• Басты
  • Жол-көлік оқиғасынан 9 айда кәмелетке толмаған 165 азамат қаза тапты

Жол-көлік оқиғасынан 9 айда кәмелетке толмаған 165 азамат қаза тапты

14 Қазан, 2019 15:02
ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті 2019 жылдың 9 айында адамдардың қаза болуларына әкеп соққан немесе жарақат алған жол-көлік оқиғалары туралы тіркелген деректерді қалыптастырды,деп хабарлады Strategy2050.kz.

Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің мәліметінше, 2018 жылы тіркелген жол-көлік оқиғасы 11 106-ны құраса, 2019 жылы 11 484 оқиғаны құрап, 3,4 пайызға өскен. 

Сонымен қатар, былтыр жарақат алғандар саны - 14 416-ны құраса, биыл бұл көрсеткіш 6,3 пайызға артып, 15 324 -ті құрап отыр. Қаза болғандар саны 2018 жылы - 1463, биыл - 1552 оқиғаны құрап, 6,1 пайызға артқан.

Адамдардың қаза болуларына әкеп соққан немесе жарақат алған жол апаттарының ең көп саны Алматы қаласында - 3429. Үшінші орынды Жамбыл облысы  907 оқиғамен бекіткен. Ал, ең азы Солтүстік Қазақстан облысында - 124. 

Жол-көлік оқиғасынан жарақат алғандар саны да сәйкесінше, Алматыда 4073-ті құраса, Солтүстік Қазақстан облысында орын алған жол -көлік оқиғаларынан 173 адам жарақат алған. 

Сонымен қатар, жыл басынан бері жол-көлік оқиғаларынан 434 – әйел, 118 – ер адам, кәмелетке толмаған 165 азамат қаза тапқан. Сондай-ақ, жол оқиғаларында қаза болғандар мен жарақаттанғандар туралы мәліметтер жинақталған және әрбір өңірге қатысты көрсеткіштері шығарылды.



Барлық жаңалықтар