• Басты
  • Жерді игере алатын адам ғана – оның иесі болуға лайық – Қ.Тоқаев
20 Желтоқсан, 2019 13:27

Жерді игере алатын адам ғана – оның иесі болуға лайық – Қ.Тоқаев

Көкейкесті мәселенің бірі – жер және оны тиімді пайдалануға қатысты екенін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық кеңестің екінші отырысында мәлімдеді, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.

Жерді игере алатын адам ғана – оның иесі болуға лайық – Қ.Тоқаев

«Жақында Ақмола облысына жасаған сапарымда ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді тиімсіз пайдалану жайына назар аудардым. Бұл бағытта менің ұстынымым – бекем. Жерді игере алатын адам ғана – оның иесі болуға лайық. Дегенмен, тәжірибе көрсетіп тұрғандай, жердің тиімсіз пайдаланып жатқанын анықтау өте қиын. Сондықтан, мұндай мәселеде асығыс шешім қабылдай алмадық», - деді ол. 

Сондай-ақ, Президенттің айтуынша, ауыл шаруашылығын пайдалануды мемлекеттік бақылау заманауи технологиялар арқылы бақылауды енгізу керектігі көрініп тұр.

«Ұлттық комиссия мүшелері пайдаланылмай жатқан және тиімсіз пайдаланылып жатқан жерді бақылау үшін ғарыштық мониторингке көшу қажеттігін атап өтті. Қазанда мен жерді қашықтықтан бақылау үшін агроөнеркәсіптік кешенді реттеу мәселелері жөнінде заңға қол қойдым», - деді ол. 

Сонымен қатар, Президент нақты заңнамалық негіз – бірінші қадам екенін атап өтті. 

«Енді ғарыштық суреттер арқылы жер иесімен шартты бұзу мүмкін болады. Сондай-ақ, тексерушілер мен инспекторлардың қатысуын барынша азайтады. Менің тапсырмам бойынша, Ауыл шаруашылығы министрлігі тиісті бұйрық әзірледі. Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Цифрлық даму министрлігі бірлесіп, жерді ғарыштық мониторинг туралы пилоттық жобаны 2020 жылдың 1 мамырына дейін әзірлесін, - деді Тоқаев.

Сонымен қатар, мемлекет басшысы игерілмеген жерді мемлекетке қайтармау үшін түрлі айла табатындардан арылу үшін "Үкімет тиісті құқықтық актілерді жедел қабылдап, игерілмей бос жатқан жерлерді экономикалық айналымға енгізу шараларын қолға алу тиіс" деп тапсырма берді.

«Бұдан басқа жерді игермегені үшін базалық салықтық мөлшерлемені 10-нан 20 есеге дейін ұлғайту керек деп есептеймін. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы жерін пайдаланбағаны үшін екі жылдан астам уақыт бойы пайдаланбағаны үшін жерді алу қажеттілігі бар. Сонымен бірге, жерді сот арқылы алып қоюдың тиімді және жедел тетіктерін қарастыру маңызды. Игерілмеген жатқан жер телімін қайтарып алу кезінде істі созбаламға салудың түрлі амал-айласы, өкінішке қарай, орын алатын болды», - деді ол. 

Оған қоса, Қ.Тоқаев осындай жағдайда жерді ешкім пайдалана алмай бос қалатынын айтты. 

«Үкімет тиісті құқықтық актілерді жедел қабылдап, игерілмей бос жатқан жерлерді экономикалық айналымға енгізу шараларын қолға алу тиіс. Мемлекет болашағына қатысты мәселе бойынша алауыздыққа жол беруге болмайды. Біз оң өзгерістерді билік пен қоғамның ортақ келісімі және сындарлы іс-әрекеті арқылы ғана жүзеге асыра аламыз. Осыны есімізден шығармайық. Еліміздің ұлтжанды азаматтары мен түрлі қоғам өкілдерін бірлесе жұмыс істеуге шақырамын, - деді Қ.Тоқаев.

Аягөз Құрмаш

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды