• Басты
  • Жем-шөппен қамту және егін жинау науқанына дайындық мәселелері

Жем-шөппен қамту және егін жинау науқанына дайындық мәселелері

18 Тамыз, 2021 10:01

Бүгін Үкімет отырысында жем-шөппен қамтамасыз ету және егін жинау науқанына дайындық мәселелері қаралды. ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин құрғақшылықтың салдарын жою үшін жедел шаралар қабылданын жеткізді. Оның мәліметінше, жем-шөп сатып алу үшін Үкімет резервінен Маңғыстау және Қызылорда облыстарына 3,6 млрд теңге бөлінген. Толығырақ Strategy2050.kz тілшісінің материалында.

Өңірлерді жем-шөппен қамтамасыз ету

Биылғы жаз ерекше құрғақ болды, соның салдарынан еліміздің батысы мен оңтүстігінде бірқатар өңірлер зардап шекті. Соның салдарынан зардап шеккен өңірлерді жем-шөппен қамтамасыз ету мәселелерін шешу үшін Жергілікті және орталық атқарушы органдардың қызметін үйлестіру жөніндегі республикалық жедел штаб жұмыс істеуде.

Үкімет басшысы жем-шөп сатып алу үшін Үкімет резервінен Маңғыстау және Қызылорда облыстарына 3,6 млрд. теңге бөлінгенін жеткізді. Сондай-ақ, жем-шөп дайындауға қосымша 43,1 мың тонна арзан дизель отыны бөлінген. Солтүстік өңірлерден жем-шөп жеткізілген. Батыс өңірлерді жем-шөппен қамтамасыз ету мәселесіне волонтерлер де атсалысуда.

«Республикадан кесек жем-шөпты шығаруға және жемдік астық экспортына квота беруге уақытша тыйым салынды. Қабылданған шаралардың арқасында жем-шөппен қамтамасыз ету мәселесі жалпы тұрақтанды », - деді Асқар Мамин.

Сонымен қатар, ол ауыл шаруашылығы министрлігі мен әкімдіктер осы бағыттағы жұмысты жалғастырып, жағдайды ерекше бақылауда ұстауы қажеттігін ескертті.

Егін жинауға дайындық мәселесі

Оның айтуынша, егін жинауға дайындық мәселесінде де жұмыстарды қаржылай және материалдық-техникалық қамтамасыз ету бойынша барлық шаралар қабылданған.

Биыл ауа-райының қолайсыздығына байланысты жетекші астық өндіруші елдерде бидай өнімділігінің төмендеуі болжанып отыр. Мәселен, АҚШ ауыл шаруашылығы министрлігінің болжамдары бойынша АҚШ-та бидай түсімі 4,4 %-ға, Канадада 32% және Ресейде 15 %-ға төмендейді деп күтілуде.

Болжам бойынша, Қазақстанда дәнді дақылдардың жеткілікті көлемі бар. Еліміз өзін астықпен толық қамтамасыз етеді деп күтілуде. Сонымен қатар 6,5-7 млн тоннаға жуық экспорттық әлеует сақталады.

«Сондықтан басты міндетіміз – егін жинауды уақтылы әрі сапалы өткізу. Жалпы мынадай мәселелерге көңіл бөлгім келеді. Элеваторлардың өнімді қабылдау мен сақтауға дайындығын қамтамасыз ету, астық қабылдау кәсіпорындарының оны сақтау үшін уақытылы қабылдауы қажет», - деді Үкімет басшысы.

Егін жинаудағы негізгі мәселелер

1. Ауыл шаруашылығы министрлігі мен облыстардың әкімдіктері қыс мезгіліне жем-шөп қорын сапалы дайындау және оның бағаларын тұрақты болуын қамтамасыз ету;

2. Егінді сапалы жинап қана қоймай, бидай сақтаудың тиісті шарттарын да бақылауда ұстау; Элеваторлардың егін қабылдау мен жинауға әзірлігін қамтамасыз ету;

3. Энергетика министрлігіне егін жинау кезінде жанар-жағар маймен уақтылы қамтамасыз ету мәселесін тұрақты бақылауда ұстау:

Барлық жаңалықтар