• Басты
  • Жоғары Сот судьясы: Соңғы кезде судъяларға қоғамдық қысым күшейді
23 Қазан, 2020 19:12

Жоғары Сот судьясы: Соңғы кезде судъяларға қоғамдық қысым күшейді

Қазіргі уақытта Қазақстанда барлық облыс орталықтары мен аудан, қалалардағы соттар мен Жоғары сотты қоса алғанда 2400 судья жұмыс істейді. Елімізде судъялардың жетіспеушілігі сезіледі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Жоғарғы сотының баспасөз хатшысы Айдос Садуақасов айтты. Қазақстанда судъялардың жалақысы мен мәртебесі, сот жүйесі жұмысының ашықтығы туралы Strategy2050.kz тілшісінің материалында.


Жоғары Сот судьясы: Соңғы кезде судъяларға қоғамдық қысым күшейді

Қазақстанда 2484 бірлік судъяларға орын қарастырылған. Қазіргі таңда олардың саны 2400-ді құрайды. Айдос Сәдуақасовтың айтуынша, бос орындар 14 %-ды құрап отыр.

Судъялардың еңбекақысы олардың еңбек өтіліне байланысты белгіленеді. Қазіргі кезде аудандық деңгейдегі судьялар орта есеппен 400-500 мың теңге алады. Облыстық деңгейдегі судьялардың жалақысы 600-700 мың теңге. Ал Жоғарғы соттың судьялары 800-900 мың теңге төңірегінде жалақы алады, - деді ол.

Сонымен қатар ол судьяларға ақпараттық қысымның көбейгенін айтты.

Бұл мәселе бүгін өте өзекті. Өйткені, заңды білмей жатып, түймедейді түйедей ететін блогерлердің әсері үлкен болып отыр. Бұл туралы Президенттің өзі де айтты. Өкінішке орай, кейбір кәсіби адвокаттардың өзі сот үкімі шықпай, процесс аяқталмай жатып шешімдерін халыққа таңып жатады. Судьянікі дұрыс деп шығатындарды да байқап отырмыз. Әрине, мұның бәрі заңға қайшы Қазақстан Республикасының Конституциясында нақты істерді қарау кезінде судья тәуелсіз және оған ешкімнің құқығы жоқ екендігі жазылған, - деді ол.

Айдос Сәдуақасовтың дерегінше, сот процессіне мұндай араласу болған жағдайда заң жүзінде шара қолданылады.

Бірақ, бұл заң әзірге әлсіз болып тұрған сияқты. Азаматтардың сөз бостандығын жақсы түсінеміз. Алайда, сөз бостандығын желеу қылып, судьялардың тәуелсіздігіне қол сұғуға болмайды, - деді Айдос Сәдуақасов. ҚР судьяларының VIII съезінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев судьялар бұқаралық ақпарат құралдары тарапынан жиі қысымға ұшырайтындығын айтқан болатын.

Жоғары Сот судьясы Назгүл Рахметуллина қазіргі таңда әлеуметтік желілерде резонанс тудыратын жағдайлар туралы айтты.

Сот жүйесінің барлық жұмысы ашық. Бірақ істің мән-жайын және заң талаптарын білмей, жағдайдың басқаша екендігіне қарамастан әлеуметтік желілерде жасанды резонанс жасалады. ҚР Заңдары әрбір қылмыс үшін жазалау шарасын қарастырады. Қылмыстық кодекс жеткілікті дәрежеде ырықсыз, қатаң шектеулер белгіленген, судьялар олардан аттай алмайды, - деді ол.

Ол бірнеше жағайдан мысал келтірді.

Бірнеше адам қаза тапқан жол-көлік оқиғасында санкциямен 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген, бірақ заң бойынша, егер ауырлататын мән-жайлар болмаса, судья 5 жылдан артық тағайындауға және бұл жағдайда заңды бұзуға құқысыз. Мас болу жағдайы ауырлататын жағдай бола алмайды, өйткені ол бапта жазылған. Тағы бір мысал, біздің қоғамды алаңдатарлық жайт, 122-бап - кәмелетке толған және кәмелетке толмаған жәбірленуші арасындағы ерікті жыныстық қатынас. Бұл – орташа ауыр қылмыс. Ал судья бұл істі қараған кезде, егер адам бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылмаса, заң бойынша оны бас бостандығынан айыруға құқылы емес. Себебі санкция - бостандықты шектеу, - деп түсіндірді судья.

 2019 жылы Президенттің тапсырмасы бойынша Санкциялар күшейтілген болатын. Олар: жыныстық зорлық-зомбылық, педофилия, браконьерлік және басқа да қылмыстар. Заңға енгізілген бұл түзетулер өз нәтижесінде статистикада өзгеріс байқалған. Мәселен, 2018 жылы 15 жылдан 20 жылға дейінгі мерзімге 71 адам сотталса, 2019 жылы – 78 адам, егер 2018 жылы 20 жылдан астам мерзімге осы қылмыстар үшін 2 адам сотталса, 2019 жылы – 7 адам.

Барлық жаңалықтар
3.94.21.209, 192.168.88.100