• Басты
  • Жергілікті мәслихаттың елдің демократиялық қалыптасуына қосатын үлесі зор - ардагер
6 Желтоқсан, 2019 16:19

Жергілікті мәслихаттың елдің демократиялық қалыптасуына қосатын үлесі зор - ардагер

Жергілікті мәслихаттың біздің мемлекетіміздің зайырлы, демократиялық негізде қалыптасуына қосатын үлесі зор. Бұл туралы Қазақстан мәслихаттарының 25 жылдығына арналған республикалық конференцияда Түркістан облыстық мәслихатының ардагері Шалатай Мырзахметов айтты.


Жергілікті мәслихаттың елдің демократиялық қалыптасуына қосатын үлесі зор - ардагер

«Мәслихат деген сөзде терең ұғым жатыр. Ел тағдыры талқылануы керек болса, ер тағдыры таразыға түссе, бабалар міндетті түрде мәслихат құрған. Осыдан ширек ғасыр бұрын аса құрметті Елбасымыз жергілікті кеңестер орнынан жергілікті мәслихаттарды өмірге енгізгенде қазақтың ұлттық салтын ескерген болуы керек», - деді ол.

Сондай-ақ, ол Ұлттық рухтың көтерілуінің алғышарты ретінде ойластырған болса керек деді.

«Жергілікті мәслихаттың біздің мемлекетіміздің зайырлы, демократиялық негізде қалыптасуына қосатын үлесі орасан. Өйткені, ол - халық өкілдері. Ол жергілікті халықтың тыныс-тіршілігін жақсы біледі. Не керек екенін дұрыс пайымдай алады және оны атқарушы билікке жеткізіп, бірлесе отырып, дұрыс шешім қабылдануына үлес қосады», - деді Ш.Мырзахметов.

 

 

 

Барлық жаңалықтар
3.94.21.209, 192.168.88.100