• Басты
  • Жол жөндеу кезінде техникалық қадағалау рейтингі жасалмақ

Жол жөндеу кезінде техникалық қадағалау рейтингі жасалмақ

9 Наурыз, 2021 11:58

Қазақстан жолдарды жөндеу кезінде техникалық қадағалау рейтингін жасауды жоспарланып отыр. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінде «Нұрлыжол» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан автожол жобалары бойынша техникалық қадағалау қызметі жөнінде өткен кеңесте айтылды, деп хабарлады Strategy2050.kz.

Талқылауға ҚР ИИДМ Автомобиль жолдары комитеті, ҚР ИИДМ Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ және «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» РМК өкілдері қатысты.

«Кездесу барысында техникалық қадағалау қызметін бағалау жүйесін әзірлеу ұсынылды. Бұл рейтинг жоба бойынша сапалы жұмыс жүргізуге техникалық қадағалауды жүзеге асыратын инженерлердің қызығушылығын арттырмақ. Сонымен қатар, техникалық қадағалауды дербес жауапкершілікке тарту тетігі бойынша ұсыныстар әзірлеу, оның ішінде мердігер ұйымдарды ғана емес, техникалық қадағалаудың инженерлік компанияларын да кепілдік кезеңінде ортақ жауапкершілікті бекіту бөлігінде Қазақстан заңнамасына өзгерісте ренгізу бойынша ұсынысқа бастамашылық ету мәселесі көтерілді» делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, техникалық қадағалау автомобиль жолдарының құрылысымен жөнделуіне бақылау жасайды, сондай-ақ техникалық құрылғылардың көмегімен жол төсемін орнату технологиясының сақталуын бақылайды.

Барлық жаңалықтар