• Басты
  • Д.Қыдырәлі: Жемқорлықтың салдарымен емес, себебімен күресу қажет
31 Қаңтар, 2020 14:26

Д.Қыдырәлі: Жемқорлықтың салдарымен емес, себебімен күресу қажет

Елордада Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің алқа отырыс өтті. Жиынға қатысқан "Егемен Қазақстан" республикалық газеті" АҚ басқарма төрағасы Дархан Қыдырәлі жемқорлықтың салдарымен емес, себебімен күресу керектігін атап өтті, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.

Д.Қыдырәлі: Жемқорлықтың салдарымен емес, себебімен күресу қажет

Басқарма төрағасы өз сөзінде елбасы мен мемлекет басшысының жемқорлықпен күресу үшін бірқатар шараны қолға алғанын атап өтті.

"ХІІІ ғасырда өмір сүрген қоғамтану ғылымының атасы ибн Халдун былай дейді: "Қоғам да адам сияқты өнеді,  өседі,  өркендейді,  өледі. Ал сол қоғамның,  мемлекеттің өліміге себеп болатын ынсапсыздық пен ысырапшылдық". Ол кезде әрине, жемқорлық деген сөз болған жоқ. Ынсапсыздық пен ысырапшылдықтың түбірі жемқорлық екені белгілі. Елбасымыз тәуелсіздіктің елең алаңынан бастап осы індет пен күрес жөнінде тапсырмалар беріп келеді. Сондай-ақ ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев та сайлауалды бағдарламасында жемқорлықпен ымырасыз күресті басты назарға алған еді", - деді ол.

Сонымен қатар Дархан Қыдырәлі Сыбайлас жемқорлықпен күрес агенттігіне деген сенімнің артқанын атап кетті. Ол Алик Шпекпаевтың сауалнамааға қатысқандардың 70 пайызы агенттік жұмысына сенетіні жақсы көрсеткіш екендігін айтты. Сондай-ақ журналистер мен зиялы қауым өкілдерін ағартушылықпен айналысуға шақырды.

"Кейде жұрт агенттіктің жұмысына күмән келтіріп жатады. Бірақ жаңа Сыбайлас жемқорлықпен күрес агенттігінің төрғасының баяндамасынан көрдік, көрсеткіштер 70 пайызға дейін көтерілген. Алайда, қоғамның 30 пайызы әлі де күмәнмен қарайды. Сол себепті БАҚ өкілдері қоғамдық сенімді, сананы қалыптастыруда септесуі керек. Сонымен бірге журналистік зерттеу арқылы жемқорлықтың салдарымен емес,  себебімен күресу керек. Журналистер,  әсересе, зиялы қауым өкілдері себеппен күресіп, ағартушылық жұмыспен айналысуы қажет", - деп атап өтті басқарма төрағасы.

Бұдан басқа ол Сыбайлас жемқорлықпен күрес агенттігі, мемлекеттік қызметкерлер және басқа да түрлі сала өкілдері Абайдың "толық адам"  концепциясын басшылыққа алуы керектігін атап өтті.

"Осы орайда елбасымыздың "Рухани жаңғыру" бағдарламасы да өзектілігмен ерекшеленеді. Мемлекет басшысы Тоқаев та жақында "Егемен Қазақстанға" шыққан мақаласында Абайдың "толық адам"  концепциясы өмірдің барлық саласында салтанат құруы тиіс екенін баса айтты. Біздің жемқорлықпен күрес агенттігі, мемлекеттік қызметкерлер Абайдың "толық адам"  концепциясын басшылыққа алса, соның ішінде нұрлы ақыл, жылы жүрек,  ыстық қайрат  бойында болса,  алынбайтын қамал жоқ деп есептеймін", - деп аятады ол сөзін.

Назерке Сүйіндік

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды