• Басты
  • Жетісайда шектеу шаралары күшейтілді
2 Сәуір, 2020 12:27

Жетісайда шектеу шаралары күшейтілді

Түркістан облысында коронавирус дертін жұқтырған 5 азамат Жетісай ауданының тұрғындары екендігі белгілі болды. Осыдан кейін аймақта сақтық әрі шектеу шаралары күшейтілді. Облыс басшысының тапсырмасымен инфекция табылған Әбдіхалық ауылы мен Жетісай қаласындағы «Садовый» мөлтекауданында карантин жарияланды, деп хабарлады Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Жетісайда шектеу шаралары күшейтілді

Аудан әкімдігі, прокуратура қызметкерлері, полиция бөлімінің инспекторларының қатысуымен қала тұрғындарына түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.

Қалаға кіретін күре жолдардың бойына 6 блок-бекеттер қойылып, кешкі сағат 19:00-ден кейін қалаға кіру тыйым салынды.

Бекітілген шектеу шараларына байланысты азық-түлік дүкендерінің жұмысы 09:00–21:00 аралығында, азық-түлік базарларының жұмысы 10:00–18:00 аралығында, қоғамдық тамақтану орындарының жұмысы 10:00–21:00 аралығында, банктер мен почта байланыс және жекеменшік нотариустардың жұмысы 10:00–16:00 аралығында, дәріханалардың жұмысы 09:00–21:00 аралығында, шаштараздар мен сән салондары және техникалық қызмет көрсету орындары 10:00–16:00 аралығында, жанармай құю бекеттері 10:00–18:00 аралығында ғана жұмыс істейтін болады.

Сонымен қатар, 2020 жылдың 1 сәуірінен бастап сағат 19:00–06:00 аралығында қала ішінде көлік және адамдардың жүрулеріне шектеу қойылды. Тәртіпке бағынбаған азаматтарға ҚР ӘҚБтК-нің 476-бабымен хаттама толтырылып, 20 АЕК көлемінде айыппұл салынады.

Қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қаланың көшелері күнделікті дезинфекцияланатын болады.

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды