.

Жолдау-2020: Шетелдік сарапшылар не дейді

Онлайн-өтініштердің бірыңғай заңды институты - ел бірлігін нығайтуға негіз болмақ

Румыния парламенті депутаттар палатасының вице-спикері Флорин Йордаке Тоқаевтың жолдауындағы реформалар мен ұсыныстарды жүзеге асыру үшін азаматтарға арналған онлайн-өтініштердің бірыңғай заңды институтын құру жөнінде айтқанына тоқталды. Оның сөзінше, мұндай институт құру қазіргі әлемде маңызды мәселелрдің бірі. Себебі бұл халықпен ашық диалогке, азаматтық қоғам мен қоғамдық келісімді нығайтуға бағытталған заманауи мемлекеттің одан әрі дамуының алғышарты болады. Сонымен қоса ол бұл ел бірлігін нығайтуға негіз болатыны сөзсіз екенін тілге тиек етті.

Вице-спикердің пайымынша, білім беру сапасын арттыру, отбасы институтын қолдау, медициналық қызметтердің сапасын қамтамасыз ету, медицина қызметкерлерін қолдау және әлеуметтік қолдау жүйесін дамыту қажеттілігі туралы президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұсынысы орынды, өйткені олар бүгінде ең маңызды құндылық болып саналады.

Бұдан бөлек Флории Йордаке Тоқаевтың зейнатақының бір бөлігін пайдалануға беру туралы шешіміне қатысты пікір білдірді.

«Мен зейнетақы жинағын пайдалану туралы, әсіресе, осы пандемия кезінде оны жүзеге асыруды қолға алу маңызды шешім. Халықта экономиканың дамуына көмектесетін қосымша қаражат болады», - деді вице-министр.

Сондай-ақ ол бүкіл әлемдегі қашықтан жұмыс істеуді ескере отырып, Президент мемлекеттік қызмет жүйесін қайта қосу қажеттігін нақты атап өтті. Оның сөзінше, мемлекет басшысы айтқан іске асыру жөніндегі ұсыныстар елді жедел жаңарту жолындағы мемлекеттік органдардың жұмысын күшейтетіні сөзсіз.


Мемлекеттік қызметкерлердің жалақысын арттыру - дұрыс стратегия

Ал Германия Бундестагы Халықаралық істер комитетінің парламенттік хатшысы Андреас Ян Тоқаев жолдауындағы мемлекеттік қызметкерлер санын қысқарту мәселесіне тоқталып өтті. Оның айтуынша, Германия Бундестагы да оның мүшелерінің санын қысқартуды жоспарлап отыр. Келесі жиында 700-ден аз депутат болмақ.

«Менің ойымша, Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлердің санын қысқарту - жақсы идея. Бұл мемлекеттік аппарат жұмысының тиімділігі мен сапасын арттырады. Сонымен қоса біз Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы қолданылып жатқан шараларды құптаймыз. Мысалы, неміс депутаттары өздерінің жұмысы үшін өте жоғары өтемақы алады - және осыған байланысты оларға қосымша табыс іздеудің қажеті жоқ. Сондықтан, мен қазақстандық мемлекеттік қызметкерлердің жалақысын арттыру - дұрыс стратегия деп санаймын», - деді өз сөзінде.

 

Мемлекеттік бағдарламалар халық игілігі үшін жұмыс істейді

Сонымен қоса Чехия парламенті депутаттар палатасы төрағасының орынбасары Филип Войтех Қазақстанда бірнеше рет болғанын, соның ішінде Халықаралық «ЭКСПО» көрмесі кезінде болғандығын тілге тиек етті. Ол жолдаудың халық үшін маңыздылығына тоқталып, құжатта Тоқаевтың тұрғындарды және өсіп келе жатқан қазақтың жас ұрпағын әлеуметтік қолдауға назар аударғанына ерекше назар аударды.

«Бұл маңызды инвестиция екендігі сөзсіз. Чехия мен Қазақстан үшін ортақ нәрсе көп. Мәселен, Қазақстанның экономикалық дамуы туралы айта отырып, Президент Тоқаев әділ бәсекелестік қағидаты, кәсіпкерлердің жаңа буыны үшін нарық пен мүмкіндіктер ашу, экономиканы жасылдандыру сияқты маңызды принциптердің қатарына қосты. Бұл біз үшін де маңызды», - деді төраға орынбасары.

Оның сөзінше, жолдауда азаматтардың әлеуметтік әл-ауқатын көтеріп, жақсы өмірді қамтамасыз етуге ерекше назар аударылды. Жұмыстың үлкен көлемі азаматтардың әлеуметтік әл-ауқатын жақсартумен, оның ішінде денсаулық сақтау, білім беру, балалардың құқықтарын қорғау мәселелерін шешумен байланысты.

Бүгінде әлемде қаржы-экономикалық дағдарыс өршіп тұр, халықаралық сауданың қалыптасқан тетіктері құлдырады. Ол Қазақстанда экономиканың нақты секторларының өсімін байқайтынын айтып, мемлекеттік бағдарламалар халық игілігі үшін жұмыс істейтінін, ұлтаралық келісім, республиканың тәуелсіздік жылдарында қалыптасқан келісім күшейгенін, сондықтан халықаралық бастамалар туындап, жүзеге асырылып жатқанын атап өтті.


Пандемия кезінде халықты әлеуметтік жағынан қолдау жақсы жүзеге асты

Бұдан бөлек Жаһандық және стратегиялық зерттеулер орталығының (CGSS) директоры Мехрин гүл ханым (Пәкістан) қазіргі таңда Сovid-19-бүкіл әлемді дүр сілкіндірген Қазақстан Президентінің жолдауы - қазақ халқы үшiн үміт екенін тілге тиек етті. Сонымен қоса ол жолдауда Қасым Жомарт Тоқаев ел қабылдаған шараларды ерекше атап өтіп, дәрiгерлерге, құқық қорғау органдарына, еріктiлерге, сондай-ақ қиын кезеңдерде халықты қолдау үшін еңбек еткендергe шынайы алғыс білдіргенін еске салды. Оның сөзінше, елдiң қазіргі экономикалық дағдарыстарын ескере отырып, Президент экономиканы ынталандырудың және жұмыспен қaмту құрылымын сақтаудың жаңа стратегияларын жaриялады.

«Пандемия кезiнде жұмысынан айрылған адамдарға 42 500 теңге көлемінде қаражат берілді. Сондай-ақ, халыққа көмек көрсетуге 450 млрд теңгеден астам қаражат (1,7 млрд доллар) бөлінді. Салыстырмалы түрде, бұл қазақ халқына көмек көрсетуге бөлінген үлкен сома болды. «Біргеміз» атты қоры 550,000 отбасы азық-түлiк және шаруашылық қоржындары тұрғысынан қолдау көрсeтуде. Пандемия кезiнде мемлекеттік бұқаралық aқпарат құрaлдары адамдарға пaндемия туралы ақпaрат бeруде көп жұмыс істеді», - деді Мехрингүл ханым.

Сонымен қоса ол вирустың салдарын азайтуға бағытталған ұзақ мерзiмді даму бағдарламасы енгізiлгенін атап өтті. Сонымен қатар ол Ұлттық қордан постіндеттік жағдайға 1 трлн теңге ($2,3 млрд) бөлінгенін тiлге тиек еттi. Бұл жоспар 2023 жылға дейінгі кезеңге жарияланды. Әлем жаңа ережелерді енгізе отырып, жaңа жаһандық тәртіптi қабылдауда. Қазақстанның географиялық жағдайы әрқашан кедергісіз халықаралық сауда үшін мүмкіндіктер беруде.

Қазіргi жағдайлар оның сөзінше, жаңа жаһандық тәртiпке сәйкес жаңа реформаларды әзiрлеу қажеттілігiн көрсеттi. Ол үшін Президент нақты іс-қимыл жоспарын ұсынды. Бұл жоспар үкіметтік модельдегі жаңа реформaларға бaғытталған әдістемелiк тәртіп ретiнде жүзеге асырылуы тиіс. Осы жаңа реформалардың моделі мемлекеттiк басқаруды, жeке саясатты және шешім қабылдау процесiн талдайды.

«Сovid-19 кезiнде мемлекеттiк басқару алға қойылған міндеттердi үлкен әлеуетпен пaйдаланды. Бiрқатар кемшілiктерді жою мақсатында Президент өзіне тiкелей бағынатын «Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігін» құруды тапсырды. Осыған қоса «Реформалар жөніндегi жоғары Президенттік Кеңес» құрылатынын атап өттi. Барлық реформалар Сovid-19-дың экономикаға және жалпы жағдайға терiс әсерін болдырмаудың болашақ стратегиясының алғышaрттары. ҚР президентi барлық мүдделi ұйымдарды тартуды қамтамасыз еттi, экономикaны және барлық адам ресурстарын жұмылдыру үшін жеке жәнe мемлекеттік сектoрларда жоспарлау, орындау және бағалау тетiгі мaңыздылығын атап өтті. Президент Қ.Тоқаев Мемлекеттік жобалар мен iс-шараларды нақты жоспарлау қажеттігін атап өтіп, мемлекеттің қызметі мәселесiне қайта қaрастыруға назaр аударғанын тiлге тиек етті.

Бұдан бөлек ол президенттiң мемлекеттік аппарат пен квазимемлекеттік сектор қызметкерлерін қысқарту мерзімiн міндетті түрде жеделдету қажет дегенін оң бағалады. Биыл ол 10%-ға, ал келесі жылы тағы 15%-ға қысқартылуы тиіс. Осылайша, 2021 жылы шенеуніктерді 25%-ға қысқарту мәселесін шешіледі. Мемлекеттік қызметтер секторында жоғары нәтижелерге қол жеткізу үшін ашық және бәсекеге қабiлеттi мемлекеттік қызметкерлер үшін факторлық-баллдық шкаланы пайдалану ұсынылады. Министрлер мен атқарушы хатшылар арасындағы түсініспеушілiкті жеңілдету үшін азаматтық қызмет саласындағы заңнамалық актiлерді әзiрлеу қажет. Сондықтан атқарушы хaтшылар институты таратылуға тиіс, олардың міндеттері министрлiктер аппаратының басшыларына жүктеу қажет. Оның пікрінше, бұл мемлекеттiк қызмет институттарының алдында тұрған мәселелердi шешудiң дұрыс жолы.

Сонымен қoса жолдауда сауда және қауіпсіздік шаралары үшін аумақтық даму талқыланғанын атап өтті. Денсаулық сақтау жүйесіндегi болашақ төтенше жағдайларға теңгерiмді көзқарас басым болуы тиiс. Фармацевтика өнеркәсібі мeн медициналық зeрттеу орталықтары бiртұтас құрылымды қажет етедi.

«Медициналық мекемелерге бюджет қаражатын бөлу, дәрігерлердің жалақысын көтеру-мұның бәрi пiкiрталас тудырады. Еліміздің негізгі тірегі білім беру жүйесі болып табылады және Прeзидент дамыған ел үшін негіз болатын жаңа реформалар жүргізе отырып, жолдау арқылы өз халқына үмiт берді», - деп сөзін аяқтады.

 

Панедмия кезінде ШОБ-ты ынталандыру мақсатында бірқатар қолдау көрсетілді

Шығыс Еуропа және ТМД институтының директоры Александр Зинкер (Израаиль) президент Тоқаевтың бір жарым сағаттық сөзінде жедел өзгерістер мен реформаларды қажет ететін бірқатар салаларға тоқталғанын, сонымен бірге, Қазақстанға мемлекеттік басқарудың «жаңа моделі» мен мемлекеттік аппараттың «қайта жүктелуі» қажет екені туралы көтерген мәселесін орынды екенін атап өтті. Оның сөзінше, сонымен қоса ол президент қазақстандық экономиканы әртараптандыру және денсаулық сақтау жүйесін дамыту қажеттілігіне егжей-тегжейлі тоқталғанын, саяси реформаларды басты назарға алғанын тілге тиек етті.

Ол коронавирус шағын және орта бизнес иелеріне қатты соққы бергенін, алайда Қазақстанда осы жылдың наурыз айында 700 000-нан астам кәсіпкерге салықтық жеңілдіктер жасалғанын, кейінге қалдырылған төлемдер мен жеңілдік шарттарымен несиелерді қайта қаржыландыру мүмкіндігін атап өтті. Сонымен қоса ол Тоқаев өз сөзінде шағын және орта бизнеске қосымша көмек ретінде экономиканың зардап шеккен секторларындағы ШОБ-қа берілген барлық несиелер бойынша жылдық 6% -ке дейінгі мөлшерлемеге мемлекеттік субсидия беруді тапсырғанын айтты.

«Президент Тоқаев экономиканың қазіргі жағдайы мен жинақталған мәселелерді шешудің жедел қадамдарын сипаттай отырып, жаңа экономикалық саясаттың жеті принципін жариялады. Бұл артықшылықтарды әділ бөлу, жеке кәсіпкерліктің және адал бәсекелестіктің жетекші рөлі, экономиканың технологиялық тиімділігінің артуы және білім берудің жаңа түріне инвестиция, қоршаған ортаны қорғауға үлес қосу және қоғамның алдындағы шешімдердә қабылдауда азаматтардың пкірін тыңдау секілді мәселелерді көтерді», - деді ол.

Бұдан бөлек ол Тоқаев өз сөзінде Мемлекеттік басқарудың жаңа моделін құруға көп көңіл бөлгенін атап өтті. Осы саладағы реформаларды жүргізу жауапкершілігін өте жақсы түсінген Президент жүйелі түрде әрекет ету керек деп дұрыс санайды, сондықтан реформаны мемлекеттік басқаруға, кадр саясатына, шешім қабылдау жүйесіне деген көзқарас пен оларды жүзеге асырудағы жауапкершілікті өзгертуден бастау қажет. Мәселен, президентке тікелей бағынатын Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігін құру туралы шешім қабылданды. Ол бүкіл мемлекеттік жоспарлау жүйесінің орталық буынына айналуы керек.

Сонымен қоса институт директоры президент Тоқаевтың республика азаматтарының әртүрлі мемлекеттік, саяси, әлеуметтік-экономикалық және басқа салаларында инновациялар мен реформаларды әзірлеу мен жүзеге асыруға басымдық беріледі дегеніне жоғары баға берді. Оның айтуынша, шешімдері түпкілікті болатын Жоғарғы Президенттік реформалар кеңесін құру туралы шешім осының дәлелі.

«Өз сөзінде Президент жаңа жағдайдағы елдің экономикалық дамуы мәселесіне үлкен назар аударып, мұнайдың ұзақ супер циклі аяқталған сияқты. Сіз әлемдік нарықта мүлдем жаңа жағдайға дайын болу керегін баса айтты. Президент сонымен қатар елдің аумақтық-кеңістіктік дамуына назар аударды. Қазақстан аймақтары экономикалық және өндірістік мамандануымен, өмір сүру деңгейімен, халыққа көрсетілетін қызметтердің сапасымен ерекшеленетінін атап өтіп, Президент Тоқаев аумақтық дамуды әр түрлі аймақтардың бәсекеге қабілетті артықшылықтарын ескере отырып салу керек айтты», - деді Шығыс Еуропа және ТМД институтының директоры.

Оның айтуынша, президент азаматтардың әлеуметтік әл-ауқатын көтеруге басты басымдық берілетінін атап өтті. Сонымен қоса ол Қазақстан азаматтарының өмірінің барлық салаларына тоқталып, аталған реформалар дайындалған шешімдердің бір бөлігі ғана екенін айтып, үкімет пен парламент әлі де тиісті шешімдер мен ережелерді дайындап, президентке ұсыну керек.

 

Жолдау жүзеге асса, Қазақстан дағдарыстан шыңдалып шығары сөзсiз

Бұдан бөлек «Нұрлы жолдың» тілшісі Айгүл Тешебаева (Өзбекстан) әлемді жаулаған пандемия барлық елді әбігерге салып, шұғыл әрi нақты шешімдер қабылдауға мәжбүр еткенін атап өтті. Оның сөзінше, осындай сын сәттерде Қазақстанда да жедел шаралар қабылданып, тұрақтылықты сақтауға ерекше назар аударылды. Көршi мемлекеттің мұндай батыл шешiмдерін түрлi халықаралық ұйымдар жоғары бағалап, өзге елдерге үлгі ретінде көрсеттi. Өйткені оның пайымынша, Қазақстан індетпен ауырған азаматтарын мемлекет есебiнен емдеп, уақытша табыссыз қалған халықына материалдық және әлеуметтiк көмек көрсеткен.

Сонымен қоса ол жолдауда мемлекеттiң экономикалық жағдайын тұрақтандыруға бағытталған бастамалар, халықтың тұрмыстық жағдайын жақсартуға арналған бағдарламалардың енгізілуі және шағын кәсiпкерлердің өз кәсіптерін өрге дөңгелету үшiн көптеген жеңілдіктердің берілуi жоғары бағаға лайықты деп санайтынын жеткізді. Айгүл Тешебаеваның айтуынша, жолдауда көтерілген мәселелердің барлығы халықтың лайықты өмір сүруі мен әл-ауқатын арттыруға, oлардың құқықтарын қорғауға, заң үстемдігін қамтамасыз етуге және жeмқорлықты жоюға арнaлған. Осының барлығы іс-жүзінде көрiніс тапса, сондай-ақ Президет Қ,Тоқаев атап өткендей елдің жаңа экономикалық бaғдары басты жеті қағидатқа негiзделсе, шынында да Қазақстанның болашағы бұдан да жарқын болып, қазіргi бүкіл әлемде өзектi мәселеге aйналған дағдарыстан шыңдалып шығары сөзсiз екенін атап өтті.

«Біздiң назарымызды аударған ауыл шаруaшылығы саласын дамытуға арналған жоспарлар болды. Қазақстанның бұл саланы дамытуға әлеуеті жетеді. Жолдауда айтылғандaй, ауыл шаруашылығының барлық саласында заман талабына жауап беретін жаңа жобаларды қолға алған жөн. Шикiзатты алған алпауыт елдердің ірi өндірiс компаниялары өзіңізге қайта өңдеп, бірнеше есе қымбат бағаға қaйта сатып, табыс табуда. Осыны ескерген Өзбек елі шикізатты да елімізде дайын өнiмге айналдыруға көшкен. Әсiресе, ауыл шаруашылық өнімдерін сыртқы базарға дайын өнiм ретiнде экспорттауда. Соның нәтижесінде кәсiпкерлер мол табыс тауып әрі азаматтарды жұмыспен қамтaмасыз етiп отыр. Ауыл шаруашылығын дамыту — шалғайдағы ауылдың өркендеуіне үлес қосады. Сондықтан Қ.Тоқaевтың бұл саладағы бастамаларын да орында десек aртық болмас», - деді ол.

Бұдан бөлек ол қолжетімдi әрi сапалы білiм беру, денсаулық сақтау саласын дамытуға арналған бағдарламалар және азаматтардың мемлекет ісіне қатысуы шын мәнінде «Халық үнiне құлақ асатын мемлекет» құрудың негізгi шарты екенін атап өтті. Билiк пен қоғам арасындағы диалогтың тұрақтылығы мемлекеттің өркендеуiнде маңызды oрын атқарады.

Оның сөзінше, кез-келген ұлт лидерi өз халқының ұлттық құндылықтарын ескере отырып қоғамда, әрбір азаматтың бойында салауатты өмір салтын қалыптастыруды мақсат еткен болса, жолдаудағы ұлттың жaңа болмысын қалыптастыру туралы Қ.Тоқаевтың айтқан ойлары қазақ халқының шынaйы жанашыры екенiн айқын көрсетті. Жaңару, өсу, өркендеу, бейімделу, адал болу, жауапкершіліктi сезіну және терең білімдi болу заман талабы. Оның пайымынша, ҚР мeмлекет басшысының Жолдауы осы құндылықтaрды ескергенiмен ерекшелендi.