• Басты
  • Жол-көлік оқиғалары – қоғам өміріне қауіп
31 Қазан, 2019 13:41

Жол-көлік оқиғалары – қоғам өміріне қауіп

Қазақстанда ғана емес, дүниежүзі бойынша жол-көлік оқиғалары мен соның салдарынан болатын өлім мен жарақат фактілері азаймай отыр. Адамдардың көлік құралдарына деген сұранысының арту тенденциясымен қатар, оны пайдалану барысында қоғам өміріне қауіп тудыратын жағдайлардың да көбейгендігін байқауға болады. Соңғы жылдары өзектілігін жоғалтпаған өзекжарды мәселеге Президент Қ.Тоқаев ерекше көңіл бөліп, заң бұзушыларды қатаң жазалауды тапсырды.

Жол-көлік оқиғалары – қоғам өміріне қауіп

ҚР Президенті Қ.Тоқаев ең алдымен твиттерде, кейін Алматы қаласына сапарында мас күйінде автокөлік жүргізгендерді қатаң жазалау керектігін тапсырған еді. Алматы қаласын дамыту мәселелері жөніндегі кеңесте Президент: «Елімізде, оның ішінде Алматыда жол-көлік оқиғаларының көп тіркелетіні алаңдатады. Адамдар қаза тауып, жарақаттанып жатыр. Жол апатынан зардап шеккендер саны басқа елдердегі қарулы қақтығыстардан қаза табатындардың санынан кем емес. Жол қозғалысы мәдениеті айтарлықтай төмендеп кетті - деді. 

 Расында, әлем бойынша жол-көлік оқиғаларының нәтижесінде болатын өлім-жітім саны алдыңғы қатарда келеді. Ол әсіресе, ірі мегаполистер мен халық шоғырланған орталықтарда көп кездесетіні анық. Қызылорда облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары С.Шотаевтың айтуынша, соңғы жылдары облыста жол-көлік оқиғасының(ЖКО) саны артып кеткен. Өткен жыл бойынша ЖКО саны 20 пайызға көбейіп, апаттан қаза болғандар саны 11 пайызға, зардап шеккендер саны 22 пайызға артқан екен

 Бұл жағдай адам өмірі мен қоғам тыныштығына қауіп төндіріп қана қоймай, мемлекеттің имиджіне де кері әсер ететіні белгілі. Халықаралық туристер үшін елді-мекендердің қауіпсіздігі мен қозғалыс мәдениетіне де басымдық беріледі. Сондықтан халықаралық қауымдастық та көлік апаты мен оның зардабы турасында дабыл қағып, зерттеу жұмыстарын жүргізіп келеді. Мәселен, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының 2018 жылы ұсынған деректері бойынша:

- Жыл сайын әлемде жөл-көлік оқиғаларының нәтижесінде 1,35 миллион адам қаза табады.

- Тұрақты дамудың 2030 жылға дейінгі күн тәртібінде масштабты міндеттер қойылған: 2020 жылға қарай дүниежүзі бойынша ЖКО нәтижесіндегі өлім мен жарақаттың санын екі есе қысқарту көзделген.

- Жол-көлік оқиғалары көптеген мемлекеттердің жалпы ішкі өнімінің 3 пайызы көлеміндегі шығын келтіріп отырады.

- Әлемнің жолдарында қаза тауып жатқан азаматтардың жартысынан көбі «жол жүргіншілерінің әлсіз тобы», яғни, жаяу жүргіншілер, велосипедші және мотоцикл тебушілер болып саналады.

- Жолдардағы өлім-жітімнің 93 пайызы табысы төмен және орташа мемлекеттерге тиесілі, бірақ осындай елдерде әлемдегі барлық көлік құралдарының 60 пайызы бар.

- Жол-көлік оқиғаларының нәтижесіндегі жарақаттар 5-29 жас арасындағы азаматтардың өлімінің негізгі себебі болуда.

  1.jpg

 

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының зерттеуінше, жол-көлік оқиғалары мен өлім-жітімнің келесідей негізгі себептері анықталған:

- Жылдамдықты шегінен асыру

- Алкоголь мен психотроптық заттарды пайдаланған күйде көлік жүргізу

- Мотоциклдердің арнайы шлемдері, қауіпсіздік белбеуі және балаларға арналған орындықтардың қолданылмауы.

- Смартфондар мен басқа құрылғыларға ойдың бөлінуі

- Жол инфрақұрылымының жасалмауы

- Көлік құралдарының техникалық ақаулары

- Көлік оқиғасынан кейін уақтылы медициналық көмектің көрсетілмеуі

- Жол ережесінің сақталмауы.

ҚР ҰЭМ Статистика комитетінің дерегі бойынша елімізде болып жатқан жол-көлік оқиғаларының негізгі себептері: жылдамдықты арттыру(29 пайыз, 2017 ж.), жаяу жүргіншілер жолдарынан өту кезінде(14 пайыз, 2017 ж.), қарсы қозғалыс жолына шығу(3,8 пайыз, 2017 ж.), жаяу жүргіншілердің жолдардың белгіленбеген бөліктерінен өтуі(4 пайыз, 2017 ж.), алкогольге немесе есірткіге мас күйінде көлік құралдарын басқару нәтижесінде орын алған ЖКО(2,2 пайыз) және өзге де себептері(47,5 пайыз, 2017 ж.) бар.

 

 

 

2013

2014

2015

2016

2017

Барлығы

% - бен

Барлығы

% - бен

Барлығы

% - бен

Барлығы

% - бен

Барлығы

% - бен

ЖКО барлық саны

23 359

100,0

20 378

100,0

18 890

100,0

17 974

100,0

17 019

100,0

соның ішінде:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

жылдамдықты арттыру

5 289

22,6

6 073

29,8

6 138

32,5

5 646

31,4

4 927

28,9

жаяу жүргіншілер жолдарынан өту кезінде

2 207

9,4

2 012

9,9

1 685

8,9

2 075

11,5

2 312

13,6

қарсы қозғалыс жолына шығу

1 700

7,3

1 381

6,8

1 211

6,4

927

5,2

647

3,8

жаяу жүргіншілердің жолдардың белгіленбеген бөліктерінен өтуі

1 475

6,3

1 029

5,0

773

4,1

667

3,7

682

4,0

алкогольге немесе есірткіге мас күйде көлік құралдарын басқару нәтижесінде орын алған жол-көлік оқиғалары

-

-

-

-

-

-

412

2,3

374

2,2

өзге де

    12 688

54,3

     9 883

48,5

9 083

48,1

8 247

45,9

8 077

47,5

Автокөлік жолдарындағы жол - көлік оқиғаларының себептері / www.stat.gov.kz

 

Аталған себептердің ішінде елімізде жиі кездесетін 3 себеп туралы кеңінен тоқталып өткіміз келеді.

1)                 Жылдамдықты шегінен асыру. Орташа жылдамдықтың асырылуы ЖКО болу ықтималдылығы мен оның салдарының ауыртпашылығына да тікелей әсер етеді. Мәселен, орташа жылдамдықтың шамадан 1 пайызға асуы өлімге апарып соғатын ЖКО ықтималдылығын 4 пайызға, ауыр авариялардың болуын 3 пайызға ұлғайтады. Көліктер соққан жаяу жүргіншілердің өлімі тез артады (65 км/сағ жылдамдықта өлім көрсеткіші 50 км/сағ жылдамдықпен салыстырғанда 4,5 есе артады екен). 65 км/сағ жылдамдықтағы көліктердің жанына соққысында жүргізушілер мен жолаушылардың өлім қаупі 85 пайызға тең болады.  

2)                 Алкогольдік ішімдіктер мен психоактивті заттарды пайдаланған күйде көлік жүргізу. Алкогольдік ішімдіктер мен психоактивті заттар, нашақорлық препараттарының әсерімен көлік жүргізгенде өлім мен ауыр жарақатқа әкелетін көлік оқиғасының ықтималдылығы әлдеқайда артады. Мас күйінде көлік жүргізгенде қан құрамындағы алкогольдің көрсеткіші 0,04 г/дл немесе одан жоғары болса, көлік апатының қаупі ұлғаяды. Нашақорлық заттардың қолданылу деңгейіне байланысты көлік апатының ауырлығы да артады. Мысалы, амфетамин қолданған адамның өлімге әкелетін көлік апатына ұшырауы сау адаммен салыстырғанда бес есе көп болады.

3)                 Смартфондар мен басқа құрылғыларға ойдың бөлінуі. Көлікті жүргізуге кедергі келтіретін, жүргізушінің назарын бұратын факторлар өте көп. Дегенмен, смартфон қолданысының кең тарауына байланысты жолдағы қауіпсіздік мәселесі де өзекті болып келеді. Көлік жүргізіп келе жатып мобильді телефон пайдаланатындардың апат қаупі оны қолданбайтындардан төрт есе жоғары. Жүргізушілердің телефонға қарауы реакцияның баяулауына, әсіресе жол қозғалысы белгілеріне тоқтау-тоқтамау, жол сызықтарынан шығып кету, көліктер арасындағы қашықтықты сақтау, жаяу жүргіншілерді байқамай қалуға тікелей әсер етеді. Телефонды арнайы құлаққап немесе дыбысын зорайтқыш арқылы пайдалану қауіпсіз болғанымен, мәтіндік хаттар жазу, мультимедиалық материалдар көру көлік апатына апарып соғуы әбден мүмкін.

 

 

2013

2014

2015

2016

2017

Барлығы

ЖКО жалпы санынан % - бен

Барлығы

ЖКО жалпы санынан % - бен

Барлығы

ЖКО жалпы санынан % - бен

Барлығы

ЖКО жалпы санынан % - бен

Барлығы

ЖКО жалпы санынан % - бен

Қазақстан Республикасы

947

100,0

700

100,0

609

100,0

412

100,0

374

100,0

Ақмола

73

7,7

53

7,6

22

3,6

26

6,3

20

5,3

Ақтөбе

47

5,0

39

5,6

71

11,7

43

10,4

15

4,0

Алматы

80

8,4

88

12,6

66

10,8

51

12,4

38

10,2

Атырау

13

1,4

11

1,6

12

2,0

9

2,2

5

1,3

Батыс Қазақстан

37

3,9

35

5,0

26

4,3

3

0,7

17

4,5

Жамбыл

91

9,6

69

9,9

44

7,2

71

17,2

35

9,4

Қарағанды

65

6,9

41

5,9

30

4,9

17

4,1

13

3,5

Қостанай

80

8,4

93

13,3

57

9,4

22

5,3

42

11,2

Қызылорда

24

2,5

11

1,6

17

2,8

17

4,1

5

1,3

Маңғыстау

14

1,5

14

2,0

11

1,8

6

1,5

17

4,5

Оңтүстік Қазақстан

44

4,6

25

3,6

27

4,4

20

4,9

38

10,2

Павлодар

71

7,5

43

6,1

44

7,2

24

5,8

34

9,1

Солтүстік Қазақстан

51

5,4

37

5,3

21

3,4

23

5,6

12

3,2

Шығыс Қазақстан

164

17,3

77

11,0

124

20,4

70

17,0

68

18,2

Астана қаласы

14

1,5

15

2,1

5

0,8

2

0,5

11

2,9

Алматы қаласы

79

8,3

49

7,0

32

5,3

8

1,9

4

1,1

Алкогольге немесе есірткіге мас күйде көлік құралдарын басқару нәтижесінде орын алған жол-көлік оқиғаларының саны / www.stat.gov.kz

 

Елімізде Қазақстан азаматтары ғана емес, шет елдіктердің қатысуымен болатын көлік апаттары мен адам өміріне келтіретін қауіп-қатер де түйткілді сұрақ болып табылады. Нақтырақ айтатын болсақ, 2019 жылдың өзінде Қазақстанда шет елдік нөмірлі автокөліктердің қатысуымен 900-ден астам жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 58 адамның өлімі мен 314 жарақат фактісі тіркелген. Осы уақытқа дейін шет елдің нөмірімен Қазақстан территориясында жүрген автокөліктерді жауапкершілікке тарту қиынға соқса, ендігі кезекте жаңа талаптар бойынша ел аумағындағы көлік құралдары міндетті сақтандырудан өтіп, жол ережесін бұзушылықтар орын алған жағдайда айыппұлдары көрсетілген мекенжайына жолданатын болады. Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Ә.Кеңесбаевтың айтуынша, тек биылғы жылдың басынан шет елдің автокөліктер 60 мың рет жол ережесін бұзған, оларға 817 миллион теңгенің айыппұлы рәсімделген. Бірақ көрсетілген айыппұлдың тек 6,5 пайызы өндірілген, 765 миллион теңге әлі де төленбеген

 


 

бірлік

 

2012

2013

2014

2015

2016

2017

Қазақстан Республикасы

84

137

118

108

102

94

Ақмола

101

101

87

69

69

79

Ақтөбе

76

114

104

100

84

75

Алматы

79

95

96

88

108

97

Атырау

68

90

76

70

57

46

Батыс Қазақстан

81

92

64

79

71

63

Жамбыл

82

151

118

117

126

124

Қарағанды

64

76

67

63

58

53

Қостанай

80

86

83

69

50

50

Қызылорда

29

60

49

50

50

48

Маңғыстау

65

75

60

66

54

50

Оңтүстік Қазақстан

71

142

122

80

74

68

Павлодар

143

152

140

136

116

115

Солтүстік Қазақстан

66

64

54

45

40

34

Шығыс Қазақстан

80

113

105

113

105

87

Астана қаласы

65

82

90

80

82

58

Алматы қаласы

169

461

345

332

311

287


Қазақстан Республикасы халқының 100 мың адамға шаққандағы жол көлік оқиғалары / www.stat.gov.kz

 

Қолданыстағы ҚР әкімшілік іс жүргізу кодексінің 28 тарау 553-бабы бойынша, жүргізушінің алкогольден, есірткіден және (немесе) уытқұмарлықтан мас күйінде көлік құралын жүргізуі, сол сияқты көлік құралын жүргізуді алкогольден, есірткіден және (немесе)уытқұмарлықтан мас күйдегі адамға басқаруға беруі:

1. екі жыл мерзімге;

2. Авариялық ахуал туғызса - үш жыл мерзімге;

3. Адам денсаулығына зақым келсе, мүлікті бүлдірсе - төрт жыл мерзімге көлік құралын жүргізу құқығынан айыруға әкеп соғады. Осы заң бұзушылықтар қайталанса, бес жыл мерзімге жүргізу құқығынан айыру, он бес тәулікке қамау, 50 АЕК айыппұл салуға әкеп соғады. ҚР Президенті осындай заң бұзушылықтар азаймай отырғандықтан және ірі шенеуніктердің қатысуымен орын алып жатқандықтан қатаң жазалауды тапсырды.     

Аталған тапсырма дер кезінде беріліп отыр. Себебі, жол-көлік оқиғалары ең алдымен азаматтарға экономикалық шығын алып келеді. Тіпті, мемлекет те экономикалық шығынға ұшырайды. Мұндай шығындар атап айтқанда адам өмірінен айрылуы, мүгедек болуы, ауруханада емделуі, көлік құралдарын техникалық жөндеуді қамтиды. Көлік апаттарын «жылы жабу» үшін болатын парақорлық фактілері де аз емес. Жалпы, жол-көлік оқиғалары көптеген мемлекеттердің ЖІӨ 3 пайызы көлеміндегі шығын келтіреді екен.  

Екіншіден, ЖКО қатысушылар мен отбасы мүшелеріне моральдық соққы болады. Статистикалық деректер бойынша әйелдерге қарағанда жас ер азаматтар көп жағдайда көлік апатына ұшырайды. Жиырма бес жасқа дейінгі еркектер арасындағы өлім-жітім 73 пайызды құрап, дәл осы жастағы әйелдерге қарағанда 3 есе артық көрсеткішке жеткен. Жастардың жол үстіндегі оқыс оқиғалары тек экономикалық қана емес, моральдық соққы беретіні жасырын емес. Өйткені, жастардың проблемасы әдетте отбасы мүшелерін, оқу мен жұмысына да тікелей ықпал етпей қоймайды.  

Үшіншіден, адам өмірі мен денсаулығына қауіп төнеді. Ең қымбат қазына адамның өмірі мен денсаулығы болғандықтан, көлік апаттарынан келетін өмірге қауіп-қатер басқа қылмыс түрлерінен де кем болмайтынын аңғарамыз. Жыл сайын әлем бойынша 20-50 миллион адам ауыр жарақат алып, көп жағдайда мүгедектікке апарған.

 

Олжас Бейсенбай 

 


ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды